ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттері айқындалсын.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 473 қаулысына қосымша |
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттері
Р/с № | Қаржы құралының түрі | Инвестициялау лимиті |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі банк шоттарындағы ақшаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмитенттерді қоса алғанда) | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің қырық пайызынан кем емес |
2. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он бес пайызынан аспайды |
3. | Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "А-" -дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің отыз пайызынан аспайды |
4. | Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "ВВ-"-дан төмен емес немесе Fitch немесе Moody’s Investors Service рейтингіне тең, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялары, корпоративтік облигациялар | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің қырық пайызынан аспайды |
5. | Орталық контрагенттің қызметтерін пайдаланылатын кері РЕПО мәмілелері | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің елу пайызынан аспайды |
6. | Еуразия даму банкінің облигациялары | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайды |