"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 518 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 866 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;";

      47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) мемлекеттік органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеу және бекіту;

      48) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсыну;";

      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "88-1) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 136-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "136-1) телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 154-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "154-1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 186-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "186-2) орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін әзірлеу;";

      233) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "233) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларын және оның номинацияларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 233-1), 233-2) және 233-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "233-1) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының ақшалай сыйақы мөлшерiн бекіту;

      233-2) "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      233-3) "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының мөлшері мен санын бекіту;";

      259-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "259-11) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      259-12) тармақша алып тасталсын;

      259-13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "259-13) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады