"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Эйр Астана" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының азаматтарын Украина аумағынан Катовице қаласы (Польша) арқылы алып шығу бойынша репатриациялық авиарейстерді орындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді беруші болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |