Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2021 − 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында айқындалған және осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесіне және осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесіне сәйкес жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС нысаналы тобы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатынн "3", "4" және "5" жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы тетікке 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 11,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.
Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.
Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.
Бұл ретте экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі экономиканың тиісті салаларына жетекшілік ететін уәкілетті органдардың жобалардың қаржылық орнықтылығы, орташа рентабельділігі, капитал сыйымдылығы және экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесіне енгізуге ұсынылатын ЭҚЖЖ бойынша кредиттерді қайтармау тәуекелдері бойынша талдау қорытындылары бар ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Осы тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.
ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі, әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл шарт осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.
Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.".
басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшамен толықтырылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетін және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысына 1-қосымша Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша |
Агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салаларының тізбесі
Р/с № | Тауарлар тобының атауы | Р/с № | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ | ||||
1. | Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну | 1. | Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ дақылдарды және майлы тұқымдарды өсіру | 0111 |
2. | Күріш өсіру | 0112 | ||
3. | Көкөністер мен бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру | 0113 | ||
4. | Тоқыма дақылдарды өсіру | 0116 | ||
5. | Өзге де бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру | 0119 | ||
6. | Жүзімді өсіру | 0121 | ||
7. | Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру | 0124 | ||
8. | Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру | 0125 | ||
9. | Сүтті бағыттағы ірі қара малды өсіру | 0141 | ||
10. | Өзге де ірі қара малды және енекелерді көбейту | 0142 | ||
11. | Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды өсіру | 0143 | ||
12. | Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру | 0144 | ||
13. | Қойларды және ешкілерді өсіру | 0145 | ||
14. | Шошқаларды өсіру | 0146 | ||
15. | Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру | 0147 | ||
16. | Жануарлардың өзге түрлерін өсіру | 01491 | ||
17. | Астықты өңдеу жөніндегі қызмет | 0163 | ||
2. | Балық аулау | 18. | Тұщы суда балық аулау | 0312 |
19. | Теңізде балық өсіру | 0321 | ||
20. | Тұщы суда балық өсіру | 0322 | ||
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ | ||||
3. | Тамақ өнімдерін өндіру | 21. | Тамақ өнімдерін өндіру | 102 |
4. | Сусындар өндіру | 22. | Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру | 11013 |
23. | Уыт өндіру | 1106 | ||
24. | Минералды суларды және басқа да алкогольсіз сусындарды өндіру | 1107 | ||
5. | Тоқыма бұйымдарын өндіру | 25. | Тоқыма бұйымдарын өндіру | 13 |
6. | Киім өндіру | 26. | Үлбірден тігілген киімді қоспағанда, киім өндіру | 14.1 |
27. | Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру | 14.3 | ||
7. | Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру | 28. | Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру | 15 |
8. | Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру | 29. | Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру | 16 |
9. | Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру | 30. | Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру | 17 |
10. | Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту | 31. | Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну | 18.1 |
11. | Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | 32. | Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру | 19.2 |
12. | Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру | 33. | Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру | 20.14 |
34. | Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру | 20.2 | ||
35. | Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш заттар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру | 20.3 | ||
36. | Сабын, жуу, тазалау, жылтырату, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру | 20.4 | ||
37. | Сіріңке өндіру | 20512 | ||
38. | Желім өндіру | 2052 | ||
39. | Эфир майларын өндіру | 2053 | ||
40. | Фотоматериалдар өндіру | 20591 | ||
41. | Желатин өндіру | 20592 | ||
42. | Тоқыма бұйымдарын әрлеуде пайдаланылатын материалдарды өндіру | 20593 | ||
43. | Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелерді, наноталшықтарды және басқа көміртекті наноматериалдарды өндіру | 20594 | ||
44. | Басқа химиялық өнімдер өндіру | 20599 | ||
45. | Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру | 2060 | ||
13. | Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру | 46. | Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру | 21 |
14. | Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру | 47. | Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру | 22 |
15. | Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру | 48. | Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру | 23 |
16. | Металлургия өндірісі | 49. | Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру | 2410 |
50. | Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру | 2420 | ||
51. | Салқындай сымдау | 2431 | ||
52. | Суықтай қалыптау немесе ию | 2433 | ||
53. | Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру | 2434 | ||
17. | Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру | 54. | Металл есіктер мен терезелер өндіру | 2512 |
55. | Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру | 2521 | ||
56. | Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия | 25.5 | ||
57. | Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері | 25.6 | ||
58. | Пышақ бұйымдарын, аспаптарды және темір бұйымдарын өндіру | 25.7 | ||
59. | Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру | 25.95 | ||
18. | Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру | 60. | Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру | 266 |
19. | Электр жабдықтарын өндіру | 61. | Электр жабдықтарын өндіру | 27 |
20. | Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру | 62. | Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру | 2812 |
63. | Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру | 2814 | ||
64. | Лифт өндіру | 28224 | ||
65. | Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлер мен перифериялық жабдықты қоспағанда) | 2823 | ||
66. | Механикаландырылған қол аспаптарын өндіру | 2824 | ||
67. | Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру | 2825 | ||
68. | Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру | 2829 | ||
69. | Ауылшаруашылық машиналарын өндіру | 28302 | ||
21. | Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру | 70. | Автомобильдер өндіру | 29.1 |
71. | Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру | 29201 | ||
72. | Автомобильдердің бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру | 2932 | ||
22. | Өзге де көлік құралдарын өндіру | 73. | Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру | 30.2 |
23. | Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру | 74. | Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру | 30.9 |
24. | Жиһаз өндіру | 75. | Жиһаз өндіру | 31 |
25. | Өзге де дайын бұйымдар өндіру | 76. | Өзге де дайын бұйымдар өндіру | 32 |
26. | Электр энергиясын өндіру | 77. | Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35112 |
78. | Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35114 | ||
79. | Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35115 | ||
80. | Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35119 |
Ескертпелер:
1 Ара өсіру, бал және ара балауызын өндіру жобалары ғана қаржыландырылады.
2 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктерін, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өнеркәсіптік тазалауды және шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты өңдеу және консервілеу.
3 Спирттік ішімдіктер өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту.
4 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды өндіру.
5 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.
6 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысына 2-қосымша |
|
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 3-қосымша |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі
Р/с | Тауарлар тобының атауы |
Р/с | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ | ||||
1. | Көмір өндіру | 1. | Тас көмірді байыту | 051031 |
Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру | 2. | Тұз өндіру | 0893 | |
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ | ||||
2. | Суды жинау, өңдеу және тарату | 3. | Суды жинау, өңдеу және тарату | 36 |
3. | Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) | 4. | Қауіпсіз қалдықтарды жинау | 3811 |
КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ | ||||
4. | Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі | 5. | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі | 49392 |
5. | Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі | 6. | Жүктерді қоймаға қою және сақтау | 523 |
6 | Жүктерді қоймаға қою және қосалқы көлік қызметі | 7. | Жүктерді қоймаға қою және сақтау | 52104 |
ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ | ||||
7. | Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету | 8. | Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі | 55105 |
9. | Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру | 55205 | ||
10. | кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі | 55305 | ||
11. | Тұруға арналған өзге де орындардың көрсетілетін қызметтері | 55906 | ||
АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС | ||||
8. | Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер | 12. | Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет | 6201 |
9. | Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет | 13. | Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет | 63 |
БІЛІМ БЕРУ | ||||
10. | Білім беру | 14. | Білім беру | 857 |
15. | Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері | 85.59 | ||
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ | ||||
11. | Денсаулық сақтау саласындағы қызмет | 16. | Денсаулық сақтау саласындағы қызмет | 868 |
Ескертпелер:
1 Үйіндіден бөліп алынған тас көмір.
2 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы және арқанды көтергіштері қалалық және қалааралық көлік тасымалы жүйесіне кірмесе, оларды басқару.
3 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.
4 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.
5 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
6 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.
7 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.
8 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жарақтандыру, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысына 3-қосымша |
|
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымша |
Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі
Р/с | Экономикалық қызмет түрлерініңжалпы жіктеуішінің атауы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
1 | 2 | 3 |
1. | Сүтті мал тұқымын өсіру | 01410 |
2. | Құс шаруашылығы | 01471 |
3. | Етті өңдеу және консервілеу | 10110 |
4. | Ауылшаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу | 10120 |
5. | Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндіру | 10130 |
6. | Сүт өңдеу және ірімшік жасау | 10511 |
7. | Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндіру | 10910 |
8. | Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру | 13102 |
9. | Ағаштан шпон, фанералар, тақтайлар және панельдер өндіру | 16210 |
10. | Қағаз және картон өндіру | 17120 |
11. | Бедерленген қағаз және картон өндіру | 17211 |
12. | Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын өндіру | 17220 |
13. | Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндіру | 20151 |
14. | Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру | 20200 |
15. | Бояулар, лактар, эмальдар және оларға арналған минералды пигменттер өндіру | 20301 |
16. | Сабын және жуу, тазалау және жылтырату құралдарын өндіру | 20410 |
17. | Басқа химиялық өнімдер өндіру | 20599 |
18. | Фармацевтикалық препараттар өндіру | 21201 |
19. | Жұмсақ жабындық және гидрооқшаулау материалдарын өндіру | 23993 |
20. | Отыруға арналған орындықтарды және басқа да жиһазды қоспағанда, офистер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаз өндіру | 31012 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысына 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысына 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысына 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 342 қаулысына 7-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.