Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 900 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 184-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары";
"Кіріспе" деген бөлімде:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Даму жоспары) жақын арадағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктерін, қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналарда:
1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында;
2) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында;
3) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында;
4) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығында;
5) "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығында;
6) "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаны бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысында;
7) "Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысында айқындалған негізгі бағыттарды ескере отырып әзірленді.
Даму жоспарын әзірлеуге елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі саясаты негіз болады. Қазақстан өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы өз үлесін ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігі бойынша дамыған елдермен арадағы айырманы қысқарту жолымен 2035 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) ең озық елдердің бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізуге ұмтылады. Шетелдік инвестициялардың қомақты көлемін тарту Қазақстанды табысты индустрияландырудың және әртараптандырудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
2010 жылдан бастап елдің өңдеуші өнеркәсібіне шамамен 28 млрд АҚШ доллары немесе елге тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі – ТШИ) жалпы ағымының 16 %-ы тартылды. Алайда ТШИ құрылымында өңдеуші өнеркәсіпке түскен 28 млрд АҚШ долларының 23 млрд АҚШ доллары металлургия өнеркәсібіне тиесілі. Демек, Даму жоспарының негізгі мақсаты өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды өсіруге ғана емес, оның ішіндегі металлургиялық емес сектордың үлесін айтарлықтай ұлғайтуға да бағытталатын болады.";
"Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:
"1.1. Сыртқы ортаны талдау" деген кіші бөлімде:
"Қазақстан Республикасындағы қаржылық қолдау құралдарының картасы" деген тарауда:
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-дағы экономиканың дамуын қолдау құралдарының матрицасы" деген 1-2 кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2-кесте. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-да экономиканың дамуын қолдау құралдарының матрицасы
Құралдар | ҚДМ | ӨДҚ | ҚКМ | Даму |
Kazakh | АНК | ҚАҚ | |
Ірі бизнес | Қарызды қаржыландыру | + | + | |||||
Үлестік қаржыландыру | + | |||||||
Кепілдіктер және сақтандыру | + | |||||||
Лизинг | + | |||||||
Жобаларды консультациялық сүйемелдеу | + | |||||||
Экспортттық және экспортқа дейінгі қаржыландыру | + | |||||||
ШОБ | Қарызды қаржыландыру немесе қарыздарды субсидиялау | + | + | + | + | |||
Үлестік қаржыландыру | + | |||||||
Кепілдіктер және сақтандыру | + | + | ||||||
Лизинг | + | + | + | + | ||||
Консультация беру | + | |||||||
Венчурлық қаржыландыру | + | |||||||
Құзыреттерді дамыту | + |
";
1-2-кестеге ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: ҚДМ – "Қазақстанның Даму банкі" АҚ, ӨДҚ – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, ҚКМ – "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, Даму – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, KazakhExport – "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ, АНК – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, ҚАҚ – "ҚазАгроҚаржы" АҚ.";
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Даму) экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстар ұсынады, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялайды және кепілдіктер береді. Аталған құралдардың инвестициялау шегі 10 жылға дейін, қарыз валютасы – көбінесе теңге, кредит беру мөлшерлемесі таңдап алынған қолдау бағдарламасына байланысты орта есеппен 6-8,5 %, коммерциялық банктің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеменің 6 %-ына дейін. Дамудың ШОБ секторындағы құзыреттерді дамыту бойынша (бизнес жоспарлар, қаржылық модельдер дайындау, бизнес жүргізу бойынша консультация беру) табысты тәжірибесі ірі және орта ойыншылар үшін де тиімді болар еді.";
жетінші бөлік алып тасталсын;
сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанның Даму банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттік ресурстар берумен айналысады. Аталған қаражатты инвестициялау көкжиегі 5 – 20 жыл, қарыз валютасы – теңге немесе АҚШ доллары, қарыздың ең аз сомасы экономика секторына байланысты 3 – 7 млрд теңге, кредит беру мөлшерлемесі аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес орта есеппен 6-6,6 %. Қарыз алушылардың ағымдағы қажеттіліктерін ескере отырып, ҚДБ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын және өндірістік инфрақұрылымды қолдауға назар аударады.
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның еншілес ұйымы – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ отандық автомобильдер, теміржол вагондарын, өзге де машина жасау өнімдерін өндірушілерге лизингтік қаржыландыруды ұсынады. Лизинг сомасы қызмет бағытына байланысты, лизинг мерзімі 20 жылға жетеді, сыйақы мөлшерлемесі 3 %-дан басталады.";
оныншы және он екінші бөліктер алып тасталсын;
он үшінші және он төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Аграрлық несие корпорация" АҚ (бұдан әрі – АНК) АӨК субъектілерін банктік қарыздар ұсыну жолымен тікелей қаржыландыруды не екінші деңгейдегі банктерді, лизингтік компанияларды және микроқаржы ұйымдарын жеңілдікпен қорландыру арқылы жанама түрде қаржыландыруды жүзеге асырады. Бұдан басқа, АНК өсімдік және мал шаруашылығында сақтандыру қызметтерін ұсынады.
АНК-нің еншілес ұйымы – "ҚазАгроҚаржы" АҚ – лизинг құралдары арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруды; лизинг құралы және банктік қарыздар арқылы ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларды кредиттеу мөлшерлемесі 6 %-ды, ал қаржылық лизинг бойынша 23,5 %-ды құрайды.
"QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ гранттар беру арқылы инновациялық-белсенді бизнесті қаржыландырады.";
он бесінші бөлік алып тасталсын;
"1.2. KAZAKH INVEST-тің ішкі ортасын талдау" деген кіші бөлімде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2017 жылы Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп "Ұлттық инвестициялық стратегия" инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі – Ұлттық инвестициялық стратегия) әзірленіп және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілді. Бұдан әрі Ұлттық инвестициялық стратегияның орнына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Инвестициялық саясат тұжырымдамасы) бекітілді. Инвестициялық саясат тұжырымдамасын іске асырудың институционалдық тетіктерінің бірі "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ болып табылады.";
"Мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары" деген тараудың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"KAZAKH INVEST өз қызметінде индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі қойған басқа да міндеттерді басшылыққа алады. Мемлекетті дамытудың негізгі векторларын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамада іске асырылуы Қазақстанның әлемнің ең дамыған елдері қатарына кіруіне ықпал ететін стратегиялық бағыттар белгіленген:";
"IT-қамтамасыз ету" деген тараудың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ІТ-қамтамасыз етуді тиісінше дамытпайынша, осы Даму жоспарын іске асыру мүмкін емес. ІТ-қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:";
"Адами капитал" деген тарау мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұдан басқа, Компания әлеуетті инвесторлармен одан әрі жұмыс істеу мақсатында Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің өкілдері үшін өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау саласындағы кәсіптік құзыреттілікті арттыруда ҚР СІМ-ге жыл сайын жәрдемдесетін болады.";
"Компанияның қаржылық саясаты" деген тараудың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес Компания инвестициялар тарту жөніндегі оператор рөлін атқарады, бұл KAZAKH INVEST компаниясының "пайдасыз және залалсыз" қағидаты бойынша операциялық қызметін білдіреді. Бұл ретте қызметтің шығынсыздығына мынадай стратегиялық бастамаларды іске асыру арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, KAZAKH INVEST қосымша кіріс көздерін де іздестіретін болады.";
"SWOT-талдау" деген тараудың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Саяси және құқықтық оң факторлардың қатарына Үкіметтің кәсіпкерлікті дамыту және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру мәселелеріне баса назар аударуы жатады. Бұдан басқа, елде инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған Ұлттық инвестициялық стратегияда және Инвестициялық саясат тұжырымдамасында басты назар экспортқа бағдарланған шикізаттық емес секторларға ТШИ тартуға бағытталған. Бұдан басқа, даму институттарымен тиісті өзара іс-қимыл және уәкілетті органның (ҚР СІМ) қолдауы синергия үшін және инвесторларға қолдау құралдарының кешенді топтамасын беруге мүмкіндік жасайды.";
"KAZAKH INVEST қызметінің SWOT-талдауы" деген 1-13-сурет осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"2. Миссия, пайым және қызметтің стратегиялық бағыттары" деген бөлімде:
"2.2. Қызметтің 1-стратегиялық бағыты – "Шетелдік инвестициялар" деген кіші бөлімде:
"Тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестициялар тарту" деген 1 мақсатта:
"Инвестиция көздері – нысаналы елдерді айқындау" деген 1-міндетте:
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әрбір нысаналы ел немесе елдер тобы үшін инвестициялар тарту кезінде нақты елмен жұмыс істеу бойынша анықтамалық құжат – жөнсілтер немесе елдік инвестициялық бағдарлама ("White paper") әзірленіп, оларда мынадай ерекшеліктер көрсетілетін болады:";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұндай анықтамалықтар үнемі жаңартылып отыратын болады және қандай да бір елмен ынтымақтастықтың барлық аспектілерін ашып көрсететін негізгі құралға айналады. Басым елдердің шектеулі санына назар аудару Даму жоспары мақсаттарына қол жеткізуде маңызды фактор болып табылады. Алайда, Даму жоспарда келтірілген елдер тізбесі түпкілікті болып табылмайды. Компания өз қызметінде икемді тәсілдерді ұстанып, шетелдік инвестициялардың жаңа көздерін, оның ішінде аралас салалардан іздестіретін болады.";
"Инвесторларды таргеттеу" деген 2-міндеттің төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ТҰК техникалық анықтамалары әртүрлі болады. Осы Даму жоспары ТҰК-ті мынадай сипаттамаларға сәйкес келетін коммерциялық кәсіпорын ретінде айқындайды:";
"Қазақстан экономикасының басым салаларына шоғырлану" деген 3-міндетте:
"Инвестициялар тарту үшін басым салалар" деген 2-2-кестеде "Қазір әулеті бар салалар", "Перспективалы салалар" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазір әлеуеті бар салалар |
Қазақстанның тарихи дамыған бәсекеге қабілетті салалары |
АӨК |
Перспективалы салалар |
Болашақта даму перспективалары |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
";
екінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Үкімет Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобада айқындаған агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция ағынын 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайту жөніндегі міндеттер шеңберінде KAZAKH INVEST экономиканың осы салаларындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуына жәрдемдесуге күш салады.
АӨК-ке инвестицияларды ынталандыру тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы елдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады, сонымен қатар шикізат базасын, яғни ауыл шаруашылығын дамытудың драйверіне айналады.";
бесінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Осылайша, осы міндетті орындау нәтижесінде Инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2026 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіптегі ТШИ үлесі Қазақстан Республикасындағы ТШИ жалпы ағынының 30 %-ын құрайды.";
сегізінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі мақсатында KAZAKH INVEST су ресурстарын орнықты пайдалану, орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасын дамыту, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаның ластануын азайту, экожүйелерді сақтау және тиімді басқару сияқты "жасыл" экономика салаларын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.";
алтыншы бөліктен кейін мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Таңдап алынған басым салалардың өзектілігін бағалау мақсатында негізгі капиталға инвестицияларға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған шетелдік инвесторлардың қайта инвестициялау көлеміне мониторинг және талдау жүргізілетін болады.";
"Инвестициялар тарту үшін басым жобаларды талдау және іріктеу" деген 4-міндетте:
екінші бөлік алып тасталсын;
бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;
"Күтілетін нәтижелер" деген тараудағы бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтің 1-стратегиялық бағытының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижесінде елімізге кемінде 59 ТҰК, ірі компаниялар және экономиканың басым секторларында "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындар тартылатын болады. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының көлемі 2027 жылға қарай 25,8 млрд долларға жетеді. Шетелдіктер қатысатын шикізаттық емес секторларда енгізілетін жобалардың саны 45 бірлікке дейін ұлғайтылатын болады.";
"Қызметтің 2-стратегиялық бағыты – Инвестициялық ахуал" деген кіші бөлімде:
"Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу" деген 2-мақсат мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сонымен қатар, Компания ҚР СІМ-мен бірлесіп өз құзыреті шеңберінде Инвестициялар жөніндегі ұлттық баяндаманың жобасына ұсыныстар енгізетін болады.";
"Қазақстанның инвестициялар саласындағы заңнамасын жетілдіруге жәрдемдесу" деген 1-міндетте бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкімет кеңесінің (Инвестициялық штаб) қарауына және уәкілетті органдарға проблемалық учаскелерді және инвесторлардың қажеттіліктерін түсінуді бағалау нәтижелері базасында, оның ішінде олардың өтініштерін мониторингтеу және талдау қорытындылары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуды, виза мәселелерін, салық, кеден заңнамасы мәселелерін қоса алғанда, инвестициялық қызметке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнаманы жетілдіру және инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру және т.б. бойынша ұсыныстар жүйелі түрде енгізілетін болады.
KAZAKH INVEST базасында әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін енгізетін және инвестициялар туралы келісімдер жасасу үшін стратегиялық инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру және сүйемелдеу арқылы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді күшейтетін "Task Force" жеке арнайы бөлімшесі құрылатын болады. Бұл ауқымды қаржы ресурстары бар стратегиялық инвесторларды ғана емес, сондай-ақ институционалдық инвесторларды да тартуға мүмкіндік береді.";
"Инвестицияларды қорғау тетіктерін жаңғырту" деген 2-міндетте:
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдік инвесторлар өздеріне таныс емес жағдайда жұмыс істейді, бұған құқықтық сала да жатады. Белгісіздіктердің орын алуы инвестициялар үшін кедергілер мен қауіптер туындатады. Экономикасы өтпелі елдерде, оның ішінде Қазақстанда құқықтың үстемдік құру мәселелері инвестициялар үшін басты сын-қатер болып қалуда. Заң үстемдігін қамтамасыз ету Қазақстанның ұлттық басымдылығы болып табылады. Сонымен бірге KAZAKH INVEST инвесторлардың проблемалық мәселелерін, оның ішінде олардың өтініштеріне мониторинг және талдау қорытындылары бойынша бастапқы кезеңде анықтап, оларды сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен шешуге жәрдемдесетін болады. Бұл мақсатта компания арнайы құралды – инвесторлардың шағымдарына ден қоюдың жүйелі тетігін (Systematic investor response mechanism (бұдан әрі – SIRM)) іске қосады, ол мына схема бойынша жұмыс істейді:";
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізетін реформалардың нәтижесінде инвесторлардың сенімдерінің деңгейіне тұрақты мониторинг пен талдауды қамтамасыз ету үшін инвесторларға үнемі сауалнама жүргізіліп отырады. Сауалнама әдістемесі озық халықаралық іс-тәжірибе негізінде әзірленетін болады. Сауалнама тәуелсіз және беделді ұйым жүргізеді, бұл оны сапаны және елдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігін бағалаудың пәрменді құралына айналдырады.";
"Қазақстанның инвестициялық брендін ілгерілету" деген 3-міндет мынадай редакцияда жазылсын:
"KAZAKH INVEST елдегі инвестициялық жобаларды халықаралық және ішкі таргеттелген ілгерілету үшін бірыңғай медиа-жоспар әзірлейді. Әртүрлі елдердің бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) арқылы ілгерілетуде сол өңірдегі медиа-нарықтың ерекшелігі, бизнес қауымдастықтың мәдени-танымдық ерекшеліктері және бизнес қажеттіліктерінің талдауы ескеріледі.
Компания инвесторлармен жұмыс істеуде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы және/немесе шетелдердегі инвестициялық іс-шараларға (форумдар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, конференциялар, семинарлар және т.б.) қатысу/ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру арқылы проактивті тәсілді ұстануды жалғастыратын болады.
Сондай-ақ инвестициялық алаңдарды зерделеу, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ әлеуетті бизнес-әріптестермен келіссөздер жүргізу шеңберінде инвесторлардың делегацияларында/ сапарларында бірге жүру жұмысы жалғасады.
Медиа-жоспарды құру және оны іске асырудан басқа, инвестициялық-экономикалық бағыттағы халықаралық және ішкі іс-шараларға қатысудың жүйеленген кестесі іске асырылатын болады. Мұндай іс-шараларға қатысу Компания үшін инвестициялық жобаларды атаулы ілгерілету, сондай-ақ әлеуетті әріптестермен тікелей байланыстар орнату бойынша маркетингтік құрал ретінде өте маңызды.
Ақпараттық қолдауды орталық деңгейде жүзеге асыру мақсатында инвесторларды өңірлердің бәсекелес артықшылықтары, инвестициялық инфрақұрылым объектілері, бизнес-бастамалар, перспективалы инвестициялық жобалар туралы шоғырландырылған ақпаратпен қамтамасыз ететін оларға арналған ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-порталын ілгерілету бойынша жұмыс жалғасады.
Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-порталында іске асырылып жатқан және жоспарланатын инвестициялық жобалардың, сондай-ақ қаржыландыруды талап ететін жобалардың тізімі/базасы бойынша ақпарат бар.
Келесі маңызды бағыт әкімдіктермен тығыз өзара іс-қимылда өткізілетін өңірлік форумдардың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мақсаты инвестициялық форумдарды өткізуде қабаттасу мен кездейсоқтықты жоққа шығару. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының бірыңғай ақпараттық және имидждік реңін қалыптастыру үшін Компания барлық өткізілетін инвестициялық іс-шараларға инвентаризация жүргізбек.
Бұл ретте Компания KAZAKH INVEST өткізетін іс-шаралардың бекітілген күнтізбесіне сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты хаттамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетеді.
Инвестициялық мүмкіндіктердің танылуын жоғарылату үшін елде "Қазақстанның инвестициялық бренді" жобасы іске асырылады. Қазақстанды зор инвестициялық әлеуеті бар, инвестиция үшін аса тартымды және бүкіл әлемдегі екпінді өзгерістермен бірге дамуға әзір ел ретінде көрсету жоспарланып отыр. Брендті оң қабылдау және сенім арту бірінші кезекте орналастырылған месседждің объективтілігіне байланысты. Қазақстанның инвестициялық бренді өзіндік, үйлесімді, жеңіл танылатын болады, елдің инвестициялар үшін нақты бәсекелес артықшылықтарын ашып, баса көрсететін болады.
Қазақстанға табысты инвестициялар тарихы маркетингтік бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігіне айналады, өйткені инвесторлар бірінші кезекте өздерінің алдындағылардың тәжірибелеріне назар аударады.
KAZAKH INVEST компаниясының маркетингтік стратегиясынан күтілетін нәтижелер – Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктердің танылуын жоғарылату және басты аудиториялармен (контрагент елдердің бизнес қоғамдастықтары мен үкіметтік органдары) қарым-қатынасты жақсарту.";
"Күтілетін нәтижелер" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтің 2-стратегиялық бағытының басты көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижесінде Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалардың саны жылына 15 бірлікке дейін жетеді деп күтілуде. Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан түскен өтініштерін/сұрау салуларын ұлғайту 2027 жылға қарай 115 %-ға дейін жетеді.";
екінші бөлік алып тасталсын;
"Қызметтің 3-стратегиялық бағыты – "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуеті" деген кіші бөлімде:
"Компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасының тиімді өзара іс-қимыл жүйесін құру" деген 3-мақсатта:
"Компания өкілеттіктерінің шетелдік желісін кеңейту" деген 1-міндетте:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазіргі уақытта KAZAKH INVEST компаниясының 9 басым елде (ҚХР, АҚШ, БАӘ, Германия, Нидерланды, Түркия, Катар, Үндістан, Оңтүстік Корея) өкілдері бар. Бұл өкілдер:";
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы даму жоспары шеңберінде Компанияның шет елдердегі өкілдерінің қызметі бойынша жаңа тәсілді іске асыру жоспарланып отыр, ол бюджет қаражаты бөлінген жағдайда мына факторларға негізделеді:
өкілдің мәртебесін күшейту;
Компания деңгейінде өкілеттіктердің бюджеттерін шоғырландыру;
өкілдіктерді инвесторларға ұсыну үшін нақты жобалар тізбесімен қамтамасыз ету;
инвесторлар бастамашылық еткен жобаларды іздеу және оларды KAZAKH INVEST-ке өңірлік және орталық деңгейлерде тиісті әріптестерді іріктеу үшін жіберу;
оларды іріктеу кезінде кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау арқылы олардың қызметін жетілдіру.";
"Өңірлердің инвестициялық белсенділігін дамыту" деген 2-міндетте:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Компания өз құзыреті және қаржылық мүмкіндіктері шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне инвестициялық ахуалға қанағаттану деңгейі бойынша инвесторларға сауалнама жүргізуді ескере отырып, өңірлердің инвестициялық рейтингін жүргізуге, экономикаға инвестициялар тарту үшін өңірлік және салалық шектеулерге талдау жүргізуге және анықталған проблемалық мәселелерді жою бойынша ұсынымдар мен жүйелі шаралар әзірлеуге жәрдемдесетін болады.";
"Бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларға сервистік қолдау көрсету" деген 3-міндеттің оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Компания перспективалы және жұмыс істеп жатқан инвесторлардың қажеттіліктері үшін жоғары сапалы өнімдер өндіру мен жеткізуді және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ мен "Атамекен" ҰКП-нің отандық өнім берушілерінің жалпыға қолжетімді тізбесін өз дерекқорымен интеграциялау бойынша шаралар қабылдайтын болады.";
"Инвесторлармен жұмыс рәсімін регламенттеу" деген 4-міндет мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алдағы уақытта IRM жүйесі бірыңғай инвестициялық платформа қолданысқа енгізілгеннен кейін оған біріктіріледі.";
"Күтілетін нәтижелер" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтің 3-стратегиялық бағыты бойынша түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижесінде тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстар дайындалады, сондай-ақ инвесторларды одан әрі таргеттей отырып, халықаралық стандартқа сәйкес басым салалар мен тауарлар/тауар топтары бойынша шолулар дайындалады. KAZAKH INVEST-тің ішкі әлеуетін дамыту туралы объективті ақпарат алу мақсатында корпоративтік дамуды бағалау жүргізіледі. Компаниядағы шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі 2027 жылға қарай 27 %-ға жетеді.";
екінші бөлік алып тасталсын;
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясына 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясына 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму стратегиясына 3-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакциядағы 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 951 қаулысына 1-қосымша |
1-13-сурет. KAZAKH INVEST қызметінің SWOT-талдауы
Мүмкіндіктер | Қауіптер | |
- Мемлекеттік саясат шеңберінде инвестициялар тарту мәселесіне баса назар аудару. |
- Елдегі инвестициялық ахуалдың экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлардың төмендеуі есебінен нашарлауы. | |
Мықты тұстары | Стратегиялық іс-қимыл | Стратегиялық іс-қимыл |
- Ұлттық компания мәртебесі. |
- Инвестициялық саясат тұжырымдамасын іске асыруға қатысу. |
- Елдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ілгерілету. |
Әлсіз тұстары | Стратегиялық іс-қимыл | Стратегиялық іс-қимыл |
- Компания тиімділігінің сыртқы бюрократиялық рәсімдерге тәуелділігі. |
- базалық бизнес ұсыныстар мен инвестициялық сұрауларды KAZAKH INVEST компаниясының өңірлік өкілі деңгейінде шоғырландырып, өңірлік және орталық деңгейлерде "бір терезе" қағидатын енгізу. |
- Инвестициялар тартудың белсенді тәсілдерін енгізу. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 951 қаулысына 2-қосымша |
|
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына 1-қосымша |
"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген KAZAKH INVEST қызметінің түйінді көрсеткіштерін енгізу негіздемесі және есептеу әдістемесі
I. Жалпы ережелер
1. Осы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген қызметтің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдістемесі көрсеткіштерді біркелкі есептеуге арналған.
2. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштер қажет:
1) экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны;
2) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны;
3) шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда енгізілген жобалар санының ұлғаюы;
4) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалар саны;
5) ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өсуі;
6) тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар және тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу;
7) корпоративтік басқару жүйесінің рейтингі;
8) шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайту.
II. "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген көрсеткіштерді енгізу негіздемесі және есептеу әдістемесі
1. "Экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны" көрсеткіші | ||
Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай. | |
Негіздеме | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы. | |
Есептеу формуласы (тәртібі) |
Даму жоспары іске асырыла бастағаннан бері басым секторларға тартылған трансұлттық компаниялардың (ТҰК), ірі компаниялардың және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың жиынтық саны. | |
Ақпарат көзі | "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері | |
2. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны | ||
Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 сәуіріне қарай. | |
Негіздеме | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы. | |
Есептеу формуласы (тәртібі) |
Ресми статистикалық деректер. | |
Ақпарат көзі | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық деректері | |
3. "Шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда енгізілген жобалар санының ұлғаюы" көрсеткіші | ||
Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай. | |
Негіздеме | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 730 қаулысымен бекітілген "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы | |
Есептеу формуласы (тәртібі) |
Шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда енгізілген жобалар саны. | |
Ақпарат көзі | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің әкімшілік деректері, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның деректері | |
4. "Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалар саны | ||
Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына қарай. | |
Негіздеме | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы. | |
Есептеу формуласы (тәртібі) |
Мемлекеттік органдарға жіберілген проблемалық учаскелерді және инвесторлардың қажеттіліктерін түсінуді бағалау нәтижелері базасында, оның ішінде олардың өтініштерін мониторингтеу және талдау, сондай-ақ инвесторлардың Қазақстаннан кетуіне мониторинг жүргізу және ықтимал себептерді талдау қорытындылары бойынша әзірленген заңнамалық бастамалардың саны. | |
Ақпарат көзі | "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ және/немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің деректері | |
5. "Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өсуі" көрсеткіші | ||
Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай. | |
Негіздеме | "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ бастамасы | |
Есептеу формуласы (тәртібі) | , мұнда А – ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өткен жылға қарағанда %-қ өсуі; В – ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салуларлардың есепті кезеңдегі саны; С – ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың есепті кезеңнен кейінгі кезеңдегі саны. Жоспарлы мәндер "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ ішкі құжаттарына сәйкес көрсетілген. | |
Ақпарат көздері | "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері. | |
6. "Тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар және тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу" көрсеткіші | ||
Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай. | |
Негіздеме | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы. | |
Есептеу формуласы (тәртібі) |
Инвесторлар үшін дайын инвестициялық ұсыныстардың саны. | |
Ақпарат көзі | "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері | |
7. "Корпоративтік басқару жүйесінің рейтингі" көрсеткіші | ||
Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері | Үш жылда бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына қарай. | |
Негіздеме | Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары | |
Есептеу формуласы (тәртібі) |
Корпоративтік басқару рейтингінің көрсеткішін үш жылда бір рет шарттық негізде тартылатын тәуелсіз ұйым береді. | |
Ақпарат көзі | Тәуелсіз ұйым деректері | |
8. "Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайту" көрсеткіші | ||
Кезеңділігі және қалыптастыру мерзімдері | Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына қарай. | |
Негіздеме |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы | |
Есептеу формуласы (тәртібі) | , мұнда А – шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесі; В – директорлар кеңесі, басқарма мүшелері және Компанияның құрылымдық бөлімшелері басшылары арасындағы әйелдердің саны; С – директорлар кеңесі, басқарма мүшелерінің және Компанияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының жалпы саны. Жоспарлы мәндер Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес көрсетілген. | |
Ақпарат көзі | "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ деректері |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 951 қаулысына 3-қосымша |
|
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына 2-қосымша |
"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыруға арналған стратегиялық бағыттар шеңберіндегі тәуекелдер
Р/с № | Стратегиялық бағыттарға қол жеткізудегі тәуекел немесе қауіп | Тәуекелдің туындауының ықтимал себептері (факторлары) | Тәуекелдің іске асырылуынан орын алуы мүмкін зардаптардың сипаттамасы | Алдын алу іс-шаралары |
1. | "Шетелдік инвестициялар" № 1 қызметтің стратегиялық бағытына қол жеткізбеудің тәуекелі: | |||
1.1 | Жаңа инвесторларды тарту бойынша мақсаттарға қол жеткізбеу |
Сыртқы факторлар: |
Сыртқы салдары: |
Қазақстан Республикасындағы тікелей шетелдік инвестициялар ағынының ағымдағы деңгейін талдау. |
2. | "Инвестициялық ахуал" № 2 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі | |||
2.1 | Елдегі инвестициялық ахуалдың нашарлауы |
Сыртқы факторлар: |
Сыртқы салдары: |
Тікелей шетелдік инвестициялар ағынының әлемдік рейтингтерінде Қазақстан Республикасының талдауы. |
3. | "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуетін дамыту" № 3 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі | |||
3.1 | KAZAKH INVEST қызметі тиімділігінің нашарлауы / беделдік тәуекелдер |
Сыртқы факторлар: |
Сыртқы салдары: |
Бұзушылық себептерін талдау, корпоративтік басқару жүйесін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру, оның ішінде Корпоративтік басқару кодексін өзектілендіру. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 951 қаулысына 4-қосымша |
|
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына 3-қосымша |
"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарында айқындалған KAZAKH INVEST қызметінің түйінді көрсеткіштері
ҚТК | Өлшем бірлігі | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1-стратегиялық бағыты "Инвестицияларды тарту" | |||||||||||
1-мақсат "Тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестицияларды тарту" | |||||||||||
Экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны | 2018 жылдан бастап жиынтық саны | 8 | 16 | 25 | 35 | 39 | 43 | 47 | 51 | 55 | 59 |
Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны | млрд АҚШ доллары | 24,0 | 24,4 | 24,8 | 25,1 | 25,5 | 25,8 | ||||
Шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда енгізілген жобалар санының ұлғаюы | Саны | 30 | 35 | 40 | 45 | 45 | 45 | 45 | |||
2-стратегиялық бағыты "Инвестициялық ахуал" | |||||||||||
2-мақсат "Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу" | |||||||||||
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалар саны | Бірлік | 12 | 12 | 13 | 13 | 14 | 15 | ||||
Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өсуі | % | 100% | 105% | 105% | 110% | 110% | 110% | 110% | 110% | 115% | 115% |
3-стратегиялық бағыты "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуеті" | |||||||||||
3-мақсат "Компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасының тиімді өзара іс қимыл жүйесін құру" | |||||||||||
Тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар мен тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу | Саны | 50 | 50 | 70 | 70 | 70 | 70 | 70 | 70 | 70 | 70 |
Корпоративтік басқару жүйесінің рейтингі | Бірлік | 1 | 1 | ||||||||
Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайту | % | 24,5 | 25 | 25,3 | 25,5 | 26 | 27 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 951 қаулысына 5-қосымша |
|
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2018 – 2027 жылдарға арналған даму жоспарына 4-қосымша |
"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ-ның стратегиялық картасы
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) бірінші деңгейдегі құжаты | МЖЖ екінші деңгейдегі құжаты | МЖЖ үшінші деңгейдегі құжаты | "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ ҚТК |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-стратегиялық бағыты "Инвестицияларды тарту" | |||
1-мақсат "Тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестицияларды тарту" | |||
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
Инвестициялық саясат тұжырымдамасы: |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары: | 1) экономиканың басым секторларына тартылған ТҰК, ірі компаниялар және "зәкірлік инвесторлармен" құрылған бірлескен кәсіпорындардың саны |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
Инвестициялық саясат тұжырымдамасы: |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары: | 2) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы: |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары: | 3) шетелдің қатысуымен шикізаттық емес секторларда іске асырылатын жобалар санын ұлғайту |
2-стратегиялық бағыты "Инвестициялық ахуал" | |||
2-мақсат "Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу" | |||
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
Инвестициялық саясат тұжырымдамасы: |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары: | 4) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамалардың саны |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
Инвестициялық саясат тұжырымдамасы: |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары: | 5) Ұлттық инвестициялық www.invest.gov.kz интернет-ресурсына инвесторлардан келіп түскен өтініштер/сұрау салулардың өсуі |
3-стратегиялық бағыты "Компанияның ұйымдастырушылық әлеуеті" | |||
3-мақсат "Компания қызметінің ішкі және сыртқы ортасының тиімді өзара іс қимыл жүйесін құру" | |||
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
Инвестициялық саясат тұжырымдамасы: |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары: | 6) тауашалы жобалар/басым тауарлар/тауар топтары арасынан инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық стандартқа сәйкес инвесторларды одан әрі таргеттей отырып басым салалар және тауарлар/тауар топтары бойынша шолуларды әзірлеу. |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
Инвестициялық саясат тұжырымдамасы: | 7) корпоративтік басқару жүйесінің рейтингі | |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары: |
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы: | 8) шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін ұлғайту |