"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 901 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 632 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 98-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 901 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі

      1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:

      1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;

      2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;

      3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;

      4) корпоративтік бағалы қағаздар;

      5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;

      6) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;

      7) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;

      8) РЕПО және кері РЕПО операциялары;

      9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);

      10) туынды қаржы құралдары;

      11) құрылымдық өнімдер;

      12) валюталар;

      13) ақша нарығы қорлары;

      14) құймадағы және металл шоттардағы алтын;

      15) исламдық қаржыландыру құралдары.

      2. Қазақстанның қаржы құралдары:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      2) РЕПО және кері РЕПО операциялары;

      3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 31) тармақшасында айқындалған борыштық бағалы қағаздары;

      4) Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің реттелген облигацияларын қоспағанда, борыштық бағалы қағаздары;

      5) теңгемен, шетел валютасымен және алтынмен депозиттер (салымдар);

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен және (немесе) кепілгерлігімен шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      7) туынды қаржы құралдары;

      8) құйма және металл шоттардағы алтын;

      9) исламдық қаржыландыру құралдары;

      10) квазимемлекеттік сектордың және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын қоспағанда, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      11) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;

      12) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады