Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №334 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) қатысушылары болып табылатынын назарға ала отырып,
шектес мемлекеттердің авиациялық іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықка қатысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын практикасын ескере отырып,
апатқа ұшырау жағдайындағы адамдар үшін жылдам көмектің өмірлік маңызды мәнін сезіне отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін Конвенцияға "Іздестіру және құтқару" деген 12-қосымшаның 1-тарауында қамтылған терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ Конвенцияға "Әуе қозғалысына қызмет көрсету" деген 11-қосымшаның 1-тарауында көрсетілген мағынасы бар "ұшу ақпараты ауданы" термині қолданылады.
Авиациялық іздестіру-құтқару операцияларын ұйымдастыру мен орындауды Тараптар осы Келісімге сәйкес жүзеге асырады. Авиациялық операцияларды ұйымдастыру мен орындау үшін негіз ретінде Конвенцияға "Іздестіру және құтқару" деген 12-қосымша қолданылады.
1. Тараптар өз мемлекеттерінің шектес аумақтары мен іргелес ұшу ақпараты аудандары арасындағы шекараны өздерінің іздестіру және құтқару аудандары арасындағы шекара деп қарайды.
2. Әрбір Тарап өзінің іздестіру және құтқару ауданында авиациялық іздестіру-құтқару қызметтерінің болуын қамтамасыз етеді. Мұндай қызметтер тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады және өзара байланыста болады.
3. Осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдар:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іздестіру-құтқару қызметтерінің функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар;
Қырғыз Тарапынан - Қырғыз Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі және Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес іздестіру-құтқару қызметтерінің функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылады.
Тараптар осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдардың өзгергені туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды.
Тараптар мемлекеттерінің аумағында, сондай-ақ іргелес ұшу ақпараты аудандарында іздестіру және құтқару жөніндегі шаралар тиісті Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап
1. Егер бір Тарап мемлекетінің іздестіру-құтқару қызметі өзінің іздестіру және құтқару ауданындағы авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға туралы хабарлама алған жағдайда, бұл қызмет іздестіру және құтқару бойынша барлық қажетті шараларды дереу қолданады.
2. Егер бір Тарап мемлекетінің іздестіру-құтқару қызметінде осы баптың 1-тармағында айтылған ахуалда екінші Тарап мемлекетінің іздестіру-құтқару қызметінің көмегіне қажеттілік туындаған жағдайда, ол мұндай көмекті сұрата алады. Бұл жағдайда көмек сұратқан Тарап өз мемлекетінің аумағына екінші Тарап мемлекетінің іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының жеделдетіп жіберілуі бойынша барлық шараларды колданады. Одан арғы шаралар екі Тарап мемлекетінің іздестіру-құтқару қызметтерінің өзара іс-қимыл жасауымен қолданылады.
Адамдар, көлік құралдары Мемлекеттік шекараны кесіп өткен, Мемлекеттік шекара арқылы жүктер мен өзге де мүлік өткізілген кезде өткізу мемлекеттердің ұлттық заңнамасына және Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қауіпті жағдайдағы кез келген адамға көмек мұндай адамның азаматтығына немесе мәртебесіне не бұл азаматтың қандай мән-жайларда табылғанына қарамастан көрсетіледі.
4. Әрбір Тарап өзінің іздестіру және құтқару ауданында екінші Тараптың мемлекетінде тіркелген әуе кемелерінің қатысуымен болған барлық оқыс оқиғалар және қолданылған шаралар туралы екінші Тарапты хабардар етуге міндеттенеді.
5. Әрбір Тарап екінші Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігін немесе консулдық мекемесін екінші Тарап мемлекетінің азаматтары – тірі қалғандарды құтқару немесе қаза тапқан адамдардың табылғаны туралы хабардар етеді. Ақпарат құтқарылған адамдардың тегі, аты, туған күні, үйінің мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері, сондай-ақ денсаулығының және орналасқан жері туралы немесе қаза тапқан адамдар мәйіттерінің орналасқан жері туралы мәліметтер көрсетіле отырып (мүмкіндігінше) дереу беріледі.
1. Тараптар өз мемлекеттерінің іздестіру-құтқару қызметтерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. Мұндай ынтымақтастық, атап айтқанда іздестіру және құткару бойынша бірлескен оқу-жаттығуларды, мемлекетаралық байланыс арналарын тұрақты тексеруді, іздестіру және құтқару бойынша сарапшылардың өзара сапарларын, іздестіру-құтқару ақпаратымен және тәжірибесімен алмасуды қамтиды.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімді іске асыру тәртібін өзара келіседі.
3. Осы Келісімнің шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін қарау және шешу үшін Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары қажет болуына қарай (бірақ жылына бір реттен сиретпей) Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында кезекпен кездесулер өткізеді.
1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелеріне уақтылы көмек көрсету үшін халықаралық апаттың, шұғылдық, ескерту сигналдары және іздестіру-құтқару операциялары кезінде колданылатын сигналдар қолданылады.
2. Іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуге арналған әуе кемелерінде орнатылуға тиіс техникалық құралдардың тізбесі әрбір Тарап мемлекеті қабылдайтын қағидаларда айқындалады.
Әрбір Тарап, егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, өзінің жауапкершілік аймағында іздестіру-кұтқару операцияларын осы Келісім шеңберінде жүзеге асыру кезінде туындайтын шығыстарды Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекеттері катысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты туындайтын Тараптар арасындағы кез келген дау Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы тікелей келіссөздер арқылы шешіледі. Егер құзыретті органдар келісімге келмесе, дау дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім және оған кез келген түзетулер Халықаралық азаматтық авиация ұйымында тіркелуге жатады.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісімнің қолданысын кез келген Тарап екінші Тарапты өзінің оның қолданысын тоқтату туралы ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы хабардар ету арқылы тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы Келісім осындай хабарлама алынған күннен бастап 12 ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
20__ жылғы "__" ____________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда орыс тіліндегі мәтіннің басым күші бар.
Қазақстан Республикасының | Қырғыз Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |