"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды, Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 337-1) және 337-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"337-1) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйені сүйемелдеуді ұйымдастыру;
337-2) Министрлікке және оның ведомстволарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарға жолданған, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында, сұрау салуларында, ұсыныстарында, үн қосулар мен хабарларында көтерілетін жүйелі мәселелерді қарау, талдау, мониторингілеу және айқындау;";
мынадай мазмұндағы 367-1) тармақшамен толықтырылсын:
"367-1) әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарды бекіту;";
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Республикалық мемлекеттік мекемелер" деген бөлімде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |