Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венесуэла Боливариан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венесуэла Боливариан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 651 қаулысымен мақұлдаған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венесуэла Боливариан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венесуэла Боливариан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – "Тараптар")
екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың дамуына ықпал етуге ниет білдіре отырып,
дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің жүріп-тұруын жеңілдетуге мүдделілікті ескере отырып;
төмендегі туралы келісті:
1. Тараптардың жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттарының иелері әрбір кірген кезден бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз кіруге, онда қалуға және шығуға құқығы бар.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын кезеңге қалуға ниет білдірсе, онда олар тиісті визаны екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіретін күнге дейін алуға міндетті.
1. Екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы дипломатиялық өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіру үшін виза алудан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар қабылдаушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес сол елдің аумағына кірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оның Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелуі тиіс.
3. Қабылдаушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес бұл рәсім аккредиттелген лауазымды адамдардың жарамды дипломатиялық немесе қызметтік паспорттардың иелері болып табылатын отбасы мүшелеріне қолданылады.
Осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік шекараның рұқсат етілген өту пункттері арқылы екінші Тарап мемлекетіне кіруге, оның аумағы арқылы жүріп өтуге немесе одан кетуге құқылы.
Тараптардың әрқайсысы қабылдаушы Тарап мемлекетінің аумағында нон-грата тұлға деп жарияланған немесе қолайсыз, осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың келуінен бас тарту, өз аумағында болуын қысқарту немесе тоқтату құқығын өзінде қалдырады.
Осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында болуы кезінде 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне нұқсан келтірмей, қабылдаушы Тарап мемлекетінің заңнамасын сақтауға және құрметтеуге міндетті.
Осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық немесе қызметтік паспортын жоғалтқан жағдайда, дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме тиісті шаралар қабылдау үшін қабылдаушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарын ең қысқа уақытта хабардар етуге және жаңа жарамды дипломатиялық немесе қызметтік паспорт, немесе тиісті жол жүру құжатын беруге міндетті.
1. Осы Келісім шеңберінде Тараптар осы Келісім күшіне енген күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген жарамды паспорттардың және 6-бабында көрсетілген жол жүру құжатының үлгілерімен дипломатиялық арналар арқылы алмасады.
2. Дипломатиялық және қызметтік паспорттар өзгерген жағдайда Тараптар осындай өзгерістер туралы бір-бірін хабардар етеді және тиісті үлгілерді олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жібереді.
1. Тараптар ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданысын ішінара немесе толық тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.
2. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру осы Келісімнің 1-бабының 1-тармағында көрсетілген, қабылдаушы мемлекеттің шекарасын бұрын кесіп өткен адамдардың құқықтарын қозғамайды.
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің күшіне ену талаптарына сәйкес күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімді түсіндіруге немесе іске асыруға байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар немесе келіссөздер жолымен дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
1. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісімнің қолданысы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң тоқтатылады.
20__ жылғы "___" __________ ______________ қаласында әрқайсысы қазақ, испан, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтық туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Венесуэла Боливариан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |