Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 235-10), 235-11) және 235-12) тармақшалармен толықтырылсын:
"235-10) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
235-11) оқушылардың бойында толеранттылықтың, тұлғааралық және этносаралық коммуникациялардың жоғары мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық шаралар қабылдау және этносаралық қақтығыстарды анықтау;
235-12) оқушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды нығайтуға, оларда инклюзивті және мәдениетаралық өзара іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |