"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 335 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      ​15-тармақта:

      509) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "509) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;";

      548) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "548) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 758-14), 758-15), 758-16), 758-17), 758-18), 758-19), 758-20), 758-21), 758-22), 758-23), 758-24), 758-25), 758-26), 758-27), 758-28), 758-29) және 758-30) тармақшалармен толықтырылсын:

      "758-14) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      758-15) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын сатып алу, пайдалану;

      758-16) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерін тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      758-17) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарын тоқтату, оларды қарап-тексеруді, жете тексеруді жүргізу;

      758-18) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды және көлік құралдарын қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;

      758-19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін әзірлеу;

      758-20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін, деректерді беру жүйелерін, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау, сатып алу және пайдалану;

      758-21) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      758-22) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;

      758-23) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру;

      758-24) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асыру;

      758-25) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына немесе транзитіне тыйым салу туралы шешім қабылдау;

      758-26) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      758-27) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, сарапшыларды және мамандарды тарту;

      758-28) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу тәртібін айқындау;

      758-29) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша электрондық кезек жүйесін әзірлеуді, ендіруді және оның жұмыс істеуін, сондай-ақ автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізгені және электрондық кезекті брондағаны үшін төлемақы алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      758-30) монополияға қарсы органмен келісу бойынша автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізгені, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өткені үшін төлемақы мөлшерін айқындау;".

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады