"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 291 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі):

      1) 88-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      1) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды өндіруді;

      2) бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектердің қоспаларын, экологиялық отынды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді;";

      2) 215-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Төтенше жағдайлар нәтижесінде не төтенше жағдайдың әсері болып жатқан кезеңде бүлінген, жоғалған жағдайда қосылған құн салығын төлеуші салықтық тіркелімді жасайды, онда осы баптың 3-тармағында көзделген мәліметтер және мынадай деректер:

      1) тауардың атауы;

      2) есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;

      3) тауардың теңгерімдік құны;

      4) мұндай тауар бойынша бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылғандығы негізге алынатын құжат деректемелер (атауы, нөмірі, күні, сондай-ақ тауарлардың қосылған құн салығынсыз құны (салық салынатын айналым мөлшері) көрсетіледі.";

      3) 241-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай дивидендтерді есепке алу күнінен бастап;";

      мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:

      "28) жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде келтірілген мүліктік зиянды өтеуге салық төлеушіні аталған жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджетінен және (немесе) қордан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері алған ақшалай қаражат сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

      "29) салық төлеушіні тізілімге енгізу кезінде жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімімен расталған, 2022 жылғы қаңтарда болған жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде алынған, аталған жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын залал сомасы - осы Кодекстің 243-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілері шегерімді қолдану кезінде төрт еселенген мөлшерде.";

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасында бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі алған.";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген қор биржасының ресми тізімінде осындай дивидендтерді есепке жазу күніне орналасқан бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтерге қолданылмайды.";

      27) тармақшаның төртінші абзацындағы "кіріс алып тасталуға жатады." деген сөздер "кіріс;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі алған дивидендтер алып тасталуға жатпайды. Бұл ретте, осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасында айқындалған шарттар орындалған кезде дивидендтерге қолданылмайды.";

      4) 243-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде ірі кәсіпкерлік субъектісі шеккен тауарлардың бүлінуі, жоғалуы салық төлеушіні аталған жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізу кезінде жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның шешімімен расталған, 2022 жылғы қаңтарда болған жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде алынған залал сомасында шегерімге жатады. Бұл ретте шегерімге жатқызылатын алынған ақша қаражатының сомасындағы тауарлардың бүлінуі, жоғалуы осы тауарлардың баланстық құнынан аспауға тиіс.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелерін төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының бюджетінен және (немесе) Қордың бюджетінен ақшалай қаражат алынған мүлік бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қолданбайды.";

      5) 264-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Кодекстің 243-бабы 1-тармағының 2-бөлігінде көзделген жагдайларды қоспағанда, кіріс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;";

      22) тармақшадағы "шығыстары шегерімге жатпайды." деген сөздер "шығыстары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

      "23) өзара байланысты бейрезидент тараптан басқарушылық, констультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, инжинирингтік, агенттік қызметтерді, роялти, ноу-хау ұсыну, ақпараттарды ұсыну және (немесе) өңдеу бойынша қызметгерді, ақпараттандыру объектілеріне және интернет-ресурстарға қол жеткізуді, техникалық қызмет көрсетуді, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартуды, зияткерлік меншік обьектілерін пайдалануға құқықтар беруді сатып алу бойынша шығындар.

      Осы тармақшаның мақсатында өзара байланысты тараптар деп:

      осы Кодекстің 1-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар;

      басқа заңды тұлғамен бірге компаниялардың бір тобына кіретін заңды тұлға танылады.

      Осы баптың мақсатында компаниялар тобы деп бас компанияны және компанияларды, осындай бас компания Тікелей немесе жанама иеленетін акцияларды, қатысу үлестерін және өзге де үлестік құралдарды қамтитын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құрылымы түсініледі;

      жеке және (немесе) заңды тұлғалар, мұндай тұлғалар арасындағы қатынастар осы бөлікте көрсетілген шарттарға қарамастан, өзара байланыстылық белгілеріне ие болған кезде. Бұл ретте салық төлеуші өзара байланысты танымаған жағдайда, мұндай тануды салық органының талап қоюы негізінде сот белгілейді.";

      6) 270-бапта:

      8-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "Егер осы баптың 8-1-тармағында өзгеше көзделмесе, өздеріне байланысты активтің бухгалтерлік есепке алуда танылуы тоқтатылатын тіркелген активтер жоғалған, бүлінген кезде:

      1) тіркелген активтер сақтандырылған жағдайларда - кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;

      2) I топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;

      3) I топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Оларға байланысты активті бухгалтерлік есепке алуда танылу тоқтатылатын тіркелген активтер жоғалған, бүлінген кезде осы Кодекстің 241-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көзделген ақшалай қаражатын алу арқылы осындай тіркелген активтердің құны өтелген жағдайда, кіші топтың (топтың) құндық балансы көрсетілген ақша қаражатының сомасына тең құнға азайтылады.";

      7) 288-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) бейрезидент-өзара байланыс тарапынан басқарушылық, консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), инжинирингтік, агенттік қызметтерді, роялти, ақпаратты ұсыну және (немесе) өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, ақпараттандыру объектілеріне және интернет- ресурстарға қол жеткізу, техникалық қызмет көрсету, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту, зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқықтар беру қызметгерін сатып алғаны үшін оларға кірістерді төлеу бойынша шығындар, - салық салынатын табыстың 3 пайызынан аспайтын жалпы сома мөлшерінде.

      Осы тармақшаның мақсатында өзара байланысты тараптар деп, осы Кодекстің 246-бабының 23-тармақшасында көрсетілген өзара байланысты тараптар танылады.;";

      8) 307-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      9) 320-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      10) 341-баптың 1-тармағында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бағалы қағаздар бойынша сыйақылар есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болған осындай сыйақылар;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      17) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде келтірілген материалдық залалды өтеу түріндегі мүліктің құны;";

      11) 404-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:

      "төтенше жағдайлардың салдарынан" деген сөздер "және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту мыналар:

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактісін растайтын құжаты;

      осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салық тіркелімінде көрсетілген мәліметтері бар тауарлар бойынша төтенше жағдайдың туындау фактісі туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растауы болған кезде жүргізілмейді:

      Төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша салық төлеушіні жәбірленуші деп тану туралы қылмыстық қудалауды жүргізетін органның мыналар:

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактісін растайтын құжаты;

      осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салық тіркелімінде көрсетілген мәліметтері бар тауарлар (олар бойынша төтенше жағдайды енгізу кезеңінде келтірілген мүліктік зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының бюджетінен және (немесе) қорлардан алынған тауарларды қоспағанда) бойынша қаулысының көшірмесі болған кезде жүргізілмейді.";

      12) 427-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі" деген сөздер "бес жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі" деген сөздер "бес жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 434-баптың 2-тармағында:

      3) тармақшаның бірінші бөлігі мынандай редакцияда жазылсын:

      "3) салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастау кезінде шикізат экспорттаушыларының қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

      Шикізат экспорттаушыларының осы тармақшада көзделген тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      бесінші абзацы оныншы бөліктің мынандай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін, салықтық кезеңінде түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастау кезінде шикізатты экспорттаушылар үшін - есепті салықтық кезең үшін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтаруға жатады.";

      14) 444-баптың 2-тармағының бесінші бөлігіндегі "Еуразиялық экономнкалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды" деген сөздер "импортталатын тауарлардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 462-баптың бірінші бөлігінде 5) тармақшадағы "көмірсулардың" деген сөз "көмірсутектерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 463-баптың 4-тармағының 1) тармақшасында: кестеде:

      14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

15 900 теңге/1 000 дана

15

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

15 900 тецге/1 000 дана

      ";

      16, 18, 21 және 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

2402-ден

Сигариллалар

15 900 тецге/ 1 000 дана

18

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

14 150 теңге/ килограмм

      жалғасы

21

2403-тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

30 478 теңге/1 кг темекі қоспасы

22

2402-ден

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

55 теңге/ сұйықтық миллилитрі

      ";

      17) 464-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы "көмірсулардың" деген сөз "көмірсутектердің" деген сезбен ауыстырылсын;

      18) 466-баптың екінші бөлігіндегі "көмірсулардың" деген сөз "көмірсутектердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19) 468-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "төтенше оқиғалар" деген сөздерден кейін ", төтенше жағдайлар" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 469-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы және 3-тармағының 1) тармақшасы "төтенше оқиғалар," деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 470-бапта "көмірсулардың" деген сөз "көмірсутектердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 595-баптың 2-тармағындағы кесте мынадай мазмұндағы 9-1-жолмен толықтырылсын:

      "

9-1.

Геостанциялық емес спутниктерді пайдалана отырып, спутниктік байланыс (бір қабылдау-беру құрылғысына, қабылдауға белдеуі 2МГц/беру 2МГц болатын ені үшін)

Қазақстан Республикасы

1

      ";

      23) 606-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "606-3-бап. Төлемақы мөлшерлемесі

      1. Төлемақының мөлшерлемесі есепті кезеңдегі электр энергиясының орташа бағасына байланысты айқындалады.

      Есепті кезеңдегі электр энергиясының орташа бағасының келесі диапазоны кезінде:

      5-10 теңге аралығында төлемақының мөлшерлемесі 10 теңге;

      10-15 теңге аралығында төлемақының мөлшерлемесі 7 теңге;

      15-20 теңге аралығында төлемақының мөлшерлемесі 5 теңге;

      20-25 теңге аралығында төлемақының мөлшерлемесі 3 теңге;

      25 теңге және одан артық болғанда төлемақының молшерлемесі 1 теңге. 2. Электр энергиясының құнына қарамастан, қалпына келтірілетін электр энергиясы көздерін пайдалану кезінде цифрлық майнингті жүзеге асыру барысында тұтынылған 1 киловатт-сағатына толемақының мөлшерлемесі 1 теңгені құрайды.";

      24) 645-бап 9-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, осындай сыйақыларды есептеген күнінен қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;";

      4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      25) 646-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "2) - 5)" деген сандар "2) - 6)"деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспаганда, бейрезиденттің дивидендтер түріндегі кірістер бір мезгілде мынадай шарттар:

      дивидендтер есептелетін күні салық телеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлғаның активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі дивидендтер төлеу күніне 50 пайыздан аспауы орындалған кезде 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

      Егер осы кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғаны қоспағанда, дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет ол бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізген жағдайда, онда осы тармақтың ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан да көп пайызды құраса, онда осы тармақтың ережесі қолданылмайды;

      егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақтың ережесі дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.

      Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса немесе осы заңды тұлғалардың құрылтайшылары (меншік иелері) сол бір тұлғалар болып табылатын жағдайда бір заңды тұлға басқа заңды тұлғадан сатып алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақтың ережелері бұрын корпоративтік табыс салығы салынған және резидент заңды тұлғадан:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;

      резидент заңды тұлға өзіндік құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың кірістің бір бөлігі;

      құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлікті қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы резидент-заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған кірістерге ғана қолданылады.

      Бұл ретте дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      Осы тармақтың мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      5. Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген, жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бейрезиденттің жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғалар төлейтін дивидендтер түріндегі кірістері мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      дивидендтер есептелетін күні бейрезидент - салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;

      резидент болып табылатын, дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушы-занды тұлға дивидендтер есептелген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі ай кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда өндірілген минералды шикізаттың кемінде 70 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыраса 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады

      Егер осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғаны қоспағанда, резидент болып табылатын, дивидендтер төлейтін жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізсе, онда осы тармақтың ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан да көп пайызды құраса, онда осы тармақтың ережесі қолданылмайды;

      егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақтың ережесі дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.

      Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдерін ескере отырып, жиынтық түрде айқындалады.

      Осы тармақтың мақсатында көмірді қоса алғанда кейінгі қайта өңдеуге жіберілген, минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өндеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруге пайдаланылған тауарлар жатады.

      Осы тармақтың ережелері бұрын корпоративтік табыс салығы салынған және резидент - заңды тұлғадан:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;

      резидент - заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;

      құрылтайшы, қатысушы жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлікті қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы резидент-заңды тұлғадағы қатысу үлесін алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде алынған кірістерге ғана қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент - заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      Осы баптың 4 және 5-тармақтарының мақсатында бұрын корпоративтік табыс салығы салынған кірістер мынадай тәртіппен айқындалады:

      осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кіріс, алу

      осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісті көбейту арқылы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.

      Бұрын корпоративтік табыс салығы салынған табыс кіріс дивидендтер бөлінетін әрбір салықтық кезең үшін айқындалады.

      Бұл ретте бұрын корпоративтік табыс салығы салынған кірісті айқындау кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша төленген аванстық төлемдер сомасы ескерілмейді.

      Осы Кодекстің 314-бабында көрсетілген салықтық кезең аяқталғанға дейін дивидендтер бөлінген және төленген жағдайда салық агентінің осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелерін қолдануға құқығы жоқ.

      Бұл ретте тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген шарттар орындалған кезде салық агенті осы Кодекстің 211-бабында белгіленген тәртіппен бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Корпоративтік табыс салығының артық төленген сомасы туындаған кезде салық агентінің осы Кодекстің 11-тарауының 1-параграфында көзделген тәртіппен осындай соманы есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге құқығы бар.

      6. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, осындай дивидендтерді қор биржасының ресми тізімінде есептеген күнінен тұрған дивидендтер түріндегі кірістеріне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады.";

      26) 654-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде осындай сыйақыларды есепке жазу күніне болатын бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;";

      4) тармақшасы алып тасталсын;

      27) 681-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы "қаралмайды" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянды өтеуге шағын бизнес субъектілері Қазақстан Республикасының бюджетінен және (немесе) қорлардан алған ақшалай қаражат сомасы қаралмайды.";

      28) 745-баптың 6-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген минералды шикізатты қоспағанда, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне сай келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) өнімдік ерітінділерден алынған уран құны - бекітілген коэффициентке сәйкес фунттарды килограмға ауыстыру ескеріле отырып, салықтық кезеңнің әрбір айы үшін табиғи уран концентраты (U308) нысанындағы уран фунты үшін шетел валютасындағы айлық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнінің және тиісті салықтық кезең үшін шетел валютасының орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретінде мынадай формула бойынша айқындалатын табиғи уран концентраты (U308) нысанындағы уран килограмы үшін орташа өлшемді баға негізінде айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін табиғи уран концентраты (U308) нысанындағы уран фунты үшін баға белгіленімі АҚШ-тың "Ux Consulting LLC" компаниясының "The The Weekly" және АҚШ-тың "Nuclear Market Review" компаниясының "TradeTech LLC" дерек көздерінде жарияланатын ақпарат негізінде айдың соңғы күні шетел валютасында қолданылатын табиғи уран концентраты (U308) фунтына споттық бағаның айлық индикаторын білдіреді.

      Жоғарыда көрсетілген қандай да бір дерек көзде табиғи уран концентраты бағасының белгіленімі туралы ақпарат болмаған кезде осындай белгіленім бар жоғарыда көрсетілген дерек көздің бағасы пайдаланылады.

      Жоғарыда көрсетілген екі дерек көзде де табиғи уран концентраты бағасының белгіленімі туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дерек көздердің деректері бойынша жүргізіледі.

      Табиғи уран концентраты нысанындағы уранның килограмы үшін орташа өлшемді баға мынадай формула бойынша айқындалады:

      PI +Р2 + РЗ

      S = _________________      x К x E,

      3

      мұнда:

      S - салықтық кезең үшін табиғи уран концентраты нысанындағы уранның бір килограмы үшін орташа өлшемді бағасы;

      P1, Р2, РЗ - салық кезеңі ішінде әрбір ай үшін дерек көздерден багалардың орташа арифметикалық белгіленімі;

      Бағалардың орташа арифметикалық айлық белгіленімі мына формула бойынша айқындалады:

      БК + Dn

      Pn ___________,

      2

      мұнда:

      Рn - бағалардың орташа арифметикалық белгіленімі;

      Cn - "Ux Weekly" "Ux Consulting LLC" дерек көзінен есепті кезеңнің тиісті айының соңғы күніне табиғи уран концентраты фунты үшін баға айлық белгіленімінің мәні;

      Dn - "the Nuclear Market Review" "TradeTech LLC" дерек көзінен есепті кезеңнің тиісті айының соңғы күніне табиғи уран концентраты (Exchange Value) фунты үшін баға айлық белгіленімінің мәні;

      К 2,59978 мөлшерінде белгіленген фунтты килограмға ауыстыру коэффициенті.

      Е - тиісті салықтық кезең үшін шетел валютасын айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы.";

      29)      746-бапта

      кестенің 1, 2 және 3-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Қара, түсті және радиоактивті металдар кені

Хром кені (концентрат)

21,06%

Марганец, темір-марганец кені (концентрат)

3,25%

Темір кені (концентрат)

3,64%

Уран (өнімді ерітінділерден алынған, шахталық әдіс)

6%

2.

Металдар

Мыс

8,55%

Мырыш

10,5%



Қорғасын

10,4%

Алтын, күміс

7,5%

Платина, палладий

6,5%

Алюминий

0,38%

Қалайы

3,9%

Никель

7,8%

Құрамында металдар бар

Ванадий

5,20%

3.

минералды
шикізат

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

7,8%

      ";

      кестенің 9-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      ".

9

Жанатын, химиялық және
Агрономиялық минералдық шикізат

Кокстелетін тас көмір, антрацит

4,05%

Тас көмір (кокстелетін және антрациттен басқа), қоңыр кемір, жанғыш тақтатастар

2,7%

Фосфориттер

4,00%

Бораттар, оның ішінде бор ангидриті

3,50%

Калий және калий-магний тұздары

6,00%

Барит

4,50%

Тальк

2,00%

Гипс

5,60%

Күкірт

6,00%

Флюориттер

3,00%

Воластанит

3,50%

Шунгит

2,00%

Графит және басқалар

3,5%

      ";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте өндірілген тас көмірге (кокстелетін және антрациттен басқа), қоңыр көмірге, жанғыш тақтатастарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының осы бапта белгіленген мөлшерлемесіне мынадай жағдайларда:";

      үшінші, тертінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыз мөлшерлеме бойынша төленеді:

      1) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалар мен минералдық шикізаттың барлық түрлеріне.

      Пайдалы қазбаларды өндіруге салық мөлшерлемесі 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған редакциядағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарымен белгіленген мөлшерлеме және салық салу базасы бойынша есептелген роялти мөлшерінде белгіленетін өндіру рентабельділігі төмен кен орындарында өндіру баланстан тыс оның және қорлардың құрамынан жүзеге асырылатын пайдалы қазбаларды және минералдық шикізатты өткізу жағдайларын қоспағанда, баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбалар мен минералдық шикізатты өткізген жағдайда пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі пайдалы қазбаларды құрамынан өткізген жағдайда 0 пайыз мөлшерінде қолданылмайды.

      Бұл ретте осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынған өткізілген пайдалы қазбалардың және минералдық шикізаттың бүкіл көлемі үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу осындай өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде жүзеге асырылады;

      2) пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған лицензий шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде рентабельділікке 15 пайыз қол жеткізу кезеңіне, бірақ барлау кезеңі мен өндірудің бастапқы жүз жиырма айынан аспайтын мерзімге:

      пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған лицензия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілді;

      пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия берілген аумақ 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілген аумаққа жатпайды.

      Осы тармақшаның мақсатында 15 пайыз рентабельділікке қол жеткізу деп пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған лицензия шеңберінде қызметті жүзеге асыру басталғаннан бастап салық кезеңдері үшін жиынтық жылдық кірістер сомасы осы Кодекстің 289-287-баптарында көзделген кірістерді түзету мен шегерімдерді ескере отырып, ұқсас кезең үшін шегерімдердің жалпы сомасынан 15 пайыз және одан да асып түсетін деңгейге қол жеткізу деп түсініледі.".

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 33-баптың 2) тармақшасында:

      оныншы абзац мынандай редакцияда жазылсын:

      "2. Резидент-жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 36-тарауының 2-параграфында, 39, 40 және 71-тарауларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.";

      жүз елу бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық төлеушінің кірістеріне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.";

      жүз елу екінші абзац алып тасталсын;

      төрт жүз отыз екінші мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болған сыйақылар;";

      төрт жүз қырық үшінші - төрт жүз қырық бесінші абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бес жүз төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген материалдық залалды өтеу түріндегі мүліктің құны;";

      жеті жүз алпыс үшінші абзац мынандай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда кейіннен көрсете отырып, салықтық кезеңде алынған кірістер бойынша жүргізіледі.";

      мынандай мазмұндағы жеті жүз алпыс бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті жүктелген адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсету жолымен, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептейді.";

      сегіз жүз жетінші абзац мынандай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салықтық кезең қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны:";

      мынандай мазмұндағы сегіз жүз оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеті жүктелген адамдар жеке табыс салығын осы Кодекстің 635-бабында кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну тәсіліне байланысты тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.";

      сегіз жүз жиырма төртінші абзац мынандай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) - 7), 9) - 11-1) және 12) тармақшаларының ережелері осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлғаларға қолданылмайды.";

      мынандай мазмұндағы сегіз жүз жиырма сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "11-1) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;";

      сегіз жүз отыз төртінші абзац алып тасталсын;

      2) 43-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-бап. Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 14, 15, 16, 18, 21 және 22-жолдарының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы жолдар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:";

      мынадай мазмұндағы 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:


14

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

14 100 теңге/1 000 дана

15

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

14 100 теңге/1 000 дана


16

2402-ден

Сигариллалар

14 100 теңге/ 1 000 дана

18

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

12 950 теңге/ килограмм

21

2403-тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

12 925 теңге/1 кг темекі қоспасы

22

2402-ден

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

53 теңге/ сүйықтық миллилитрі

      ";

      7) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

14

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

15 900 теңге/1 000 дана

15

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

15 900 теңге/1 000 дана

16

2402-ден

Сигариллалар

15 900 теңге/ 1 000 дана

18

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық енімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

14 150 теңге/ килограмм

21

2403-тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

14 218 теңге/1 кг темекі қоспасы

22

2402-ден

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

55 теңге/ сұйықтық миллилитрі

            ";

      8) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

21.

2403-тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

15 640 теңге/1 кг темекі қоспасы

      ";

      9) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

21.

2403-тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырьшатын капсула және өзгелер)

17 204 теңге//1 кг темекі қоспасы

      ";

      10) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

21.

2403-тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

18 924 теңге/1 кг темекі қоспасы

      ";

      11) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

21.

2403-тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

20 816 теңге/1 кг темекі қоспасы

      12) 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

21.

2403 -тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

22 898 теңге/1 кг темекі қоспасы

      ";

      13) 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

21.

2403 -тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

25 188 теңге/1 кг темекі қоспасы

      ";

      14) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 2032 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

21.

2403-тен

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және өзгелер)

27 707 теңге/1 кг темекі қоспасы

      ";

      3) 44-бапта:

      1-тармақшаның кестесі мынадай мазмұндағы 99-1-жолмен толықтырылсын:

      "

9-1.

Геостанциялық емес спутниктерді пайдалана отырып, спутниктік байланыс (бір қабылдау-беру құрылғысына, қабылдауға белдеуі 2МГ ц/беру 2МГ ц болатын ені үшін)

Қазақстан Республикасы

1

      ";

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босаған қаражаттан аз емес қаражатты спутниктік технологияларды пайдалана отырып, ауылдық елді мекендерде Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі жіберген байланыс операторлары үшін Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағы кестесінің 9, 9-1 және 10-жолдарының қолданысы 2023 жылғы 1-қаңтардан бастап және Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағының кестесінде көзделген геостанциялық емес спутниктерді пайдалана отырып, спутниктік байланыс (бір қабылдау-беру құрылғысына, қабылдауға белдеуі 2МГц/беру 2МГц болатын ені үшін), HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуі 100кГц/беруге 100 кГц болатын ені үшін) және HUB- технологиясынсыз спутниктік байланыс үшін (бір станция пайдаланылатын жиліктер үшін) төлемақының жылдық мелшерлемелерінің қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, төлемақының белгіленген жылдық мөлшерлемелері тиісті міндеттемелерді қабылдаған күннен бастап 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін.

      Төлеушілер төлеген төлемақы сомаларын қайтару жүргізілмейді.

      Байланыс операторлары осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады.

      Байланыс операторлары байланыс саласындағы уәкілетті органға тиісті міндеттемелерді орындағаннан кейін көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді ұсынады.".

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 3), 12) тармақшаларын 13) тармақшасының бесінші - он бірінші абзацтарын, 14), 16) тармақшаларын, 20) тармақшсыаның үшінші - алтыншы абзацтарын, 21), 23) тармақшаларын, 24) тармақшаның екінші - бесінші абзацтарын, 25),      26), 31), 32) және 39) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшсының үшінші және төртінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, он бірінші - жиырма бесінші абзацтарын;

      2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 13) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтарын, 14) тармақшасын;

      3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9) 10) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші - төртінші, он екінші - он бесінші абзацтарын, 15), 17), 18), 19) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші абзацын, 22) тармақшасын, 27) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 28), 34), 35), 36), 37), 38), 40) және 41) тармақшаларын, 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацын, бесінші - оныншы абзацтарын, 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады