"Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 маусымдағы № 430 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 584 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесі";

      реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады