"Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 763 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

"Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:

      кестенің "2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, Сауда және интеграция министрі";

      кестенің "3. Сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:

      төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Сыртқы істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Энергетика министрі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Сауда және интеграция министрі

      Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";

      жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

      Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады