Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 739 қаулысы

      Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл қорытындысы бойынша 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл қорытындысы бойынша 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 29 тамыздағы
№ 739 қаулысымен
бекітілген

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары

      Алтай қаласы – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімшілік орталығы.

      Мынадай: тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру және тарату, жылумен және сумен жабдықтау салаларынан тұратын өнеркәсіп қаланы экономикалық дамытудың негізгі драйвері болып табылады.

      Өнеркәсіптің жетекші кәсіпорындары "Қазцинк" ЖШС (кен және түсті металдарды өндіру, қайта өңдеу), "Фаворит" ЖШС (фанера, ағаш бұйымдарын өндіру), "ВерфСтрой" ЖШС (темір-бетон бұйымдарын дайындау), "Промтепло" ЖШС және "Жылу-су орталығы" КМК (жылу, бу және су беру), "Тұрғысын ГЭС" ЖШС (электр энергиясын өндіру) болып табылады.

      2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында қаланың өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2021 жылғы деңгейге қарағанда (2021 жылы – 7,9 миллиард теңге) артып, 9 миллиард теңгені құрады.

      2022 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының саны 36,1 мың адамды, жұмыс күшінің саны 20,3 мың адамды немесе жалпы халық санының 56,2 %-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі – 4,2 %. Шағын және орта кәсіпкерлікте (бұдан әрі – ШОК) жұмыспен қамтылған халықтың үлесі түрлі көрсетілетін қызметтер саласында (азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының бөлшек саудасы, қоғамдық тамақтану, көлік тасымалдары және басқа әлеуметтік көрсетілетін қызметтер) 30 %-ды құрайды.

      Қалада 2980 ШОК субъектісі тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 2633 бірлік, бұл 2021 жылғы деңгейге қарағанда (2536 бірлік) 103,8 %-ға артқан. Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымында негізгі үлес жеке кәсіпкерлерге тиесілі – 2313 бірлік (87,8 %), заңды тұлғалар – 320 бірлік (12,2 %). ШОК қызметінің негізгі саласын азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының бөлшек саудасы, өнеркәсіп, көлік қызметтері құрайды.

      Жалпы білім беретін 8 мектеп, балалар музыка мектебі, 6 кәсіптік технологиялық колледж, 2 мамандандырылған мекеме, 7 балабақша жұмыс істейді. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне 1592 бала барады, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 98 %, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 100 %. Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелер тапшылығы жоқ.

      Халыққа медициналық көмекті 202 төсек-орынға арналған тәулік бойғы стационар және 38 төсек-орынға арналған күндізгі стационары бар Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданының ААА" ШЖҚ КММ көрсетеді. 2022 жылы аналар өлім-жітімі жағдайы тіркелген жоқ. Бала туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,9-дан 9,4 жағдайға дейін артты. Өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,8-ден 13,7 жағдайға дейін төмендеді.

      Қалада 2 мәдениет үйі, 2 кітапхана (орталық және балалар кітапханасы), "Қазцинк" ЖШС-нің 1 техника музейі, 1 өлкетану музейі жұмыс істейді. "Горняк" мәдениет үйінде 350 адамды қамтитын 25 клубтық құралым жұмыс істейді. Қалада халықты бұқаралық спортпен қамтуды қамтамасыз етуге арналған 65 спорт құрылысжай бар. 376 адамға арналған хоккей модулі жұмыс істейді.

      Қаланың тұрғын үй қорын жалпы ауданы 866,6 мың шаршы метр 5328 үй құрайды, оның ішінде 457 үй көпқабатты құрылыс. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде – 656 адам тұр, оның ішінде жетім балалар – 427 адам, халықтың әлеуметтік осал топтарынан – 218 адам, 11 көп балалы отбасы.

      Алтай қаласының ішкі жолдар желісінің жалпы ұзындығы – 145 километр, ұзындығы 24,7 километр 15 тротуар бар. Алтай қаласында 151 көше бар.

      Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 281,4 километрді құрайды, желілердің тозуы – 86 %. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету 98 %-ды құрайды. Жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 201,6 километрді, желілердің тозуы – 87 %-ды құрайды.

      Қаланың 2027 жылға дейінгі дамуына қолайлы географиялық орналасуы, тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін минералды шикізат қорының болуы, түсті металлургия, орман және энергетикалық ресурстар саласындағы айтарлықтай технологиялық әлеует, рекреациялық-туристік әлеует, әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет шығыстары үлесінің жоғары болуы, дамыған көлік инфрақұрылымы әсер ететін болады. Өнеркәсіпте тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, Тұрғысын ГЭС электр энергиясын өндіретін объектілерінің жаңаларын салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту дамып келе жатқан бағыт болып табылады. Туризм саласы қала экономикасы үшін перспективалы бағытқа ие. Табиғаттың бірегейлігі бәсекеге қабілетті негізгі туристік өнім ретінде қысқы туризмді атап көрсетуге мүмкіндік береді.

      Бұл ретте алдағы уақытта келесі мәселелерді шешу жоспарланып отыр:

      1) өнеркәсіпте пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздестіру бойынша геологиялық барлау жұмыстарына инвестициялар салуды ұлғайту, "Қазцинк" ЖШС қала құраушы кәсіпорнына тәуелділікті сақтау (тау-кен өндіру өнеркәсібі қорларының сарқылуы);

      2) ШОК-ты дамыту;

      3) жұмыспен қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау объектілерін жөндеу (сумен жабдықтау жүйесі, едендер, баспалдақ бөліктерін жөндеу, есік және терезе блоктарын ауыстыру, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу);

      4) білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базаларын жөндеу және нығайту (жылу жүйелері, электрмен жабдықтау, едендер, терезе блоктары, үй-жайлар мен спорт залдарын жөндеу);

      5) медицина ұйымдарының ғимараттарын жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту (Панфилов көшесі 19-үй мекенжайындағы емхананың 2 және 3-қабаттары, шатыры);

      6) халықтың дене шынықтыру мен спортқа деген толық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін спорт инфрақұрылымы тапшылығы, ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;

      7) қаланың инженерлік желілерінің тозуын азайту (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау талап етіледі, 85 %-дан астамы тозған);

      8) қаланың автомобиль жолдарының тозуын азайту, жеке сектор көшелерінің асфальт жабыны 99 %-ға тозған, мұнда шамамен 17 мың адам немесе жалпы қала халқының 50 %-ы тұрады;

      9) адамдарды, мүлікті өрттен қорғау үшін өрт сөндіру депосы кешенін салу (құлақтандыру жүйесінің қалалық басқару пультін енгізу, сирена-сөйлеу құрылғыларын, телерадио хабарларын таратуды бұрып алу жүйесін енгізу қажет).

      Жалпы Кешенді жоспар 31 іс-шарадан тұрады, оның ішінде 7 тармақты басқа көздер есебінен (басқа көздер – 28136,6 миллион теңге), 26 іс-шараны республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен іске асыру жоспарланып отыр (РБ – 6955,7 миллион теңге, ЖБ – 3466,3 миллион теңге).



Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі, жылдар

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі,
миллион теңге*

Қаржыландыру көзі


1

2

3

4

5

6

7

Алтай қалалық әкімшілігінде күтілетін нәтижелер:

1.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін 61,8 миллиард теңгеге дейін ұлғайту (2022 жылы – 36,5 миллиард теңге)

2.

Электр энергиясын өндіру көлемін сағатына 95 миллион кВт-ға дейін ұлғайту (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында – 44,5 миллион кВт/сағ)

3.

Темір-бетон бұйымдарын өндіру көлемін 6,9 мың тонна өнімге дейін ұлғайту (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында – 3,9 мың тонна)

4.

Қалаға келетін туристер ағынын 3,5 мың адамға дейін арттыру (2022 жылы – 1,5 мың адам)

5.

Өнім шығаруды 14,5 миллиард теңгеге дейін арттыруды қамтамасыз ету (2022 жылы – 10 миллиард теңге)

6.

Қала мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту ескірген жабдықтарды ауыстыруға мүмкіндік береді, мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу оларды санитариялық нормалардың талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді, денсаулық сақтау саласында жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алу есебінен көрсетілетін қызметтердің сапасы 88 %-ға дейін артады (2022 жылы – 83 %), Панфилов көшесі 19-үй мекенжайындағы стационарға жөндеу жүргізу ғимаратты санитариялық нормалардың талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді

7.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдардың қамтылуын 7 мың адамға дейін ұлғайту (2022 жылы – 5,9 мың адам). Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 40 %-ға дейін арттыру (2022 жылы – 38 %)

8.

Халықты үздіксіз сапалы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 100 % қамтамасыз ету (2022 жылы – 98 %)

9.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 86 %-ға дейін ұлғайту (2022 жылы – 76 %)

10.

Қызмет көрсету аймағын 100 %-ға дейін қамтамасыз ету (2022 жыл – 50 %), адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға және өрттерді жоюға қажетті жедел ден қою уақытын 10 минутқа дейін қысқарту (2022 жылы – 60 минут). Төтенше жағдай туындаған және туындау қаупі болған жағдайда қалада тұратын халықты құлақтандырумен қамтуды 100 % қамтамасыз ету

11.

2090 жұмыс орнын құру

1. Экономиканың нақты секторы

1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар

1

Геологиялық барлау жұмыстары (бұрғылау)

ИИДМ-ге
ақпарат

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

400

БК

2024 жылғы IV тоқсан

400

2025 жылғы IV тоқсан

400

2026 жылғы IV тоқсан

400

2027 жылғы IV тоқсан

400

2

Өнеркәсіпте жаңа жобаларды іске асыру (Тұрғысын өзенінде
2-ші электр станциясын салу)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2026 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

12 500

БК

2027 жылғы IV тоқсан

12 500

3

Темір-бетон бұйымдарының өндірісін жаңғырту

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан
 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

15

БК

1.2. Кәсіпкерлік

4

"Алтай денсаулығы" бос уақыт орталығын салу (20 орынға дейін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

25

БК

5

Қысқы демалыс түрлері кешенін салу (ауысымына 200 адамға дейін келетін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

100

БК

2024 жылғы IV тоқсан

200

6

Демалыс орталығын салу (ауысымына
50 адамға дейін келетін)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы
IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

25

БК

2024 жылғы IV тоқсан

25

7

Халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы капитал үшін мемлекеттік гранттар беру (жыл сайын кемінде 7 грант)

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

9,6

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

10,1

2025 жылғы IV тоқсан

10,4

2026 жылғы IV тоқсан

10,4

2027 жылғы IV тоқсан

10,4

2. Әлеуметтік қорғау

8

Жыл сайын кемінде
105 адамды жұмысқа орналастыра отырып, жұмыс орындарын субсидиялау

Еңбекминіне ақпарат

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

39,9

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

40,8

ЖБ

2025 жылғы IV тоқсан

43

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

43,1

ЖБ

2027 жылғы IV тоқсан

43,8

ЖБ

9

"Мүгедектерге және қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" КММ ғимаратының қасбетін ағымдағы жөндеу, терезе және есік блоктарын ауыстыру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

24,9

ЖБ

10

"Мүгедектерге және қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" КММ-нің баспалдақ бөліктерін, еденін, сумен жабдықтау жүйесін жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

18,4

ЖБ

11

Тұрғындар үшін жеңілдікті ипотека беру (облыс ішінде қоныс аудару) (алғашқы жарна – 10 %, сыйақы мөлшерлемесі –
2-5 %, ең жоғары қарыз сомасы – 19 миллион теңге)

ҚР ИИДМ-ге ақпарат

2024 – 2027 жылдардың IV тоқсаны

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ИИДМ

жыл сайын бөлінетін қаражат шегінде

ЖБ

3. Алтай қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау

3.1. Білім беру саласы

12

Жалпы білім беретін 8 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту

қабылдау-беру актісі

2023 жылғы IV тоқсан – 2 объект

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

15

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан
– 2 объект

15

2025 жылғы IV тоқсан
– 2 объект

10

2026 жылғы IІІ тоқсан
– 1 объект

10

2027 жылғы IІІ тоқсан
– 1 объект

5

13

"Алтай қаласының № 7 орта мектебі" КММ терезе блоктарын жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

35,8

ЖБ

14

"Алтай қаласының лицей мектебі" КММ үй-жайларын, еденін, спорт залын, электрмен жабдықтау жүйесін жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы ІІІ тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

65,8

ЖБ

15

"Алтай қаласының № 2 бастауыш мектебі" КММ сыртқы жылыту жүйесін, шатырын жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы ІІІ тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

42,5

ЖБ

3.2. Денсаулық сақтау саласы

16

"Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ КМК материалдық-техникалық базасын нығайту

қабылдау-беру актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

223,8

ЖБ

17

Панфилов көшесі 19-үй мекенжайындағы стационар ғимаратының шатырын жөндеу
 

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

146,9

ЖБ

Панфилов көшесі 19-үй мекенжайындағы стационар ғимаратының кіре берісін жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісіі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

89,1

ЖБ

Панфилов көшесі 19-үй мекенжайындағы стационар ғимаратының
2 және 3-қабаттарын күрделі жөндеу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2026 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

337,8

ЖБ

3.3. Мәдениет және спорт, жастардың бос уақыты саласы

18

Спорт объектілерінің материалдық-техникалық
базасын нығайту (хоккей модулі, спорт залдары)

қабылдау-беру актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

3

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

3

2025 жылғы IV тоқсан

3

2026 жылғы ІІІ тоқсан

5

2027 жылғы ІІІ тоқсан

9

19

Алтай қаласында ауысымына 100 адам келетін дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

400

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

700

4. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту

4.1. Жылумен жабдықтау

20

Алтай қаласының
16 орталық жылу пунктін реконструкциялау (құбыр бөлігін және сорғыларды ауыстыру)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ҰЭМ

594

РБ

66

ЖБ

2025 жылғы IV тоқсан

594

РБ

66

ЖБ

21

Алтай қаласының жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау (ұзындығы – 6,5 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ҰЭМ

811,8

РБ

90,2

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

811,8

РБ

90,2

ЖБ

4.2. Сумен жабдықтау және су бұру

22

Алтай қаласының 138,
139-орамдарының су құбыры желілерін реконструкциялау (ұзындығы – 8 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ИИДМ

488,6

РБ

54,3

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

488,5

РБ

54,3

ЖБ

23

Алтай қаласының су бұру желілерін реконструкциялау (ұзындығы – 12,8 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2026 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ИИДМ

868,5

РБ

96,5

ЖБ

2027 жылғы IV тоқсан

868,5

РБ

96,5

ЖБ

4.3. Жолдар және абаттандыру

24

Қала көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу (жыл сайын кемінде 2 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

85

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

85

2025 жылғы IV тоқсан

85

2026 жылғы IV тоқсан

100

2027 жылғы IV тоқсан

100

25

Жол инфрақұрылымын реконструкциялау (Зыряновская және Партизанская көшелері, ұзындығы – 4,6 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ҰЭМ

260

РБ

40

ЖБ

26

Балалар алаңдарын орната отырып, аула аумақтарын абаттандыру (жыл сайын 2 аула)

орындалған жұмыстар актісі

2023 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

30

ЖБ

2024 жылғы IV тоқсан

30

2025 жылғы IV тоқсан

30

2026 жылғы IV тоқсан

30

2027 жылғы IV тоқсан

30

27

Орталық бөліктің инфрақұрылымын реконструкциялау (ұзындығы – 2 километр жаяу жүргіншілер аймағы мен жолдар)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2024 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ҰЭМ

270

РБ

30

ЖБ

28

Көшені жарықтандыру желісін жаңғырту (1569 шам, ұзындығы – 35,1 километр)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2023 жылғы IV тоқсан
 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

746,6

БК

4.4. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

29

Алтай қаласында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенін салу

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

2025 жылғы IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі,
ТЖМ

20

ЖБ

2026 жылғы IV тоқсан

450

РБ

50

ЖБ

2027 жылғы IV тоқсан

450

РБ

50

ЖБ

30

Құлақтандыру жүйесінің қалалық басқару пультін сатып алу (1 жинақ)

қабылдау-тапсыру актісі

2024 жылғы ІІІ тоқсан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

6,5

ЖБ

31

Сирена-сөйлеу құрылғыларын сатып алу (7 жинақ)

қабылдау-тапсыру актісі

2024 жылғы IV тоқсан
– 1 жинақ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

5,9

ЖБ

2025 жылғы IV тоқсан
– 2 жинақ

11,8

2026 жылғы IV тоқсан
– 2 жинақ

11,8

2027 жылғы IV тоқсан
– 2 жинақ

11,8


      Ескертпелер:

      * республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы ұсынған кезде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде анықталады.


Қолдау тапқан жобалар бойынша қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

2023

2024

2025

2026

2027

Жиыны

РБ

-

864,0

2154,4

2618,8

1318,5

6955,7

ЖБ

167,5

789,5

963,7

1189,1

356,5

3466,3

БК

1311,6

625

400

12900

12900

28136,6

Жиыны

1479,1

2278,5

3518,1

16707,9

14575,0

38558,6


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:      

      БК – басқа көздер

      ГЭС – гидроэлектр станциясы

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖК – жеке кәсіпкер

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      кВТ – киловольт

      КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      МКМ – мемлекеттік коммуналдық мекеме

      РБ – республикалық бюджет

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ШЖҚ КМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

      ШҚО – Шығыс Қазақстан облысы

      ШОК – шағын және орта кәсіпкерлік.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады