"Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 278 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 202 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бюджеттеріне және Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттарында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысында көзделген 224 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 8081866000 (сегіз миллиард сексен бір миллион сегіз жүз алпыс алты мың) теңге сомасындағы және 042 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 37940000 (отыз жеті миллион тоғыз жүз қырық мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға 2021 жылға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады