"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2023 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 49 қаулысына қосымша |
2023 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.06.2023 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, | Саны |
1. | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері | 550 |
2. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі | 60 |
3. | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі | 16 |
4. | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы | 9 |
БАРЛЫҒЫ | 635 |