Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органына жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2021 жылы республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 218 қаулысы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органына 224 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредит мынадай тәртіппен қайта құрылымдалсын:

      2021 жылғы 23 тамыздағы № 9МИО1203 кредиттік шарт бойынша Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының кредитті игеру кезеңін 2022 жылғы 10 желтоқсаннан 2023 жылғы 1 маусымға өзгерту.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, Маңғыстау облысының әкімі кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 10 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады