"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 447 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      8-қосымшаға ескертпелердің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Спорт төрешілеріне спорттың ойын түрлерінен басқа спорттық жарыстардың бір күніне қызмет көрсеткені және ұйымдардың спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарлары бойынша өткізілетін спорттың ойын түрлері бойынша спорттық жарыстардың бір ойынына, бірақ күніне екі ойыннан көп емес ойынға қызмет көрсеткені үшін:

      2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) халықаралық санаттағы спорт төрешісіне БЛА-дан 45 %;

      2) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 36 %;

      3) ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 30 %;

      4) бірінші санатты спорт төрешісіне БЛА-дан 24 %;

      5) спорт төрешісіне БЛА-дан 21 % төленеді;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) халықаралық санаттағы спорт төрешісіне БЛА-дан 75 %;

      2) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 65 %;

      3) ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 55 %;

      4) бірінші санатты спорт төрешісіне БЛА-дан 45 %;

      5) спорт төрешісіне БЛА-дан 40 % төленеді;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) халықаралық санаттағы спорт төрешісіне БЛА-дан 100 %;

      2) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 90 %;

      3) ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 80 %;

      4) бірінші санатты спорт төрешісіне БЛА-дан 70 %;

      5) спорт төрешісіне БЛА-дан 60 % төленеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады