"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 244 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!     
      Осы қаулы 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      15-1-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру санының, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларының ведомстволық есебін жүргізу.";

      16-тармақта:

      219) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "219) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің кестелерін, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін әзірлейді және бекітеді;";

      227) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "227) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;";

      236) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "236) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;";

      246) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "246) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      266), 267), 268), 269), 270) және 271) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "266) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      267) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      268) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      269) қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды орындауға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әзірлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      270) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      271) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      296) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "296) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;".

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады