"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 593 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 24 тамыздағы
№ 593 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 1003 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;

      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрлік, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Министрліктің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:

      1) мәдениет;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;

      3) кинематография;

      4) мемлекеттік рәсміздер;

      5) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету;

      6) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер;

      7) дене шынықтыру және спорт;

      8) ойын бизнесі;

      9) лотереялар және лотерея қызметі;

      10) туристік қызмет;

      11) ономастика.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;

      Министрлік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;

      сотқа жүгіну;

      ведомстволарға өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін беру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;

      Министрлікке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      Министрліктің теңгеріміңдегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      Министрлікке бөлінген бюджет қаражатын толық, уақтылы және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет, ономастика салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      3) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, ономастика салаларында нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      4) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

      5) Министрлік реттейтін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындайды;

      6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салалардағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және қарайды;

      7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік жетекшілік ететін салаларда заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;

      8) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды;

      9) мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттiк органның даму жоспарын бекiтедi;

      10) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдердің тізбесін бекітеді;

      11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      12) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      13) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      14) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      15) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;

      16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      18) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      19) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;

      20) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      21) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      22) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      23) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік тәртіптік жаза қолданады;

      24) уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітеді;

      25) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      26) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;

      27) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;

      28) мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасайды;

      29) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындау мен лауазымнан босатуды келіседі;

      30) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

      31) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттік наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;

      33) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      34) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекітеді;

      36) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;

      37) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;

      38) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар, мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;

      39) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;

      40) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      41) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қол жеткізуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      42) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі мен материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      43) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;

      44) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      45) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібін айқындайды;

      46) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;

      47) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

      49) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;

      50) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      51) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      52) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      53) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      54) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      55) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      56) мүгедектігі бар адамдарға немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      57) жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      58) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      59) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      60) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      61) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      62) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      63) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      64) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      65) мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау тәртібін айқындайды;

      66) өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені бекітеді;

      67) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына "Орталық" мәртебесін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      68) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін белгілейді;

      69) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      70) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне қосу туралы өтінішхаттарын қарайды;

      71) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізеді;

      72) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жібереді;

      73) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді, оны іріктеу өлшемшарттарын белгілейді;

      74) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;

      75) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрады, оның ережесін және құрамын бекітеді;

      76) мәдениет саласында әлеуметтік мәні бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      77) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;

      78) мәдениет саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

      79) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

      80) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;

      81) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      82) жеңімпаздарына мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

      83) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет және өнер, дене шынықтыру мен спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;

      84) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      85) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      86) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;

      87) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссияны құрады;

      88) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;

      89) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;

      90) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады;

      91) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастырады;

      92) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      93) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      94) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясын құрады;

      95) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымынан босатуды келіседі;

      96) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      97) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      98) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      99) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      100) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныс енгізеді;

      101) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      102) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      103) аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;

      104) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, төсбелгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;

      105) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;

      106) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;

      107) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысу қағидаларын бекiтедi;

      108) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекітеді;

      109) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың денеге аса күш түсіруінен, ауруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;

      110) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттық медициналық ұйымдардың құрылымдарын және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;

      111) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      112) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      113) спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорттың түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекітеді;

      114) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алған және мертіккен кезде оларға өтемақы төлемдерін төлеу қағидаларын бекітеді;

      115) спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

      116) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

      117) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;

      118) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      119) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      120) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарына "Үздік" номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;

      121) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекітеді;

      122) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      123) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;

      124) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;

      125) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;

      126) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      127) жоғары дәрежелі спортшылармен, жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жаттықтырушылармен және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемінің мөлшерін бекітеді;

      128) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар адамдарға спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді;

      129) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      130) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      131) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      132) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

      133) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсауы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      134) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді;

      135) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      136) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      137) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      138) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;

      139) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      140) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      141) мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      142) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      143) спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;

      144) мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілейді;

      145) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;

      146) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткiзедi;

      147) ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық спорт федерацияларымен бірлесіп, халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады;

      148) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;

      149) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;

      150) спортшылар мен жаттықтырушыларға: "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады;

      151) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      152) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;

      153) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін әзірлейді;

      154) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын әзірлейді;

      155) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді және төлемдерін қамтамасыз етеді;

      156) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;

      157) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;

      158) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын жыл сайын бекітеді;

      159) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;

      160) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде оларға өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырады;

      161) халықаралық спорттық жарыстарға дайындалу және қатысу кезінде спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін сақтандыруды қамтамасыз етеді;

      162) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      163) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізеді;

      164) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын әзірлейді;

      165) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;

      166) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекітеді;

      167) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі;

      168) халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіптік және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады;

      169) мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесі даярлық кезеңдерінің мазмұны бойынша бағдарламаларды бекітеді;

      170) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, республикалық спорт жарыстарын өткізуді ұйымдастырады;

      171) мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) даярлауды және олардың халықаралық спорт жарыстарына, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысуын ұйымдастырады;

      172) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды жүзеге асырады;

      173) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын рәсімдеу тәртібін айқындайды;

      174) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгiлейдi;

      175) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      176) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      177) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      178) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      179) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      180) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      181) тарихи-мәдени сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;

      182) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      183) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      184) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      185) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      186) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлейді және бекiтедi;

      187) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      188) Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекітеді;

      189) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      190) жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп таниды және оларды Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;

      191) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде мәртебесінен айырады және оны Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастайды;

      192) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметтің және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келіседі;

      193) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастырады;

      194) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін ұсынады;

      195) мемлекеттік меншік болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келіседі;

      196) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      197) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асырады;

      198) тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияны құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;

      199) тұрақты жұмыс істейтін сараптама комиссиясын құрады;

      200) тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын қозғайтын қала құрылысы жобаларын келіседі;

      201) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындайды;

      202) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыру және өзгерту туралы шешімдер қабылдайды;

      203) мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың алдын ала жоспарын бекітеді;

      204) музейдің атауын көрсете отырып, материалдар мен олжаларды республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік музейге беру туралы шешім қабылдайды;

      205) жеке және заңды тұлғалар мен тиісті мемлекеттік музейді қабылданған шешім және материалдар мен олжаларды қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар етеді;

      206) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

      207) республикалық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;

      208) ономастика комиссияларының қызметін үйлестіреді;

      209) ұлттық фильмдер деп танылуға үміткер киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      210) фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      211) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      212) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      213) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      214) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекітеді;

      215) фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібін айқындайды;

      216) ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау тәртібін айқындайды;

      217) Мемлекеттік фильмдер тізілімін жүргізеді;

      218) мемлекеттік ұйымдардың кинематографияны дамыту жөніндегі қызметін қолдап отырады және үйлестіреді;

      219) прокаттау куәлігін және ұлттық фильм куәлігін береді;

      220) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп таниды;

      221) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі;

      222) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамытады, кинематографиялық ұйымдардың халықаралық комиссияларға, фестивальдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;

      223) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіруді және есепке алуды қамтамасыз етеді;

      224) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асырады;

      225) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемін белгілеу үшін фильмдерді санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындайды;

      226) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекітеді;

      227) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құрады;

      228) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекітеді;

      229) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекітеді;

      230) орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекітеді;

      231) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекітеді;

      232) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекітеді;

      233) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерін бекітеді;

      234) тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген Ұлттық архив қорын жинақтау көздерінің тізімін бекітеді;

      235) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларын Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, сондай-ақ оларды оның құрамынан алып тастау туралы шешім қабылдайды;

      236) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімдері мен жою тәртібiн белгілейдi;

      237) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қояды;

      238) автоматтандырылған архивтік технологиялар әзiрлеу мен енгізуді ұйымдастырады;

      239) мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастырады;

      240) Ұлттық архив қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастырады және жұмыс істейді, Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз етеді;

      241) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады;

      242) шет елдердегi Қазақстан Республикасының тарихы жөнiндегi архивтік құжаттарды жинауды және оларды елге қайтаруды жүзеге асырады;

      243) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

      244) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      245) Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат етеді;

      246) Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      247) архив iсi жөніндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiгін қамтамасыз етеді;

      248) туристерді орналастыру орындарын жіктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      249) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      250) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;

      251) туризм саласындағы мамандарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;

      252) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      253) туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекітеді;

      254) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;

      255) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

      256) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;

      257) туристендіру картасын бекітеді;

      258) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

      259) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекітеді;

      260) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

      261) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

      262) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдық пен техника сатып алу бойынша шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

      263) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығынының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;

      264) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығынының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

      265) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығынның бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;

      266) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастырады және бекітеді;

      267) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

      268) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      269) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және адамдар өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

      270) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      271) туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасайды және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;

      272) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, туристік қызмет аясындағы стандарттау саласындағы қызметті реттейді;

      273) Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;

      274) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;

      275) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      276) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына күтіп-ұстау кезінде шығынның бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптар тізбесін келіседі;

      277) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

      278) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялайды;

      279) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдық пен техника сатып алу бойынша шығынының бір бөлігін өтейді;

      280) туристік қызметті жүзеге асыратын адамдарды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiп туралы хабардар етедi;

      281) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      282) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді;

      283) ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылық жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды қоса алғанда, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге адамдарға беру қағидаларын белгілейді;

      284) ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      285) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      286) ақпаратты жүйелі түрде жинауды жүзеге асыру және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы мәніне талдауды жүзеге асырады;

      287) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады;

      288) мөлшерлемелерді есепке алу орталығын жүргізуді жүзеге асырады;

      289) ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      290) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      291) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;

      292) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассаларының тізілімін жүргізеді;

      293) лотереялар өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      294) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      295) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөнінде сараптамалық кеңес құрады, сондай-ақ ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      296) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірлейді.

3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Министрлікке басшылық жасауды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Министрлік қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) бұйрықтарға қол қояды;

      4) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауға дербес жауапты болады;

      5) Министрліктің құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнында болатын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының айқындайды.

      21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4-тарау. Министрліктің мүлкі

      22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.

      23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      2. "Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. "Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      5. "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      6. "Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. "Республикалық академиялық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. "Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. "Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      10. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      13. "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      14. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      15. "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      16. "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      17. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      18. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      19. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      20. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      21. "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      22. "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      23. "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      24. "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      25. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      26. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      27. "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      28. "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      29. "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      30. "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      31. "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      32. "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      33. "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      34. "Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      35. "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      36. "Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      37. "Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      38. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      39. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.

      40. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.

      41. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      42. "Астана Балет" театры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      43. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      2. "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. "Спортты дамыту дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      5. "Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      6. "Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      9. "Нұр-Сұлтан" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      10. "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      11. "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      13. "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      14. "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп- интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      2."Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Геральдикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады