"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына толықтыру енгізу және "Спорттағы ұлттық команда туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 723 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 172-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "172-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) сандық құрамын бекітеді;".

      2. "Спорттағы ұлттық команда туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 85-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады