"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 389 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 01.07.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 5-қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жолда:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8)

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда ұсталатын адамдарды емдегені үшін медициналық қызметкерлерге


БЛА-дан 540 %


      ";

      ескертпелерде:

      7-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген 11-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген 13-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жолда:

      7) тармақша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 13 маусымдағы
№ 389 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен
бекітілген
  11-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар

Р/с № Қосымша ақылардың атауы Қосымша ақылардың түрлері Қосымша ақылардың мөлшері Ескертпе





1 2 3 4 5
1
Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы

1)

Жұмыскерлерге қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында жұмыс істегені үшін


БЛА-дан
25 %

Бұған медициналық, педагогикалық жұмыскерлер, қоғамдық тамақтандыру жұмыскерлері, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің, тергеу изоляторларының сотталған адамдарға арналған кітапханалары мен клубтарының жұмыскерлері жатпайды

2)

Мына:
белгілі бір тұрғылықты жері, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орнының;
әкімшілік тәртіппен тұтқындалған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орнының (дезинфекторларды қоспағанда) жұмыскерлеріне


 
БЛА-дан
30 %
БЛА-дан
30 %


3)

Жұмыскерлерге:
қауіпсіздігі барынша жоғары (қатаң режимдегі) мекемелерде;
төтенше қауіпсіз (ерекше режимдегі) мекемелерде;
толық қауіпсіз мекемелерде (түрмеде);
тергеу изоляторларын қоспағанда, қауіпсіздігі аралас мекемелерде (сотталғандарды ұстауға арналған режим түрлері әрқилы мекемелер):
орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары (жалпы және қатаң режимдер),
орташа және төтенше қауіпсіз (жалпы және ерекше режимдер),
қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз (қатаң және ерекше режимдер) жағдайында;
сот үкімімен бас бостандығынан айыруды қауіпсіздігі барынша жоғары (қатаң режимдегі), төтенше қауіпсіз (ерекше режимдегі) мекемелерде немесе қауіпсіздігі барынша жоғары (қатаң режимдегі) және төтенше қауіпсіз (ерекше режимдегі) мекемелерде өтеу белгіленген емдеудегі сотталған адамдардың саны барлығын қосқанда мекеменің жүктелу лимитінің (төсек-орын саны) 50 пайызынан астамын құруы шартымен бас бостандығын айыруға сотталған адамдарды емдеу үшін құрылған ауруханалар мен басқа да арнайы мекемелерде;
тергеу изоляторларында, қылмыстық-атқару жүйесінің (пенитенциарлық) мекемелерінде және олардың учаскелерінде, ауруханаларда туберкулезбен, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған сотталған адамдарды ұстау және амбулаторлық емдеу үшін арнайы құрылған емдеу құқығындағы мекемелерде жұмыс істегені үшін


 
БЛА-дан
13 %
БЛА-дан
15 %
БЛА-дан
15 %
БЛА-дан
13 %
БЛА-дан
15 %
БЛА-дан
15 %
БЛА-дан
15 %
БЛА-дан
15 %

Көрсетілген қосымша ақы туберкулезбен ауыратындарды ұстауға толық арналмаған аталған мекемелердің туберкулезбен, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдармен жұмыс істейтін жұмыскерлеріне айлық жұмыс уақыты нормасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде белгіленеді

4)

Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің, тергеу изоляторларының сотталған адамдарға арналған кітапханалары мен клубтарының жұмыскерлеріне


БЛА-дан
20 %


5)

Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің, тергеу изоляторларының қоғамдық тамақтандыру және сауда жұмыскерлеріне


БЛА-дан
20 %


6)

Мекемелердің дезинфекторларына


БЛА-дан
45 %


7)

Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізгені үшін


БЛА-дан
50 %


      Ескертпе:

      реттік нөмірі 1-жолдың 3) және 6) тармақшаларында көзделген ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне де қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады