Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 2 тамыздағы
№ 632 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі

      1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:

      1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;

      2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;

      3) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

      4) корпоративтік бағалы қағаздар;

      5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;

      6) жылжымайтын мүлік (Mortgage Backed Security) және активтер (Asset Backed Security) кепілдігіндегі бағалы қағаздар;

      7) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;

      8) РЕПО және кері РЕПО операциялары;

      9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);

      10) туынды қаржы құралдары;

      11) құрылымдық өнімдер;

      12) валюталар;

      13) ақша нарығының қорлары;

      14) құймадағы және металл шоттардағы алтын;

      15) исламдық қаржыландыру құралдары.

      2. Қазақстанның қаржы құралдары:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      2) РЕПО және кері РЕПО операциялары;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары;

      4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттелген облигацияларын қоспағанда, борыштық бағалы қағаздары;

      5) теңгемен, шетел валютасымен және алтынмен депозиттер (салымдар);

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен және (немесе) кепілгерлігімен шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      7) туынды қаржы құралдары;

      8) құймадағы және металл шоттардағы алтын;

      9) исламдық қаржыландыру құралдары;

      10) квазимемлекеттік сектордың және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын қоспағанда, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      11) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;

      12) жылжымайтын мүлік (Mortgage Backed Security) және активтер (Asset Backed Security) кепілдігіндегі бағалы қағаздар.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 2 тамыздағы
№ 632 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысы.

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 901 қаулысы.

      3. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 наурыздағы № 119 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады