Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 150 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықовқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.";
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама жобасында:
3-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Түркия Республикасының Үкіметінен – Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрлігі осы Хаттаманы iске асыру жөніндегі уәкiлеттi органдар болып табылады.";
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап
Дауларды реттеу
Осы Хаттаманың ережелерін қолдануға және (немесе) түсіндіруге қатысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі және шешу үшін ешқандай ұлттық, халықаралық сотқа немесе үшінші тарапқа берілмейді.";
11-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынғаннан кейін 30 (отызыншы) күні күшіне енеді.
2. Осы Хаттама 5 (бес) жыл мерзімге жасалады және, егер Тараптардың бірі екінші Тарапты өзінің оның қолданысын ұзартпау ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етпесе, оның қолданысы бір жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады. Мұндай жағдайда осы Хаттама осындай хабарлама алынған күннен бастап 90 (тоқсан) күн өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |