"QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 252 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 203 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы";     

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары";     

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген 1-ші бөлімде:

      "Қоғамның қызметіне әсер ететін сыртқы саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторларды талдау" деген 1.1.1-кіші бөлімде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамның қызметіне әсер ететін сыртқы факторларды талдау үшін және Қоғамның даму жоспарын (бұдан әрі – Даму жоспары) іске асыру перспективаларына мынадай бағыттар бойынша PEST-талдау жүргізілді:

      1) cаяси;

      2) экономикалық;

      3) әлеуметтік;

      4) технологиялық.

      "Экономикалық факторлар" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "Экономикалық факторлар

      Даму жоспарын іске асыруға ықпал ететін және перспективада Қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жағымды экономикалық факторлардың арасында мыналарды атап өтуге болады:

      Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда іскерлік орталықтың болмауы Қоғамға шетелдік және жергілікті компанияларды тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді;

      Мемлекет басшысының ел экономикасын әртараптандыру мақсаты мен елде және Нұр-Сұлтан қаласында экономиканың елеулі өсу қарқыны орталықтың іскерлік белсенділігіне және халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсерін тигізеді, бұл өз кезегінде халықтың Қоғам көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін арттырады. The Economist Intelligence Unit болжамына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі (бұдан әрі – ЖІӨ) 2018 – 2022 жылдары 2,7 %-дан – 3,3 % аралығында өседі, ал инфляция 2022 жылы 7,5 %-дан 5,4 % -ға дейін түседі;

      тиімділікке инвестициялар, оның ішінде энергетикалық тиімділікке және еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттің 2050 жылға дейін еліміздің энергияны қажет етуінің қарқынын 50 %-ға дейін төмендету мақсатына бағытталған инвестициялар Қоғамның коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстарды төмендетуіне септігін тигізуі мүмкін;

      Нұр-Сұлтан қаласында ККІ өткізу үшін үлкен алаңдардың болмауы, сондай-ақ Қоғамның осы саладағы негізгі ойыншылармен ынтымақтасуға мүмкіндігінің болуы оның іс-шараларды өткізу алаңдарын жеткізушісі ретіндегі әлеуетін арттырады;

      Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық процесс базалық нарықтарды кеңейтеді, Нұр-Сұлтан қаласының және жалпы еліміздің іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал етеді, ККІ өткізу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

      Даму жоспарын іске асыруды қиындату тәуекелдерін арттыратын және Қоғамның қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететін теріс экономикалық факторларға мыналарды жатқызуға болады:

      ел экономикасының мұнайға айтарлықтай тәуелділігі, сондай-ақ қазба отын қорының сарқылуы және мұнай бағасының құбылмалы болуы, бұлар елдегі экономикалық жағдайға, сол арқылы Қоғам көрсететін қызметтерге деген сұранысқа (музейге, іс-шараларға, концерттерге қатысу және т.б. бару) теріс әсер етуі мүмкін;

      еліміздің салаларының технологиялардың, шикізат пен материалдардың шет елдерден жеткізілуіне айтарлықтай тәуелділігі, бұл Қоғамның құрылыс және реконструкциялау процестеріне, объектілерді басқару үшін жаңа технологияларды енгізуге, энергия тиімділігін арттыруға, "Нұр-Әлем" контентін жаңартуға және сол сияқтыларға жұмсалатын шығасыларын арттырады;

      энергия жеткізгіштер, оның ішінде балама жеткізгіштер құнының жоғарылығы, бұл қазба отынмен салыстырғанда балама энергия көздерінің көмегімен өндірілген электр энергиясының өзіндік құнын арттырады және энергетикалық сектор мен Қоғамның көмірге тәуелділігін арттырады;

      ішкі өткізу нарығының шектеулілігі, атап айтқанда коммерциялық алаңдарды жалға беру бойынша шектеулілік;

      әлемнің басқа астаналарымен салыстырғанда Нұр-Сұлтан қаласының іскерлік белсенділігінің төмен деңгейі, бұл Қоғам объектілерінің аз жүктелуіне әкеп соқтырады;

      MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығының жақын жерде орналасуы, бұл Қоғамның сауда алаңдарын жалға алушылардың көрсетілетін қызметтеріне деген сұраныстың төмендеуін ынталандырады;

      Astana Hub үшін жалдау ақысының төмендетілген мөлшерлемесі Қоғамның кірісін айтарлықтай төмендетеді;

      басқа резиденттерге жалдау ақысының мөлшерлемесін төмендету немесе оларды жалдау ақысынан босату ықтималдығы.";

      "Әлеуметтік факторлар" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік факторлар

      Даму жоспарын іске асыруға ықпал ететін және перспективада Қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жағымды әлеуметтік факторлардың арасында мыналарды атап өтуге болады:

      халықтың санасын жаңғыртуға бағытталған және музей мен қосымша іс-шараларға барудың өсуін ынталандыруға арналған "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламасын дамыту;

      Астана агломерациясының белсенді дамуы халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға және туризмді дамытуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде Қоғам көрсететін қызметтерге сұранысты арттырады;

      білім беру деңгейінің өсуі, бұл "Нұр-Әлем" сферасындағы ғылыми, интерактивті экспонаттар мен іс-шараларға деген қызығушылықты ынталандырады.

      еліміздің, әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласының демографиясының өсуі;

      туризмнің дамуы.

      Қоғамның өсуін тежейтін теріс әлеуметтік факторларға мыналарды жатқызуға болады:

      Нұр-Сұлтан қаласында үстемдік ететін шикізатқа қатысы жоқ секторда жұмыс істейтін халық табысының төмен деңгейі;

      қолдаудың және ел халқының "болашақ энергиясы" мен инновациялар тақырыбы туралы хабардар болуының төмен деңгейі, бұл "Нұр-Әлем" сферасы қызметінің әлеуетін төмендетеді;

      музейлер мен көрме іс-шараларына келушілердің аз болуы;

      мәдениет саласындағы қайырымдылық институтының даму деңгейінің төмендігі, бұл "Нұр-Әлем" сферасы кірісінің құрылымын әртараптандыруға теріс әсер етеді;

      кəсіпорындар қызметі тоқтатылған жағдайда қызметкерлерді қысқарту жəне жұмыстан босату қаупі, бұл халық табысының төмендеуіне əкеп соқтырады.";

      "Технологиялық факторлар" деген тарауда:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:     

      "Даму жоспарын іске асыруға ықпал ететін және перспективада Қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жағымды технологиялық факторлардың арасында мыналарды атап өтуге болады:

      әлемдегі жоғары технологиялардың жылдам өсуі "Нұр-Әлем" сферасының контентін жаңарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады;

      технологиялар трансфертінің дамуы Қоғамның жаңа технологияларды пайдалануы мен енгізуін жеңілдетеді;

      ақпараттық технологиялар саласының дамуы және ақпараттандыру бағдарламаларына қолжетімділіктің өсуі Қоғам қызметінің, атап айтқанда "Нұр-Әлем" сферасының қызметі мен ККІ өткізудің маңыздылығы мен құндылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыруға мүмкіндік береді;

      энергетика мен су ресурстарын үнемдеуге арналған тиімділігі жоғары заманауи технологиялардың пайда болуы Қоғамға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстарды қысқартуға мүмкіндік береді;

      өндірісте тиімділігі жоғары технологиялар мен жабдықтардың пайда болуы мен енгізілуі елдің энергетика секторында және сумен жабдықтау секторында шығасыларды қысқартуға мүмкіндік береді.

      Даму жоспарын іске асыруға теріс әсер ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады:

      елімізде жоғары технологиялы компаниялар санының жеткіліксіз болуы, бұл шет елдерден жеткізілімдерге тәуелділікті сақтап отыр;

      елдегі инженерлік және конструкторлық құзыреттердің төмен деңгейі жоғары технологиялы жаңа компанияларды құру және жоғары технологияларға қызмет көрсету мүмкіндіктеріне теріс ықпал етеді;

      инженерлік және конструкторлық институттар мен мектептердің төмен деңгейі инженерлік және конструкторлық құзыреттілік деңгейіне теріс әсер етеді;

      процестердің экологиялық қауіпсіздігі деңгейінің жоғары болмауы Қоғамның "жасыл экономика" қағидаттарын ұстану мүмкіндігін төмендетеді.";

      "Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, түйінді көрсеткіштері мен күтілетін нәтижелері" деген 3-бөлімде:

      "Қоғамның орнықты дамуы" деген 3.5-кіші бөлімде:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Елішілік құндылықты дамыту және мемлекеттік сатып алу қағидаларын қатаң сақтау Қоғамның бизнесін дамытудың басым аспектісі болып табылады. Қажет болған жағдайда Қоғам өзі үшін қажетті көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту мақсатында тренингтер мен оқыту бағдарламаларын жүргізеді.";

      "Тәуекелдерді басқару жүйесі" деген 4-бөлімде:

      "Стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелдері" деген 4.3-кіші бөлімде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.3. "Стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелдері"

      Даму жоспарын табысты іске асыру мақсатында нысаналы стратегиялық көрсеткіштерге қызметтің алты негізгі бағытының шеңберінде қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет:

      1) "Нұр-Әлем" сферасының жаңа іскерлік орталықтың символы және туристерді тарту нүктесі ретінде жұмыс істеуі:

      Сфераның толтырылуы – келудің нысаналы мәніне қол жеткізу;

      Сфера кірістерінің құрылымындағы қосымша кіріс;

      2) сервистік көрсетілетін қызметтерді коммерцияландыруды қоса алғанда, объектілер мен мүлікті басқару:

      коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқару жөніндегі қызметтің кірістілігі жалдау ақысының мөлшерлемелерін басқарудан, объектілердің толтырылуын қамтамасыз етуден және объектілерді ұстау шығыстарын оңтайландырудан тұрады;

      3) ККІ өткізу және халықаралық іс-шараларға қатысу:

      ККІ бағыты шеңберінде қызметтің кірістілігі барынша жоғары кіріс әкелетін іс-шараларды басқару мен таңдаудан тұрады;

      4) инвестициялық жобаларды іске асыру:

      инвестициялық жобаларды табысты аяқтау;

      нысаналы ақша қаражатын алу;

      5) Қоғамның орнықты дамуы:

      әлеуметтік жауапкершілікті арттыру кадрлардың тұрақтамауын басқарудан және персоналдың барынша жұмылуын қамтамасыз етуден тұрады;

      Қоғамның трансформациясы бизнес-процестердің және ұйымдық құрылымның нысаналы моделіне көшуден, сондай-ақ қызметтің тиімділік көрсеткіштерінің оңтайландырылған жүйесін енгізуден тұрады;

      оң EBITDA margin қамтамасыз ету арқылы операциялық шығынсыздыққа қол жеткізу;

      6) сауда-экономикалық ынтымақтастық орталықтарының инфрақұрылымын салу және басқару:

      жер учаскелерін алу;

      инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру.";

      "Стратегиялық бастамаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың орындалмау тәуекелдері" деген 4.4-кіші бөлімде:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзектілендірілген Даму жоспарының шеңберінде қызметтің алты түйінді бағытын атап көрсетуге болады:

      "Нұр Әлем" сферасының жаңа іскерлік орталық символы және туристерді тарту нүктесі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      сервистік көрсетілетін қызметтерді коммерцияландыруды қоса алғанда, объектілер мен мүлікті басқару;

      ККІ өткізу және халықаралық іс-шараларға қатысу;

      инвестициялық жобаларды іске асыру;

      Қоғамның орнықты дамуы;

      сауда-экономикалық ынтымақтастық орталықтарының инфрақұрылымын салу және басқару.";

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  "QazExpoCongress" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2015 – 2024
жылдарға арналған даму
жоспарына
1-қосымша";

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  "QazExpoCongress" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2015 – 2024
жылдарға арналған даму
жоспарына
2-қосымша";

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  "QazExpoCongress" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2015 – 2024
жылдарға арналған даму
жоспарына
3-қосымша";

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  "QazExpoCongress" ұлттық
  компаниясы" акционерлік
  қоғамының 2015 – 2024
  жылдарға арналған даму
  жоспарына
  4-қосымша";

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 5-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  "QazExpoCongress" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2015 – 2024
жылдарға арналған даму
жоспарына
5-қосымша";

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 – 2018 жылдар кезеңінде Қоғамның 2 стратегиялық бағыты айқындалған болатын:

      1-ші стратегиялық бағыт. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу және "Болашақ энергиясы" технологияларын дамыту үшін инновациялық инфрақұрылым құру.

      2-ші стратегиялық бағыт. ЭКСПО-2017 мұрасын пайдалану

      Бұл ретте Даму жоспарының осы кезеңге (2015 – 2018 жылдарға) арналған ПӘК картасы 1-кестеде келтірілген.";

      "Даму стратегиясының алдыңғы нұсқасының стратегиялық мақсаттарына арналған ПӘК картасы" деген 1-кестеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-кесте. Даму жоспарының алдыңғы нұсқасының стратегиялық мақсаттарына арналған ПӘК картасы";

      "Компанияның даму стратегиясының мақсаттары" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Компанияның Даму жоспарының мақсаттары";

      "Компанияның даму стратегиясының міндеттері" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Компанияның Даму жоспарының міндеттері";

      "Компанияның даму стратегиясының түйінді көрсеткіштері (сандық немесе сапалық)" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Компанияның Даму жоспарының түйінді көрсеткіштері (сандық немесе сапалық)";

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Даму жоспарының ПӘК деректерін іске асыру шеңберінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:";

      "QazЕxpoCongress" ҰК" АҚ стратегиялық картасындағы түйінді ұлттық индикаторлардың декомпозициясы" деген 3-кестеде:

      "QazExpoCongress" ҰК" АҚ 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "QazExpoCongress" ҰК" АҚ 2015 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары";

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2015 – 2024 жылдарға арналған даму стратегиясына 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "

  "QazExpoCongress" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының 2015 – 2024
жылдарға арналған даму
жоспарына
6-қосымша".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады