"Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 26 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 765 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2023 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Абай облысы.";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Абай облысы.

      8. Ұлытау облысы".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады