"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 шiлдедегi № 464 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң (өздеріне қатысты Қазақстан Республикасында болуға рұқсат етілген мерзім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң аяқталатын Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтарын қоспағанда);";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік он төрт күннен аспаса, Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік қырық екі күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 17-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатпен болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзіммен "іскерлік" санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.";

      26-1-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады