2014 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Қуандықұлы Еркімбаев "ЭКСПО-2025 Осака" дүниежүзілік көрмесіндегі секцияның Бас комиссары болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |