Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 84 қаулысы

      2023 жылы Астана халықаралық форумын тиімді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 84 қаулысымен
бекітілген

Астана халықаралық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу
нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты
орындаушы

Қаржыландыру көзі


1

2

3

4

5

6

Ұйымдастырушылық іс-шаралар

1.

Демеушілермен жұмыс, АХФ жұмысына әріптестерді тарту

ҰЭМ-мен келісілген материалдар топтамасы

2023 жылғы қаңтар –наурыз

QazExpoCongress (келісу бойынша), ҰЭМ, ЭЗИ ( келісу бойынша)

талап етілмейді
 

2.

АХФ жедел штабының жұмысын ұйымдастыру

QazExpoCongress
бұйрығы

2023 жылғы қаңтар –маусым

QazExpoCongress (келісу бойынша)
 

талап етілмейді
 

3.

Шақырылатын спикерлер мен модераторлардың тізімін қалыптастыру, ақылы негізде шақырылатын спикерлер тізімін айқындау

спикерлер тізімі

2023 жылғы қаңтар –мамыр

ҰЭМ, ЭЗИ (келісу бойынша), QazExpoCongress (келісу бойынша)

талап етілмейді
 

4.

АХФ-ның қазақстандық және шетелдік қатысушылары үшін шақырулар жіберу

шақыру хаттары

ҰЭМ, ЭЗИ (келісу бойынша), СІМ, ұйымдастыру комитеті, QazExpoCongress
(келісу бойынша)

талап етілмейді
 

5.

АХҚО экспат орталығының базасында АХФ шетелдік қатысушылары мен қонақтарына визалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының визасына шақыруларды ресімдеу және АХФ-ның шетелдік қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан Республикасының визаларын беру

жедел жұмыс тобы,
шетелдік қатысушылар үшін шақырулар және визалар

2023 жылғы ақпан –
маусым
 
 

СІМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, АХҚО (келісу бойынша)

талап етілмейді
 

6.

АХФ іс-шараларын безендірудің брендбугі мен дизайнын әзірлеу (үй-жайлар, залдар, баспа өнімдері, үлестірме материалдар, таныстырылым, AХФ өткізетін орынның сыртын безендіру)

брендбук
және дизайндарды бекіту хаттамасы

2023 жылғы
наурыз –маусым
 

QazExpoCongress (келісу бойынша)

республикалық бюджет/демеушілік қаражат

7.

АХФ спикерлері мен модераторлары үшін қонақүй нөмірлерін брондауды ұйымдастыру

брондалған
нөмірлер

 
2023 жылғы наурыз –маусым
 

QazExpoCongress (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі

демеушілік
қаражат/республикалық бюджет

8.

АХФ спикерлері мен модераторлары үшін авиабилеттерді брондауды (қажет болған жағдайда) ұйымдастыру

брондалған
авиабилеттер

QazExpoCongress (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ЭЗИ (келісу бойынша)

демеушілік
қаражат/республикалық бюджет

9.

AХФ вебсайты мен мобильді қосымшасын әзірлеу, жаппай онлайн хабар таратуды қоса алғанда, онлайн платформаны қамтамасыз ету, АХФ материалдарын (архитектура, спикерлер, хабарландырулар, жаңалықтар, қатысушылар мен әріптестер үшін анықтамалық ақпарат) сайтта орналастыру

АХФ сайты, онлайн платформа, АХФ мобильді қосымшасы
 

2023 жылғы наурыз –маусым

QazExpoCongress (келісу бойынша)

республикалық бюджет
 

10.

Сайтта және АХФ мобильді қосымшасында орналастыру үшін материалдарды үш тілге (қазақ, орыс, ағылшын) аудару

QazExpoCongress (келісу бойынша)

республикалық бюджет

11.

АХФ сайтында шетелдік және қазақстандық қатысушыларды тіркеуді қамтамасыз ету (ақылы және ақысыз негізде)

QazExpoCongress (келісу бойынша), СІМ

республикалық бюджет

12.

Қалалық қызметтермен өзара іс-қимыл (Астана қаласының әкімдігі, ТЖД, АХФ өткізілетін орындарда медициналық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру, АХФ өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету)

іс-қимыл жоспары
 

2023 жылғы сәуір –мамыр
 

QazExpoCongress (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ІІМ, ТЖМ

талап етілмейді
 

13.

Волонтерлік қызметті ұйымдастыру, оның ішінде жоғары оқу орындарының шет тілдерін білетін студенттері арасынан волонтерлердің қатысуын қамтамасыз ету

волонтерлер
тізімі
 

2023 жылғы
мамыр – маусым
 

QazExpoCongress (келісу бойынша), ҒЖБМ

республикалық бюджет

14.

Аударманы (синхронды,
дәйекті) қамтамасыз ету қызметтерін ұйымдастыру
 

қызмет көрсету шарттары

2023 жылғы мамыр – маусым
 

QazExpoCongress (келісу бойынша), СІМ

республикалық бюджет

15.

АХФ қатысушыларына үлестірме материалдар дайындау (әзірлеу, тираждау), кәдесыйлармен және үлестірме материалдармен, полиграфиямен қамтамасыз ету

үлестірме құжаттар
топтамасы және шығарылған кәдесыйлар мен үлестірме өнімдер
 

QazExpoCongress (келісу бойынша)

республикалық бюджет/ демеушілік
қаражат

16.

Қаланың АХФ өткізілетін орындарын, әуежайды және қатысушылар мен қонақтар жүретін бағдарларды безендіру

Астана қаласын сыртқы безендіру

Астана қаласының әкімдігі QazExpoCongress (келісу бойынша)
 

жергілікті бюджет/демеушілік
қаражат

17.

АХФ қатысушылары үшін тамақтандыруды (кофе-брейк, түскі ас) ұйымдастыру

тамақтану кестесі
 

QazExpoCongress (келісу бойынша), Астана қаласының әкiмдiгi, ПІБ (келiсу бойынша)

республикалық бюджет

18.

Кедендік және шекаралық бақылауды қамтамасыз ету/АХФ қатысушыларын ресімдеу

ҰЭМ-ге ақпарат

2023 жылғы мамыр – маусым
 
2023 жылғы мамыр –маусым
 

Қаржымині МКК, СІМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді
 

19.

Ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен және синхронды жабдықтармен (аудио, бейнежабдықтар, брендтеу, жиһаз және қажет болған кезде басқа да қосымша жабдықтар) қамтамасыз етуді қоса алғанда, АХФ өткізу алаңдарын техникалық жарақтандыру мен безендіруді ұйымдастыру

 
 
қызмет көрсету туралы шарттар

QazExpoCongress (келісу бойынша)

республикалық бюджет

20.

Қатысушыларға көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, оның ішінде келу орындарында қарсы алу/шығарып салу, спикерлер мен модераторларға байланыс офицерлерін бекіту

көліктік
қызмет көрсету кестелері

2023 жылғы мамыр –маусым

QazExpoCongress (келісу бойынша), ПІБ (келісу бойынша),
Астана қаласының әкімдігі

демеушілік
қаражат/республикалық қаражат
 

21.

Спикерлер мен модераторлардың келу кестесін, тұру бағдарламасын қалыптастыру

келу кестесі және тұру бағдарламасы

2023 жылғы мамыр – маусым

QazExpoCongress (келісу бойынша), ҰЭМ, ЭЗИ (келісу бойынша)

талап етілмейді
 

22.

AХФ іс-шаралары үшін үй-жайларды жалға алу

жалға алу туралы шарт

2023 жылғы мамыр – маусым

QazExpoCongress (келісу бойынша)

республикалық бюджет

23.

AХФ қатысушылары үшін мәдени бағдарламаны ұйымдастыру

АХФ мәдени бағдарламасы

2023 жылғы мамыр – маусым

МСМ, QazExpoCongress (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі

демеушілік қаражат

24.

Санитариялық мақсаттағы өніммен қамтамасыз ету (маскалар, санитайзерлер және басқалар), ПТР тестілеу

өнімді сатып алу туралы шарт

2023 жылғы мамыр – маусым

QazExpoCongress (келісу бойынша),
Астана қаласының әкімдігі

республикалық бюджет

Ақпараттық сүйемелдеу

25.

Шетелдік журналистерді шақыруды және аккредиттеуді ұйымдастыру

аккредиттелген журналистер тізімі

2023 жылғы ақпан –
маусым

СІМ, QazExpoCongress (келісу бойынша), ҰЭМ

талап етілмейді
 

26.

Алдағы АХФ бойынша шетелдік және қазақстандық БАҚ-та PR іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу (имидждік сипаттағы материалдарды қоса алғанда: деректі фильмдер, бейне-роликтер, мақалалар, баспасөз конференциялары)

медиа-жоспар
 

2023 жылғы сәуір –маусым

QazExpoCongress (келісу бойынша), АҚДМ, ҰЭМ, СІМ,

республикалық бюджет

27.

Қазақстандық журналистерді шақыруды және аккредиттеуді ұйымдастыру

аккредиттелген
журналистердің қатысуы
 

2023 жылғы сәуір –маусым

АҚДМ, QazExpoCongress (келісу бойынша), ҰЭМ

талап етілмейді

28.

АХФ үшін медиа контентті қалыптастыру және өндіру

медиа контент
(АХФ туралы бейнеролик)

2023 жылғы сәуір –
маусым

ҰЭМ, QazExpoCongress (келісу бойынша)

республикалық бюджет

29.

АХФ делегация басшылары мен мүшелері үшін концерттік бағдарлама өткізе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан ресми қабылдау ұйымдастыру

ресми
қабылдау бағдарламасы
 

2023 жылғы
мамыр – маусым

QazExpoCongress (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі

республикалық бюджет

Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар

30.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 210 "Астана экономикалық форумын ұйымдастыру және өткізу үшін "QazExpoCongress" ҰК" АҚ-ға нысаналы аударым" бюджеттік бағдарламасының атауын өзгерту туралы Қаржыминіне ұсыныс енгізу

Қаржыминіне ақпарат

2023 жылғы қаңтар –наурыз

ҰЭМ, Қаржымині, СИМ

талап етілмейді

31.

АХФ тұжырымдамасын, архитектурасын және бағдарламасын қалыптастыру

АХФ қалыптастырылған бағдарламасы мен архитектурасы

2023 жылғы қаңтар –
маусым

ҰЭМ, ЭЗИ (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ұйымдастыру комитеті, QazExpoCongress (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша)

талап етілмейді

32.

Пленарлық отырыстың бағдарламасын, спикерлер мен модераторлар тізімін қалыптастыру, спикерлермен және модераторлармен жұмыс, растауларды жинау

пленарлық отырыстың бағдарламасы

ҰЭМ, ЭЗИ (келісу бойынша), СІМ

талап етілмейді

33.

Қазақстан Республикасының ресми тұлғаларының сөз сөйлеу тезистерінің жобаларын дайындау

мазмұнды материалдар топтамасы

ҰЭМ, ЭЗИ (келісу бойынша)

талап етілмейді

34.

Ел басшыларының АХФ қонақтарымен/қатысушыларымен екіжақты кездесулерін ұйымдастыру

екіжақты
кездесулер кестесі

2023 жылғы сәуір – маусым

СІМ, ұйымдастыру комитеті

талап етілмейді

35.

AХФ пленарлық отырысын жоғары халықаралық деңгейде ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының
Үкіметіне ақпарат
 

2023 жылғы маусым
 

ҰЭМ, ЭЗИ (келісу бойынша),
QazExpoCongress (келісу бойынша)

талап етілмейді
 

36.

Шарттар мен келісімдерге қол қоюдың салтанатты рәсімін ұйымдастыру және өткізу

ҰЭМ, ЭЗИ (келісу бойынша), СІМ, QazExpoCongress (келісу бойынша)

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы

      АХФ – Астана халықаралық форумы

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қаржымині МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы     

      ПТР – полимеразды тізбекті реакция

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ТЖМ ТЖД – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар департаменті

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      "ЭЗИ" АҚ – "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы

      QazExpoCongress – "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады