Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 501 қаулысы.

      "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен іркіліссіз қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды 2022 жылғы 3 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сауда атауына шекті баға қоймай сатып алуды көздейтін шешімдердің қабылдануын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады