Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер үшін алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 305 қаулысы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналарды:

      1) 2022 жылғы 15 наурыздан бастап 15 мамыр аралығындағы және 2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнева және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ен салу, сақина салу және ғылыми зерттеулер үшін Каспий итбалығының кейіннен табиғи мекендеу ортасына жіберілетін 156 дарағын;

      2) 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазан аралығындағы кезеңде Алматы облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан ғылыми зерттеулер үшін 550 килограмм көлемінде Арал пілмайын;

      3) 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қазан аралығындағы кезеңде Қызылорда және Түркістан облыстарының шегінде Сырдария өзенінен ғылыми зерттеулер үшін 300 килограмм көлемінде Арал қаязын алу рұқсат етілсін.

      2. Арал пілмайының бір килограмын алу үшін төлемақы мөлшерлемесі 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Арал қаязының бір килограмын алу үшін 0,013 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға Каспий итбалықтарының дарақтарын, Арал пілмайын, Арал қаязын ғылыми зерттеулер үшін алудың көрсетілген көлемдеріне рұқсат берсін.

      4. Алматы облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға Алматы облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен және Қапшағай су қоймасынан Арал пілмайын ғылыми зерттеулер үшін алудың көрсетілген көлемдеріне рұқсат берсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады