Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Үйгентас орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 3,7934 гектар жер учаскелерi өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Жетісу облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 480-515 км учаскесін реконструкциялау (салу) үшін "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Комитет) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 684 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, |
Орманмен |
Орманмен көмкерілмеген, | |
алаңқайлар |
басқа | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
"Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Үйгентас орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 3,7934 | 1,2 | 0,2934 | 2,3 |
Барлығы: | 3,7934 | 1,2 | 0,2934 | 2,3 |