"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 272 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 20-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Азаматтың банкроттығы";

      56-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      2) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Азаматтың банкроттығы

      1. Кредитордың (кредиторлардың) талаптарын қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде азаматқа Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттармен және тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімі қолданылады.

      2. Осы баптың күші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      3) 56-бап алып тасталсын;

      2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      728-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктерге және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көзделген тәртіппен банкроттықтың соттан тыс рәсімінің аяқталғаны және сот банкроттығы рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде жеке тұлғаға қарыз беруге тыйым салынады.".

      3. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу

      1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген не "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көзделген тәртіппен ерлі-зайыптылардың біреуінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімі шеңберінде мүлкінен өндіріп алған жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.".

      4. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) мазмұнында 355-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "355-бап. Азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот

      банкроттығы, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін

      қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ

      оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi қарау";

      2) 35-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері, сот банкроттығы рәсімдері, оңалту рәсімі және заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді банкроттығы рәсімдері шеңберінде туындамайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, оңалтуды, банкроттықты немесе қаржыны басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді, соттылығы осы Кодекстің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, оңалту рәсімін қолдану туралы, борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарған судья қарайды.";

      3) 302-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту, олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы;";

      4) 355-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "355-бап. Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және

      банкроттығы, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың

      берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың

      банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай

      тарату туралы iстердi қарау

      Сот азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.";

      5) 434-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы, оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) мынадай мазмұндағы 8-1-баптың 2-1-тармақшасымен толықтырылсын:

      "2-1. Банк соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған және жеке тұлға банкрот деп танылған немесе "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көзделген тәртіппен оған қатысты сот банкроттығы рәсімі аяқталғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде жеке тұлғаға банктік қарыздар беруге, сондай-ақ мұндай тұлғаларды жеке және заңды тұлғалардың банктік қарыз шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түрінде қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы.";

      2) 36-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мына редакцияда жазылсын:

      "2. Осы бабтың 1-тармағында және 34-1-бабының 7-тармағында көзделген хабарламалардан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), сондай-ақ "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көзделген тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй төлемдерін пайдаланған есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түрінде тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарымен енгізілген ақшаны, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушыларының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттарындағы ақшаны, "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне қатысты сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс қозғалған қарыз алушы-жеке тұлғаның кез келген банктік шоттындағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.";

      2-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшаның талаптары "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарыз алушы – жеке тұлғаға қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдерін қолдану жағдайларына қолданылмайды.";

      3) 50-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы и) тармақшамен толықтырылсын:

      "и) қаржы басқарушысына өзіне қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ прокурордың санкциясымен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішіндегі кезеңге осындай шоттар бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға рәсім жүргізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт және рәсімді қолдану туралы іс қозғау туралы соттың ұйғарымы қоса беріледі.".

      6. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-бап мынадай мазмұндағы 18-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған немесе оның қолданысы тоқтатылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы уәкілетті органға жібереді;".

      7. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) қаржы басқарушысына төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғалар бойынша прокурордың санкциясымен ұсынылады.".

      8. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 13-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы немесе кредиттік тарих субъектісінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп танылуы туралы мәліметтерді қамтитын кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;";

      2) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы уәкілетті орган;";

      3) 20-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы уәкілетті орган, қаржы басқарушысы;";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар жеке тұлғаға қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс қозғалған, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген жеке тұлға туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.".

      9. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасы азаматын төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі және сот банкроттығы рәсімі шеңберінде қаржы басқарушыларының;".

      10. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 42-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс қозғаған, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімін бастаған;";

      2) 44-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға немесе оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылғанға, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін;";

      3) 47-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

      "6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі немесе оңалту жоспарын бекіту немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;".

      11. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      56-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көзделген төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдерінде борышкер болып табылады.".

      12. "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мына мазмұндағы 1-5-тармақшамен толықтырылсын:

      "1-5. Микроқаржы ұйымы "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот банкроттығы рәсімі аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде жеке тұлғаға микрокредиттер беруге құқылы емес.".

      2) 21-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы уәкілетті органға, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс қозғалған жеке тұлғалар бойынша қаржы басқарушысына беріледі.".

      13. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-бап мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-4) Қазақстан Республикасы азаматының соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану алдындағы үш жылға дейінгі кезеңде дербес деректерді пайдалану қағидаттарына негізделеді;".

      14. "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) мазмұнында 109-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "109-бап. Банкроттың міндеттемелерін тоқтату және оның міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы";

      2) 11-баптың 2-тармағының 2), 6) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сот банкроттық немесе оңалту туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап, ал осы Заңда көзделген жағдайларда - әкімші тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа және әкімшіге қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингтегі мүлік туралы, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмірлері және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тұрған жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді беруге;";

      "6) оңалтуды басқарушыға тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілеуші құжаттарды, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;";

      "11) құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, оңалту рәсімін жүргізу кезінде кез келген кредиторға оның жазбаша нысандағы сұрау салуы және (немесе) электрондық құжаттағы негізінде сұрау салуы алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруге;";

      3) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушылардың өзара іс-қимылы

      Оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушылар өзара іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық тәсілде жүзеге асыруға құқылы.

      Оңалту және банкроттық рәсімдеріне қатысушылар электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасау кезінде уәкілетті органның интернет-ресурсының веб-қосымшасын пайдаланады.

      Уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылған электрондық құжат электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады және белгіленген электрондық форматта беріледі.";

      4) 18-бапта:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның интернет-порталының веб-қосымшасы арқылы жіберілген күннен бастап табыс етілген болып есептеледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберілген уәкілетті органға жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қарсылық жіберуге құқылы.

      Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда уәкілетті орган жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында шешім шығарады және оны осы баптың 3-тармағында көзделген тәсілдердің бірімен бақылау субъектісіне жібереді.";

      5) 25-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) кредиторлар жиналысы өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-порталының веб-қосымшасы арқылы электрондық құжат нысанындағы хабарламаны жіберу тәсілдерінің бірі кредиторларды, сондай-ақ кредиторлар жиналысына қатысуға құқығы бар өзге де адамдарды тиісінше хабардар ету болып танылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәсілмен кредиторды хабардар ету мүмкін болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшыларында белгіленген тәсіл мұндай кредиторды тиісінше хабардар ету деп танылады.";

      6) 26-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жиналыстың күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру кезінде кредиторлар өз дауыстарын "жақтап" немесе "қарсымын" деген сөздермен білдіреді.";

      7) 28-4-баптың 8-1-тармағы мына редакцияда жазылсын:

      "8-1. Келісім бұзылған жағдайда берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі, ал осы Заңның 28-5-бабына сәйкес басталған салдардың күші берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы сот шешімі не талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, даудың нысанасы бойынша партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімді, оның ішінде берешекті жаңа шарттарда қайта құрылымдау туралы келісім жасасуды бекітуге байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.";

      8) 72-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер оңалту туралы іс дара кәсіпкерге қатысты қозғалған жағдайда, кредиторлардың оның кәсіпкерлік қызметінен туындамайтын талаптары да мәлімделуі тиіс.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уақытша әкімші оңалту туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымын шығарған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберуге міндетті.";

      9) 73-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкердің мүлкін сату кезінде электрондық аукционды өткізу тәртібі мен ұйымдастырушы осы Заңның 99-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен айқындалады.";

      10) 88-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;

      11) 90-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер банкроттық туралы іс дара кәсіпкерге қатысты қозғалған жағдайда, кредиторлардың оның кәсіпкерлік қызметінен туындайтын талаптары да мәлімделуі тиіс.";

      12) 97-тармақтың 3) тармағының үшінші бөлігінде "уақытша" деген сөз "банкроттықты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кредиторлардың бірінші жиналысы:

      уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке бағалау жүргізу;

      кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын берген тұлғалар арасынан осындай мүлікті бағалаушыны таңдау туралы шешім қабылдайды.";

      14) 104-1-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уақытша басқарушы сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын қабылдау туралы ақпараттық хабарламаны уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган ақпараттық хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

      Банкроттықты басқарушы тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде кредиторлардың бірінші жиналысында таңдалған бағалаушының кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуін қамтамасыз етеді.

      2. Банкроттықты басқарушы кепілге салынған мүлікті бағалау нәтижелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кепілді кредиторға пошта арқылы тапсырыс хатпен осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді кредитор өтеуге жататын соманы көрсете отырып, кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсыныспен бірге кепілге салынған мүлікті бағалау нәтижелерін жібереді.";

      7-тармақтың 2) тармақшасында "уақытша" деген сөз "банкроттықты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 109-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "109-бап. Банкроттың міндеттемелерін тоқтату және оның міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот заңды тұлғаның міндеттемелері тоқтатылады.

      Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын талаптардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеке сипаттағы өзге де міндеттемелерден басқа, дара кәсіпкердің банкрот міндеттемелері тоқтатылады.";

      16) 110-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Дара кәсіпкердің банкроттық рәсімін жүргізу кезінде банкроттықты басқарушы қорытынды есепке банкроттың міндеттемелерін тоқтату туралы немесе осындай тоқтатудан бас тарту туралы мәселені қарау кезінде дәлелдемелер ретінде соттың зерттеуіне жататын "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңда көзделген мән-жайлардың болуы (болмауы) туралы қорытындыны қоса береді.".

      15. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-қосымша мынадай мазмұндағы 52-1-жолмен толықтырылсын:

      "52-1. Қаржыны басқарушы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.".

      16. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-баптың 10-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" және "Оңалту және банкроттық туралы"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіне қатысты рәсімдерді қолдану туралы іс қозғалған республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын сомадағы қарыз алушы жеке тұлғаның банктік шоттарындағы ақшаға (борышкердің асырауындағы адамдардың саны ескеріле отырып);

      11) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақшаны есепке алу және сот банкроттығы рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаржы басқарушысының банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      2) 46-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-2) "Оңалту және банкроттық туралы" және "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен өзіне қатысты банкроттық туралы іс қозғалған борышкердің банктік шотына банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап қойылған жағдайда;".

      2-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады