Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Жоспарда көзделген
іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл қорытындыcы бойынша 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл қорытындысы бойынша 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 738 қаулысымен бекітілген |
Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары
Алтай ауданының әкімшілік-аумақтық құрамына 2 қала, оның ішінде Серебрянск қаласы кіреді.
Мынадай: тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру және тарату, жылумен және сумен жабдықтау салаларынан тұратын өнеркәсіп қаланы экономикалық дамытудың негізгі драйвері болып табылады. Өнеркәсіп құрылымындағы ең көп үлес салмақ электр энергиясын өндіруге және таратуға тиесілі.
Өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары "Қазцинк" ЖШС Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені (электр энергиясын өндіру, беру және тарату), "Қазақстан су жолдары" РМҚК гидротехникалық құрылыс жайларының филиалы, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Серебрянск жол дистанциясы (теміржолмен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар), "Серебрянское ПАТП" ЖШС (автожолаушылар тасымалы), "Сәулет" ЖШС (құрылыс жұмыстары), "Дигорос" ЖШС (тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және кәдеге жарату) болып табылады.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында қаланың өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 4,3 миллиард (2021 жылы – 4,1 миллиард теңге) теңгені құрады. Электр энергиясын өндіру 2693,6 миллион кВт/сағатты (2021 жылы – 2974,1 миллион кВТ/сағат) құрады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының саны 7,2 мың адамды, жұмыс күшінің саны 3,1 мың адамды немесе жалпы халық санының 43,1 %-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі – 4,2 %. Әртүрлі қызмет салаларындағы (азық-түлік тағамдары мен өнеркәсіптік тауарларды бөлшек саудада сату, қоғамдық тамақтандыру, көлік тасымалдары және басқа да әлеуметтік көрсетілетін қызметтер) шағын және орта кәсіпкерліктегі (бұдан әрі – ШОК) жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 30 %-ды құрайды.
Жалпы білім беретін 3 мектеп (824 білім алушы), кәсіптік технологиялық колледж (139 білім алушы), 2 мамандандырылған оқу орны: "ШҚО ББ Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы" КММ (82 тәрбиеленуші) және "ШҚО ББ Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат" КММ (22 тәрбиеленуші), 2 балабақша (268 бала), "Серебрянск қаласының балалар музыка мектебі" КМҚК (248 оқушы), "Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ (324 оқушы) жұмыс істейді. Осы мекемелердегі білім алушылардың жалпы саны 1907 адамды құрайды. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 98 %, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100 %-ды құрайды. Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелер тапшылығы жоқ.
Қалада 331 ШОК субъектісі тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны – 296 бірлік. Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілері құрылымында негізгі үлес жеке кәсіпкерлерге – 277 бірлік (93,6 %), заңды тұлғаларға 19 бірлік (6,4 %) тиесілі. ШОК-тың негізгі қызмет саласын азық-түлік тағамдары мен өнеркәсіп тауарларын бөлшек саудада сату, қоғамдық тамақтандыру, көліктік тасымалдаулар құрайды.
Халыққа медициналық қызметтерді құрамында емханасы мен стационары бар "Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК көрсетеді. 2022 жылы аналардың, нәрестелердің өлім-жітімі тіркелмеген. 2021 жылмен салыстырғанда өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 11,4-тен 10,6 жағдайға дейін төмендеді.
"Горняк" мәдениет орталығы, 30 орынға арналған ересектер мен балалар кітапханасы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спортзал, 6 ашық спорт алаңы, балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.
Қала жолдарының ұзындығы 69 километр, оның ішінде қатты жабыны бар – 54 километр. Жол төсемінің тозуы 75 %-ды құрайды.
Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 64,9 километрді, желілердің тозуы 91 % құрайды. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 90 % құрайды. Жылумен қамтамасыз ету желілерінің жалпы ұзындығы 25,8 километрді, желілердің тозуы 80 %-ды құрайды.
Қаланың тұрғын үй қорын жалпы ауданы 179,1 мың шаршы метрді құрайтын 1329 үй, оның ішінде 103 көпқабатты үй құрайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар 159 адам, оның ішінде жетім балалар – 145 адам, 1 көпбалалы отбасы, зейнеткерлер, толық емес отбасылар – 13 адам. Қала экономикасын дамытуды инвестициялар тарту және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға, жаңа өндірістерді ұйымдастыру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттау жоспарланған.
Өңдеу және энергетика өнеркәсібі өнеркәсіптің дамушы бағыттары болып табылады. Алдағы уақытта инвесторлар тарту үшін бейорганикалық өндіріс зауытын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру объект пен қаланың инвестициялық тартымдылығын сақтауға, сондай-ақ өнеркәсіпті дамытуға ықпал ететін болады, бұл облыс ішіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, өңірдің шикізаттық емес экспорт өнімдері көлемінің артуына оң әсер етеді.
Бұл ретте алдағы уақытта мына мәселелерді шешу жоспарланып отыр:
1) Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының қызметін инвестор тарту арқылы жандандыру және 150 жұмыс орнын құру;
2) ШОК-ты дамыту;
3) халықты жұмыспен қамту;
4) білім беру объектілерін жөндеу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту (жылу, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері, шатырлар, терезе блоктарын ауыстыру және сол сияқты тағы басқалары);
5) қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізу;
6) Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының бұрынғы әкімшілік ғимаратын мәдениет, спорт және демалыс орталығы етіп реконструкциялау;
7) Серебрянск қаласының инженерлік желілерінің, қазандығының жай-күйін жақсарту (су және жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау талап етіледі, тозуы 80 %-дан астам);
8) қанағаттанарлықсыз жағдайдағы 30 километр жол немесе 43,5 %-ын реконструкциялау;
9) кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің жетіспеушілігі мәселесін шешу;
10) төтенше жағдайлардың алдын алу, құлақтандыру жүйесінің қалалық басқару пультін, сирена-сөйлеу құрылғыларын, телерадио хабарларын таратуды бұрып алу жүйесін енгізу талап етіледі.
Тұтастай алғанда, Кешенді жоспарда Серебрянск қаласын теңгерімді дамыту көзделген. Ол 20 ұйымдастыру және іске асыру іс-шараларынан тұрады, олар республикалық, жергілікті бюджеттер шеңберінде және басқа да көздерді тарту есебінен қаржыландырылатын болады. Іс-шаралардың жалпы санынан 4 тармақты басқа көздер есебінен (1091,2 миллион теңге немесе жалпы қаржыландыру сомасының 15,8 %-ы), 16 іс-шараны республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен іске асыру жоспарлануда (РБ – 3061 миллион теңге немесе 44,2 %, ЖБ – 2766,4 миллион теңге немесе 40 %).
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көлемі, | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Күтілетін нәтижелер: | ||||||
1. | тыныс алу органдарын қорғау құралдарын өндіруді жылына 3000 бірлікке дейін қайта жаңарту есебінен өнеркәсіп өндірісін 8,5 миллиард теңгеге дейін (2022 жыл – 6,3 миллиард теңге) ұлғайту; | |||||
2. | экономиканың нақты секторында жобаларды және халықты жұмыспен қамтамасыз ету іс-шараларын іске асыру есебінен 700-ден астам жұмыс орнын құру; | |||||
3. | халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету (40 адам); | |||||
4. | жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың үлесін 69,5 %-ға дейін ұлғайту (2022 жылы – 56,5 %); | |||||
5. | халықты іркіліссіз сапасы жоғары орталықтандырылған сумен жабдықтау 100 %-ға дейін (2022 жылы – 91 %), сумен жабдықтау желілерінің тозуын 45 %-ға дейін (2022 жылы – 91 %), қазандықтың тозуын 30 % дейін (2022 жылы – 80 %), жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 45 %-ға дейін (2022 жылы – 80 %) төмендету; | |||||
6. | дене шынықтырумен және спортпен айналысатындарды қамтуды 1,8 мың адамға дейін ұлғайту (2022 жылы – 1,4 мың адам); | |||||
7. | халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін 23 %-ға дейін арттыру (2022 жылы – 17,5 %); | |||||
8. |
төтенше жағдай туындаған және туындау қаупі болған кезде құлақтандыру жүйесінің қалалық басқару пультін және | |||||
1. Экономиканың нақты секторы | ||||||
1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар | ||||||
1 | Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының жұмысын қалпына келтіру (өндірісті ұйымдастыра отырып, өндірістік аумаққа инвестор тарту, жалға беру) | сенімгерлік басқару шарты | 2023 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 234,8 | БК |
2024 жылғы IV тоқсан | 436,1 | |||||
1.2. Кәсіпкерлік саласы | ||||||
2 | "ЭкоФиш-А" ЖШС-ның албырт, бекіре, ақсақа және тұқы балық түрлері шабақтарының дернәсілдерін инкубациялау, өсіру өндірісін ұйымдастыруы және оларды өткізу | пайдалануға беру актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 10 | БК |
3 | Халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы капитал үшін мемлекеттік гранттар беру (жылына кемінде 3 грант) | Еңбекминіне ақпарат | 2023 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 4,1 | ЖБ |
2024 жылғы IV тоқсан | 4,3 | |||||
2025 жылғы IV тоқсан | 4,4 | |||||
2026 жылғы IV тоқсан | 4,5 | |||||
2027 жылғы IV тоқсан | 4,6 | |||||
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласы | ||||||
4 | Жыл сайын кемінде 64 адамды жұмыспен қамти отырып, кәсіпорындардағы жұмыс орындарын субсидиялау | Еңбекминіне ақпарат | 2023 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 17,9 | ЖБ |
2024 жылғы IV тоқсан | 19 | |||||
2025 жылғы IV тоқсан | 21,3 | |||||
2026 жылғы IV тоқсан | 21,3 | |||||
2027 жылғы IV тоқсан | 21,6 | |||||
3. Серебрянск қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау | ||||||
3.1. Білім беру саласы | ||||||
5 | Жалпы білім беретін 3 мектептің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру (жыл сайын) | қабылдау-тапсыру актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 11,8 | ЖБ |
2024 жылғы IV тоқсан | 12,3 | |||||
2025 жылғы IV тоқсан | 12,8 | |||||
2026 жылғы IV тоқсан | 13,3 | |||||
2027 жылғы IV тоқсан | 13,8 | |||||
6 | "Серебрянск қаласының № 2 орта мектебі" КММ жылу беру жүйесін жөндеу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IІІ тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 27,1 | ЖБ |
7 |
"Серебрянск қаласының | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы ІІІ тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 47 | ЖБ |
3.2. Денсаулық сақтау саласы | ||||||
8 | Серебрянск қаласы, Мир көшесінің 33-үй мекенжайында орналасқан қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесін жөндеу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 150 | БК |
3.3. Мәдениет және спорт, жастардың бос уақытын өткізу саласы | ||||||
9 | Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының бұрынғы әкімшілік ғимаратын мәдениет, спорт және демалыс орталығы етіп реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 400 | ЖБ |
2025 жылғы IV тоқсан | 652,6 | ЖБ | ||||
4. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту | ||||||
4.1. Жылумен жабдықтау | ||||||
10 | Серебрянск қаласының Некрасов көшесі бойындағы қазандық кешенін реконструкциялау (қазандықтағы 2 су жылыту қазанын ауыстыру, қазандық жабдығын жөндеу) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, | 222,8 | РБ |
24,8 | ЖБ | |||||
2025 жылғы IV тоқсан | 222,7 | РБ | ||||
24,7 | ЖБ | |||||
11 | Қаланың жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау (ұзындығы – 6 километр) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ҰЭМ | 742,5 | РБ |
82,5 | ЖБ | |||||
2026 жылғы IV тоқсан | 742,5 | РБ | ||||
82,5 | ЖБ | |||||
4.2. Сумен жабдықтау | ||||||
12 |
Қаланың су құбыры жүйелерін реконструкциялау (ұзындығы | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ИИДМ | 340,3 | РБ |
37,8 | ЖБ | |||||
2026 жылғы IV тоқсан | 340,2 | РБ | ||||
37,8 | ЖБ | |||||
4.3. Жолдар және абаттандыру | ||||||
13 | Серебрянск қаласының көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу (жылына кемінде 1,5 километр) | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 45 | ЖБ |
2024 жылғы IV тоқсан | 45 | |||||
2025 жылғы IV тоқсан | 60 | |||||
2026 жылғы IV тоқсан | 60 | |||||
2027 жылғы IV тоқсан | 60 | |||||
14 | Балалар алаңдарын орната отырып, аула аумақтарын абаттандыру (жыл сайын 1 алаң) | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 13 | ЖБ |
2024 жылғы IV тоқсан | 13 | |||||
2025 жылғы IV тоқсан | 20 | |||||
2026 жылғы IV тоқсан | 20 | |||||
2027 жылғы IV тоқсан | 20 | |||||
15 |
Серебрянск қаласы Некрасов көшесі бойындағы инфрақұрылымды реконструкциялау (ұзындығы | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, | 180 | РБ |
20 | ЖБ | |||||
16 |
Серебрянск қаласының жол инфрақұрылымын реконструкциялау (ұзындығы | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, | 270 | РБ |
30 | ЖБ | |||||
17 | Серебрянск қаласының көше жарығы жүйесін жаңғырту (490 шам, ұзындығы – 14,7 километр) | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 260,3 | БК |
4.4. Тұрғын үй | ||||||
18 | Веденеев көшесі 18-үйдегі бұрынғы жатақхана ғимаратын халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үй етіп реконструкциялау (40 пәтер) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 366,2 | ЖБ |
2026 жылғы IV тоқсан | 366,2 | |||||
4.5. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп | ||||||
19 | Құлақтандыру жүйесінің қалалық басқару пультін сатып алу (1 жиынтық) | қабылдау-тапсыру актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 6,5 | ЖБ |
20 | Алтай қаласының жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау (ұзындығы – 6,5 километр) | пайдалануға беру актісі | 2024 жылғы IV тоқсан – 1 жиынтық | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі | 5,9 | ЖБ |
2025 жылғы IV тоқсан – 2 жиынтық | 11,8 | |||||
11,8 | ||||||
2024 жылғы IV тоқсан – 1 жиынтық |
Ескертпелер:
* республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы берген жағдайда тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.
Қолдау тапқан жобалар бойынша қаржыландыру көлемі
Қаржыландыру көзі | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | Жиыны |
РБ | 402,8 | 1 575,5 | 1 082,7 | 3 061 | ||
ЖБ | 80,0 | 624,9 | 1 324,1 | 617,4 | 120 | 2 766,4 |
БК | 655,1 | 436,1 | 1 091,2 | |||
Жиыны | 735,1 | 1 463,8 | 2 899,6 | 1 700,1 | 120 | 6 918,6 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БК – басқа көздер
ЖБ – жергілікті бюджет
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме
ОМ – орта мектеп
РБ – республикалық бюджет
РМКК – республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ШЖҚ КМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
ШҚО ББ – Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
ШОК – шағын және орта кәсіпкерлік.