ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Үкіметінің 10.09.2024 № 731 (23.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне, "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамының "Ғарыштық техника және технологиялар институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.
2. "Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 819 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |