Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 48 қаулысы

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 48 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мүлік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қару-жарақ, әскери техника, арнайы құралдар және басқа да мүлік ұғымы пайдаланылады.

2-тарау. Мүлікті беру тәртібі

      3. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде негіз болған жағдайды жою жөніндегі мәселелерді жедел шешу және іс-шараларды жүргізу мақсатында құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезеңде жүзеге асырылады.

      4. Құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында төтенше жағдайды оқшаулау және жою кезінде мүлікті беру Мемлекеттік комиссияның немесе төтенше жағдай енгізілген жергілікті жер комендантының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      5. Төтенше жағдай кезінде мүлікті беру үшін:

      1) Мемлекеттік комиссия төрағасының немесе жергілікті жер комендантының атына мүліктің атауы мен санын көрсетіп, оған қажеттілік туралы мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі (еркін нысанда жасалады);

      2) қабылдауды-беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (ұйымдарды) көрсетіп, мүлікті дереу беру туралы Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының шешімі негіз болып табылады.

      6. Соғыс жағдайы енгізілген кезде мүлікті беру үшін:

      1) Қорғаныс кеңесі төрағасының атына мүліктің атауы мен санын көрсетіп, оған қажеттілік туралы мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі (еркін нысанда жасалады);

      2) қабылдауды-беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (ұйымдарды) көрсетіп, мүлікті дереу беру туралы Қорғаныс кеңесінің шешімі негіз болып табылады.

      7. Мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі және Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының, Қорғаныс кеңесінің шешімі негізінде мүлікті беру кіріс-шығыс құжаттарын (хабарлама, растау, жүкқұжат) қоса беріп, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті қабылдау-беру (орнын ауыстыру) актісімен (бұдан әрі – қабылдау-беру актісі) ресімделеді.

      8. Қабылдау-беру актісі екі данада жасалады, оған беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары (өкілдері) мен материалдық жауапты тұлғалары қол қояды.

      9. Қабылдау-беру актісі ресімделгеннен кейін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес кейіннен ресімдеу үшін мемлекеттік органның (мекеменің, ұйымның) бухгалтериясына беріледі.

  Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында және оның
жекелеген жергілікті жерлерінде
төтенше жағдай немесе соғыс
жағдайы енгізілген кезде құқық
қорғау органдары және арнаулы
мемлекеттік органдар,
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері, басқа да
әскерлер мен әскери құралымдар
арасында мүлікті беру
қағидаларына қосымша
  Нысан

________________________________ Мемлекеттік органның (мекеменің) атауы

Бекітемін:
Беруші тараптың мемлекеттік
органының (мекемесінің)
басшысы ____________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________ жылғы "____" _______
Мөр орны


Бекітемін:
Қабылдаушы тараптың мемлекеттік
органының (мекемесінің) басшысы
____________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________ жылғы "____" _________
Мөр орны

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті қабылдау-беру (орнын ауыстыру) актісі

Р/с

Мүлік атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Зауыттық нөмірі

Санаты

Баланстық құны

Техникалық жай-күйі жарамды/ақаулы

Шығарылған жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Беруші тараптың өкілі: _______________________________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      Қабылдаушы тараптың өкілі: _________________________________________

      лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының,

      Қорғаныс кеңесінің ________ жылғы "__" _______ № _____ шешімі негізінде

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      қабылданатын (берілетін) мүлік атауы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________ қарап-тексеру жүргізілді.

      Мүлікті берген: _____________________________________________________

      лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________ жылғы "__" _______________________________________________

      Мүлікті қабылдаған: _________________________________________________

      лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________ жылғы "__" _______________________________________________

      Беруші тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі _________________________

      Беруші тараптың бас бухгалтері ________________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қабылдаушы тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі ____________________

      Қабылдаушы тараптың бас бухгалтері ___________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады