Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.09.2022 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. 1993 жылғы 1 қаңтарда құрылған жалпы саны 1000 адамдық спорт түрлерi бойынша штаттағы ұлттық команданы бұдан әрi де ұстау қажет деп есептелсiн.
2. Спорт түрлерi бойынша штаттағы ұлттық команданың негiзгi, стажерлiк және резервтiк құрамына енгiзiлген спортшылар жаттығу күндерiнде шығындардың қолданылып жүрген ақшалай нормасы бойынша жалпы лимитi жылына 250 мың адам-күндiк тамақпен қамтамасыз етiледi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жыл сайын бюджеттi құрастыру кезiнде штаттағы ұлттық команданы ұстау мен оларды керек-жарақпен жабдықтауға арналған шығындарды, оның iшiнде валюта сатып алуға арналған шығынды еске алатын болсын.
Премьер-министр