Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыровқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 455 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісім
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын 2013 жылғы 18 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі – АДБ) арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – БТАБ) өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум), сондай-ақ 2015 жылғы 25 сәуірде, 2017 жылғы 26 желтоқсанда және 2019 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылған қосымша келісімдер арқылы Тараптар Меморандумға енгізген өзгерістер мен толықтыруларға сілтеме жасай отырып;
Тараптар Меморандумға (қосымша келісімдер редакцияларына) мынадай өзгерістер мен толықтыруларға келісті:
1. Меморандум кіріспесінің үшінші абзацы (2017 ж. 26 желтоқсандағы Қосымша келісімнің редакциясында) алып тасталсын;
3.10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.10. 2013 – 2020 жылдары Тараптар жалпы мөлшері 5500000 АҚШ долларын бөліп, әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді және жалпы мөлшері 2340000 АҚШ долларын бөліп, жобалар дайындауды тең үлестермен қаржыландырды.
2023 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңде Тараптар жалпы мөлшері 3000000 АҚШ долларын бөліп, әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді тең үлестермен қаржыландырады.
Меморандумның қолданылу мерзімі аяқталатын күні пайдаланылмаған қаражат болған жағдайда оларды БТАБ шеңберінде зерттеулерді және жобаларды іске асыруға толық пайдалану бойынша шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен АДБ арасында хат алмасу арқылы жүргізіледі.
Үкімет (АҚШ долл.) | АДБ (АҚШ долл.) | БТАБ барлығы (АҚШ долл.) | ||||||||
Күні | ЭӘЗ | ЖД | Жиыны | ЭӘЗ | ЖД | Жиыны | ЭӘЗ | ЖД | Жиыны | |
2013 – 2014 | 250,000 | - | 250,000 | 250,000 | - | 250,000 | 500,000 | - | 500,000 | |
2015 –2016 | 1,000,000 | 1,500,000 | 2,500,000 | 500,000 |
840,000 | 1,340,000 | 1,500,000 | 2,340,000 | 3,840,000 | |
2017 – 2018 | 500,000 | - | 500,000 | 1,000,000 | - | 1,000,000 | 1,500,000 | - | 1,500,000 | |
2019 –2020 | 1,000,000 | - | 1,000,000 | 1,000,000 | - | 1,000,000 | 2,000,000 | - | 2,000,000 | |
2023 | 500,000 | - | 500,000 | 1,500,000 | - | 1,500,000 | 2,000,000 | - | 2,000,000 | |
2024 | 500,000 | - | 500,000 | - | - | - | 500,000 | - | 500,000 | |
2025 | 500,000 | - | 500,000 | - | - | - | 500,000 | - | 500,000 | |
Барлығы | 4,250,000 | 1,500,000 | 5,750,000 | 4,250,000 | 840,000 | 5,090,000 | 8,500,000 | 2,340,000 | 10,840,000 |
Ескертпе: ЭӘЗ = экономикалық және әлеуметтік зерттеулер; ЖД = жобаларды дайындау
";
5.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5.3. Осы Меморандум Тараптардың екеуі де қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады. Осы Меморандумға қатысты Тараптар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар дауды бейбіт түрде шешуге қол жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдайды.".
2. Осы Қосымша келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Тараптар Қосымша келісімге 2023 жылғы " " _______ Астана қаласында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада қол қойды. Даулар немесе түсінбеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі нұсқасының күші басым.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Азия Даму Банкі үшін |