"Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 926 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 716 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖБҰ) бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.

      4. Заңның 26-бабының 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны бітіргеннен кейін тізімі осы Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған өңірлерде кемінде екі жыл жұмыспен өтейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;

      3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдау шартымен ЖЖБҰ-дан оқудан шығарылған жағдайларда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖБҰ бітіргеннен кейін осы тармақта көзделген мерзім шегінде өздері іс жүзінде оқыған уақытқа мөлшерлес жұмыспен өтейді.

      Жұмыспен өтеу мерзімі мынадай формула бойынша есептеледі:

      T = y / х * z,

      мұндағы:

      Т – айлармен жұмыспен өтеу мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);

      y – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқудың айлармен нақты мерзімі, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);

      x – ЖЖБҰ-да оқудың айлармен жалпы мерзімі (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);

      z – осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген, бүкіл мерзім бойы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды құрайтын жұмыспен өтеу мерзімі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бейіні бойынша докторларды және философия докторларын (PhD) қоспағанда, Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) бөлу жөніндегі комиссиялар жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей қағаз тасығышта және (немесе) электронды құжат нысанында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына түлектердің санын (оның ішінде тегі және аты жөнінің бас әріптерін), тұрғылықты тұратын жерін, алған мамандығы мен қай тілде оқығанын көрсетіп, олардың:

      ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін квота шегінде;

      мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсіп, ағымдағы жылы бітіріп шыққан түлектерді кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға өтінімдер жібереді;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары 15 ақпаннан кешіктірмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген, жіберілген өтінімдерге сәйкес бөлу жөніндегі комиссиялар мәлімдеген мамандықтар бойынша бөлу жөніндегі комиссияларға қағаз тасығышта және (немесе) электронды құжат нысанында:

      Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен, ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарындағы, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелеріндегі, ветеринария ұйымдарындағы, аграрлық бейіндегі ұйымдардағы;

      Заңның 26-бабының 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде оқуға түскен, ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған өңірлердегі;

      мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары үшін білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы;

      мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін меншік нысанына қарамастан, ұйымдардағы кадрларға сұраныс туралы ақпарат береді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген, ағымдағы жылы оқу бітіретін Қазақстан Республикасының азаматтарын дербес бөлу тиісті бөлу жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей ресімделеді, оның негізінде ЖЖБҰ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысқа жолдамалар дайындайды. Бұл ретте Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бөлу туралы оларды хабардар етуді ЖЖБҰ хаттамалық шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмысқа жолдамалар беру арқылы жүзеге асырады.

      Бөлу жөніндегі тиісті комиссияның хаттамалық шешімін отырысқа қатысып отырған бөлу жөніндегі комиссия мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбалары арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімдеуге жол беріледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Жұмыспен өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу мынадай формула бойынша нақты жұмыспен өтеген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады:

      S1 = (z - d) * S / z,

      мұндағы:

      S1 – бюджетке қайтарылуға тиіс сома, теңгемен;

      d – жұмыспен өтеудін нақты мерзімі айлармен, күндерге бөлшектенбейді (бұл ретте дөңгелектеу үлкен жағына қарай жүргізіледі);

      z – осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген, бүкіл мерзім бойы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды құрайтын жұмыспен өтеу мерзімі;

      S – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бүкіл оқу кезеңіне жұмсалған бюджет қаражатының сомасы.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларына 2-қосымша";

      көрсетілген Қағидалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 18 қарашадағы
№ 926 қаулысына
қосымша
  Маманды жұмысқа жіберу,
бюджет қаражаты есебінен
шеккен шығыстарды өтеу, өз
бетінше жұмысқа орналасу
құқығын беру, мемлекеттік білім
беру тапсырысы негізінде білім
алған Қазақстан
Республикасының азаматтарын
жұмыспен өтеу жөніндегі
міндетінен босату немесе
олардың міндетін тоқтату
қағидаларына
1-қосымша

Жұмыспен өтеу үшін өңірлер

      1. Ақмола облысы.

      2. Ақтөбе облысы.

      3. Атырау облысы.

      4. Абай облысы.

      5. Батыс Қазақстан облысы.

      6. Қарағанды облысы.

      7. Қостанай облысы.

      8. Павлодар облысы.

      9. Солтүстік Қазақстан облысы.

      10. Ұлытау облысы.

      11. Шығыс Қазақстан облысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады