ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесінде:
көрсетілген Ережеге 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Бағалаудың жиынтық кестесі ___________________________________________________________ (заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)
Өлшемшарттар және өлшемшарттардың құрамдас бөліктері | Балмен берілген ең жоғары баға | Өзін-өзі балмен бағалау | Балл түріндегі бағалар | ||
Өңірдегі сараптамалық топ | Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы | Кәсіпорынға барудың қортындылары бойынша | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мақсатты тұжырымдауды сипаттайтын өлшемшарттар (1.1-2.4) | 200 | ||||
1. Мақсат, пайым және стратегия | 100 | ||||
1.1 Мақсат пен пайымды айқындау | 20 | ||||
1.2 Мүдделі тараптардың қажеттіліктерін айқындау және түсіну | 20 | ||||
1.3 Экожүйені, өзіндік мүмкіндіктерді және негізгі қиындықтарды түсіну | 20 | ||||
1.4 Стратегияны әзірлеу | 20 | ||||
1.5 Менеджмент және нәтижелілікті басқару жүйесін әзірлеу және енгізу | 20 | ||||
2. Ұйымдастырушылық мәдениет және көшбасшылық | 100 | ||||
2.1 Мәдениетті басқару және ұйымның құндылықтарын құру | 25 | ||||
2.2 Өзгерістерді іске асыру үшін жағдайлар жасау | 25 | ||||
2.3 Шығармашылық пен инновацияларды енгізу | 25 | ||||
2.4 Адамдарды біріктіру және оларды мақсатқа, пайым мен стратегияға қол жеткізу процесіне тарту | 25 | ||||
Әрекеттерді сипаттайтын өлшемшарттар (3.1-5.5) | 400 | ||||
3. Мүдделі тараптарды тарту | 100* | ||||
3.1 Тұтынушылар: орнықты өзара қарым-қатынас құру | ___(10...40) | ||||
3.2 Адамдар: іріктеу, тарту, дамыту және сақтап қалу | ___(10...40) | ||||
3.3 Бизнестегі және билік органдарындағы мүдделі тараптар: ұйымды сенімді және үнемі қолдау | ___(10...40) | ||||
3.4 Қоғам: дамуға, әл-ауқатқа және өркендеуге жәрдемдесу | ___(10...40) | ||||
3.5 Әріптестер мен өнім берушілер: өзара тиімді қарым-қатынас құру және орнықты құндылық қалыптастыру үшін оларды қолдауды қамтамасыз ету | ___(10...40) | ||||
4. Орнықты құндылық қалыптастыру | 200 | ||||
4.1 Құндылықтарды әзірлеу және оларды қалыптастыру әдістері | 50 | ||||
4.2 Байланыс және құндылықтарды дәріптеу | 50 | ||||
4.3 Құндылықтарды қалыптастыру | 50 | ||||
4.4 Үздік практикаларды анықтау және ұйымда пайдалану | 50 | ||||
5. Нәтижелілікті және трансформацияны басқару: | 100 | ||||
5.1 Нәтижелілікті және тәуекелдерді басқару | 20 | ||||
5.2 Трансформация және болашақ ұйымын құру | 20 | ||||
5.3 Инновацияларды және тұйық цикл технологияларын басқару | 20 | ||||
5.4 Деректерді, ақпаратты және білімді басқару | 20 | ||||
5.5 Активтер мен ресурстарды басқару | 20 | ||||
Нәтижелерді сипаттайтын өлшемшарттар (6-7) | 400 | ||||
6. Мүдделі тараптарды қабылдау нәтижелері | 200 | ||||
7. Стратегиялық және операциялық нәтижелер | 200 | ||||
Барлығы: | 1000 |
Тұжырымдар:____________________________________________________
Ұсыныстар:____________________________________________
_______ жылғы "___" _____________
Т.А.Ә. ____________________________________________________________
(сараптамалық топ төрағасының қолы)
* Бағалау басталғанға дейін құрамдас бөліктерінің маңыздылығын ұйым өзі анықтағаны жөн. Әрбір құрамдас бөліктерінің маңыздылығы 10-нан 40 балға дейін болуы мүмкін. Маңыздылығы 5 балға дейін дөңгелектеу арқылы белгіленеді. Өлшемшарт бойынша құрамдас бөліктерінің жалпы жиынтығы 100 балл болуға тиіс.