Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер үшін алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 220 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналарды:

      1) 2023 жылғы 15 наурыздан бастап 15 мамыр аралығындағы және 2023 жылғы 15 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнева және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ен салу және ғылыми зерттеулер үшін каспий итбалығының кейіннен табиғи мекендеу ортасына жіберілетін 156 дарағын;

      2) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қазан аралығындағы кезеңде Алматы және Жетісу облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан жөндеу-аналық табындарды қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды жолмен молықтыру үшін ғылыми зерттеулер мақсатында 500 килограмм көлемінде арал пілмайын;

      3) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 1 қазан аралығындағы кезеңде Қызылорда облысының шегінде Сырдария өзенінен жөндеу-аналық табындарды қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды жолмен молықтыру үшін ғылыми зерттеулер мақсатында 300 килограмм көлемінде арал қаязын;

      4) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 30 қазан аралығындағы кезеңде Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының шегінде Ертіс өзенінен жөндеу-аналық табындарды қалыптастыру және оларды кейіннен жасанды жолмен молықтыру үшін ғылыми зерттеулер мақсатында 200 килограмм көлемінде сібір бекіресін алу рұқсат етілсін.

      2. Арал пілмайы мен сібір бекіресінің бір килограмын алу үшін төлемақы мөлшерлемесі 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және арал қаязының бір килограмын алу үшін 0,013 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға каспий итбалықтарының дарақтарын, арал пілмайын, арал қаязын және сібір бекіресін ғылыми зерттеулер үшін алудың көрсетілген көлемдеріне рұқсат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады