"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, Шымкент қаласының мәслихаты мақұлдаған Шымкент қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 1134 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 916 қаулысымен бекітілген |
Шымкент қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) 1-тарау. Жалпы ережелер
Шымкент қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) перспективалы кешенді даму, аумақты жоспарлы ұйымдастыру, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымы жүйесі бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер, Экология кодекстерінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарының және Қазақстан Республикасының қала құрылысын жобалау саласына қатысты басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспардың схемасы (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес аумақтарды перспективалы дамыту ескеріле отырып, қаланың қазіргі әкімшілік-аумақтық шекараларында жасалған.
Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:
1) бастапқы жыл – 2021 жылғы 1 қаңтарға;
2) құрылыстың бірінші кезегі – 2027 жыл;
3) есептік мерзім – 2035 жыл.
2-тарау. Бас жоспардың мақсаты
Бас жоспар Шымкент пен Шымкент агломерациясының өзара байланысын ескере отырып әзірленді.
Бас жоспар мыналарды:
1) табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, Шымкент қаласының (бұдан әрі – қала) аумағын дамытудың негізгі бағыттарын;
2) осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу және пайдалануды шектеуді;
3) аумақты табиғи және техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды;
4) көлік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттарды, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын;
5) қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды айқындайды.
Бас жоспар қалалық инфрақұрылымды дамытудың перспективалық және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, табиғи кешен аумақтарын сақтау және дамыту, тұрғын үй аумақтарын реконструкциялау және өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс объектілерін дамыту, қалалық ортаны кешенді абаттандыру және эстетикалық ұйымдастыру, әкімшілік аудандар аумақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын және Шымкент қаласының бес әкімшілік ауданы мен басқа да аумақтық бірліктерін, қаланы жоспарлау және құрылыс салу жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
Бас жоспар мыналарды әзірлеудің негізі болып табылады:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламалары;
2) электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және басқа да инженерлік жүйелерді дамытудың кешенді схемалары;
3) қаланың кешенді көлік схемасы (бұдан әрі – ККС);
4) қаланың аумағында әлеуметтік маңызы бар білім беру және денсаулық сақтау объектілерін дамыту мен орналастырудың салалық схемалары;
5) бекітілген Бас жоспарды іске асыру бойынша қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау және салу жобалары;
6) қысқа мерзімді кезеңдерге арналған кешенді құрылыс жоспарлары;
7) тұрғын үй, өндірістік және коммуналдық-қойма аумақтарын реконструкциялау және дамыту бағдарламалары;
8) тарихи құрылыс пен тарихи және мәдени мұра объектілерін сақтау және оңалту жоспарлары;
9) рекреациялық аймақтар аумақтарын дамыту және көгалдандыру бағдарламалары;
10) қоғамдық кеңістіктерді кешенді абаттандыру жоспарлары;
11) қала құрылысы қағидалары.
3-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму
1-параграф. Демография
Қала аумағының әкімшілік шекаралары шегіндегі халық саны бастапқы жылы 1074,5 мың адамды құрады.
Қала халқының есептік мерзімге болжамы халықтың табиғи және көші-қон қозғалысында болып жатқан объективті өзгерістерді ескере отырып орындалды.
Халықтың перспективалық саны еңбекке қабілетті жастағы халықтың әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық салаларындағы қызметке оңтайлы қосылуы ескеріліп, статистикалық экстраполяция және еңбек балансы әдісімен айқындалған.
Қала халқының жобалық саны:
1) құрылыстың бірінші кезегі (2027 жыл) 1450 мың адамды;
2) есептік мерзім (2035 жыл) 1850 мың адамды құрайды.
Халықтың жалпы болжамды өсімі жобалау кезеңдері бойынша: құрылыстың бірінші кезеңінде (7 жыл) 337,5 мың адамды (жылына 48 мың адам);
есептік мерзімде (8 жыл) 400 мың адамды (жылына 50 мың адам) құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы халық болжам бойынша есептік мерзімнің соңына қарай қала халқы санының 67,6 %-ын құрайды.
2-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс
Қаланың тұрғын үй қоры бастапқы жылы жалпы ауданы 19844,9 мың м² (135740 бірлік үй) құрайды, қаланың барлық халқының пәтермен орташа қамтамасыз етілуі бір тұрғынға шаққанда жалпы ауданы 18,5 м² құрайды.
Қаланың тұрғын үй қорында қазіргі деңгейде негізінен тұрғын үй қорының жалпы көлемінің 70 %-ын құрайтын 1-2 қабатты жеке тұрғын үй құрылысының үйлері жалпы ауданы 13850,7 мың м², көпқабатты тұрғын үй кешендерінің үлесі барлық қордың 30 %-ы ретінде айқындалған, бұл жалпы ауданның 5994,2 мың м² құрайды.
Тұрғын үй ортасын кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттарында қала халқының барлығын тұрғын үймен қамтамасыз етуді есептік мерзімге бір адамға шаққандағы жалпы ауданын 27,8 м²-ге дейін жеткізу, яғни бір адамға шаққандағы жалпы ауданның 9,3 м²-ге дейінгі өсімге жеткізу көзделген.
Жаңа тұрғын үй құрылысы көлемінің болжамын есептеу үшін халықты қамтамасыз етудің жалпы есептік нормативтік ауданы жалпы аудан мөлшерінде бірінші кезекте 25 м²/адам және есептік мерзімге 30 м²/адам деп қабылданды.
2021 – 2035 жылдар кезеңінде жаңа тұрғын үй құрылысы көлемінің жалпы ауданы 31610,0 мың м² құрайды, оның ішінде үй-жай учаскелері бар үйлерде – 4800,0 мың м² (15 %), таунхаус үлгісіндегі аз қабатты құрылыста (2-3 қабаттар) – 1580,0 мың м² (5 %) және көппәтерлі көпқабатты үйлерде жалпы ауданы – 25230,0 мың м² (80 %).
Қала Бас жоспарын дамытудың 15 жылдық кезеңінде қаланың жаңа тұрғын үй қорын (жаңа тұрғын үй құрылысы көлемін) іске қосу болжамының шамамен жылдық орташа көлемінің жалпы ауданы жылына 2,1 млн м² құрайды.
Қаланың тұрғын үй ауданын салу деңгейіндегі тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін 2035 жылға дейінгі аумақтық ресурстарға жалпы қажеттілігі 9492 га, оның ішінде 2021 – 2027 жылдар кезеңінде 3924 га, ал 2028 – 2035 жылдар кезеңінде 5 568 га құрайды.
Құрылыстың бірінші кезеңінде (2021 – 2027 жылдар) жаңа тұрғын үй қорының құрылыс көлемі жалпы ауданы 13210,0 мың м², оның ішінде үй-жай учаскелері бар үйлерде 2880,0 мың м², орта қабатты үйлерде (таунхаустарда) 665,0 мың м² және көппәтерлі көпқабатты үйлерде жалпы ауданы 9665,0 мың м² құрайды.
Қоғамдық қызмет көрсету саласы. Бас жоспарда мемлекеттік емес қызмет көрсету нысандарын дамытумен ұштастыра отырып, халықты әлеуметтік маңызы бар объектілердің тегін көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етудің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әлеуметтік саланы дамыту көзделеді.
Қаланың қоғамдық қызмет көрсету объектілерінің жалпы қоры 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тірек жоспардың деректері бойынша жалпы ауданның 6156,98 мың м² құрайды.
Шымкент қаласының қоғамдық қызмет көрсету объектілерінің жаңа құрылысының көлемі 2021 – 2035 жылдар кезеңіндегі перспективада жалпы ауданның 8514,34 мың м² құрайды, жеке тұрған қызмет көрсету объектілерін салу үшін қажетті аудан – 1290 га.
2036 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қоғамдық құрылыс қорының жалпы ауданы 14671,32 мың м² құрайды, бұл 2021 жылға арналған ағымдағы көрсеткіш бір адамға шаққанда 5,7 м², бір адамға шаққанда жалпы ауданның 7,93 м²-ге тең, яғни қаланың халыққа қызмет көрсету объектілерін ұйымдастырудағы халық санының перспективалы өсуін және қалыптасқан тапшылықты жабуды ескере отырып, бір адамға шаққанда 2,23 м² артады деген сөз.
3-параграф. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басым бағыты "Қазақстан-2050" стратегиясының Қазақстан экономикасының тұрақты моделін құру шеңберінде қала халқының әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді басымдықтарын одан әрі іске асыру болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаланың орнықты экономикалық өсуін, халықтың әлеуметтік әл-ауқаты мен нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ инфляция деңгейін және баға тұрақтылығын үдемелі төмендету жөніндегі міндеттерді шешу жалғасады.
Қолданыстағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары:
өнімділікті, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруды, отандық тауарларды шетелдік нарықтарға ілгерілетуді қолдауды,
индустрияландырудың, цифрлық технологиялардың үшінші бесжылдығы және "қарапайым заттар экономикасын" дамыту;
еңбек өнімділігін, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайта отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы;
жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қорын жаңғырту, цифрлық теңсіздікті төмендету, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру мәселелерін қоса алғанда, инфрақұрылымдық және тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар;
мемлекеттік қолдау құралдарын дамыта отырып, инвестицияларды ынталандыру;
бизнесті қолдаудың институционалдық негізін одан әрі жетілдіру, жеңілдікті микрокредиттер беру арқылы микрокредиттеуді кеңейту, бәсекелестікті дамыту және экономикаға жеке капиталды тарту арқылы бизнес-ортаны кеңейту және ынталандыру;
білім беру сапасын жаңғырту және арттыру, педагогтердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыруды ұлғайту арқылы адами капитал сапасын арттыру;
қолжетімді және сапалы денсаулық сақтау жүйесі, медицина жұмыскерлерінің мәртебесі мен әлеуметтік қолдауды, кәсіби жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту;
жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге және зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру;
қала экономикасы мен халқының көліктік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыра алатын көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
энергия үнемдейтін технологиялар мен "жасыл" экономикаға көшуді ынталандыруды іске асыру шеңберінде өнімділікті жоғарылатуды, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруды, отандық тауарларды шетелдік нарықтарға шығаруды қолдауды, тиісті инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ететін тиімді өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, инвестициялық және сауда саясатын жүргізу арқылы қала экономикасының салаларын дамыту.
4-параграф. Қаланың өнеркәсіптік аймақтарын жаңғырту
Қазіргі уақытта қалада өнеркәсіптік аймақтар мен өндірістік құрылыс салу учаскелері 3650 га аумақты алып жатыр, оның ішінде өнеркәсіп орындары мен ұйымдар – 2340 га, коммуналдық-қоймалық құрылыс кәсіпорындары – 1 310 га.
2028 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылыстың бірінші кезегінде қаланың өнеркәсіптік аймақтарының ауданы дамыта отырып, негізінен қаланың солтүстік-батыс бағытында және оңтүстік-батыс бағытта перспективалы 14 өнеркәсіптік кластерді "Бозарық" тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын дамыта отырып орналастыру жоспарланған жаңа индустриялық аймақтарды салу есебінен 3170 га-ға ұлғаяды.
2028–2035 жылдар кезеңінде қала аумағындағы өндірістік индустриялық аймақтар желдің орташа жылдық бағытын ескере отырып, қаланың әкімшілік шекараларында орналастырылатын қосымша алаңдарды 1990 га-ға дейін өсіру арқылы одан әрі дамитын болады.
Қаланың Бас жоспары бойынша 2021–2035 жылдар кезеңінде 5160 га аумақта жаңа өндірістік аймақтар аумақтарының жалпы өсімі жоспарланған.
Есептік кезеңнің соңына қарай (2035 жыл) қаланың әлеуметтік- экономикалық салаларында 1022,2 мың жұмыс орны болады деп болжануда.
4-тарау. Қала құрылысын дамыту
Қала құрылысы тұжырымдамасында қаланы дамытудың бас жоспары мыналарды көздейді:
1) қалалық ортаны қолданыстағы шекаралары шегінде түбегейлі жаңғырту;
2) тұрғындарды тыныс-тіршілік үшін қолайсыздау аумақтардан қаланың экологиялық жағынан неғұрлым орнықты және абаттандырылған аудандарына жоспарлы түрде көшіру;
3) перифериялық аумақтарды резервке қою және оларды әртүрлі нұсқадағы "жасыл" кластерлермен (қоныстану, экологиялық қолайлы өндірістік және басқа аймақтар) перспективалы инновациялық-урбандалған кешенді құрылыс салу үшін дайындау;
4) қала орталығында және басқа да тарихи жоспарлау аудандарында құрылыстың тарихи колоритін сақтау жөніндегі қала құрылысы саясатын жүргізу;
5) нормативтік қолжетімділік пен халыққа тиімді қызмет көрсетуді ескере отырып, халықтың тұратын аудандарында әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді орналастыру мен қызмет көрсетудің бастапқы және қайталама деңгейін рекреациялау;
6) жеделдігі, сапасы, қолжетімділігі, ашықтығы, заңдылығы, жауапкершілігі және т.с.с. бойынша сәйкес келетін халыққа қызмет көрсетудің жаңа қағидаттары бойынша қоғамдық орталықтарды қалыптастыру;
7) қаланың тарихи бөлігінде жаяу жүргіншілер қатынастар жүйесін қалпына келтіру, қаланың қалған бөлігінде қаланың рекреациялық алаңдар жүйесімен байланыстыра отырып, жаяу жүргіншілер қатынасын дамыту;
8) ұтымды әрі тиімді игеру үшін өнеркәсіптік және сервистік функционалдық аймақтарды үйлесімді ұштастыра дамыту нәтижесінде қала-орталықтың әлеуметтік-экономикалық негізін нығайту;
9) қала мен қала маңы аймағының қалыптасқан көлік жүйесін, осы аспектідегі шетелдік тәжірибені зерделеу және модельдеу жүйесі көрсеткіштерінің нұсқаларын талдау арқылы оның дамуын болжау бойынша терең және жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу негізінде қалалық көлік жүйесін жоспарлы жаңғырту;
10) қалыптасқан экологиялық жағдайды зерделеу бойынша терең және жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және осы мәселе бойынша шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде қаланың экологиялық ортасын сауықтыру бойынша болжамды ұсыныстар әзірлеу;
11) қала халқын қауіпті табиғи және техногендік процестерден қорғау жөніндегі бағдарламаларды дайындау және оларды жоспарлы іске асыру;
12) қала өмірінің бірінші кезектегі мәселелерін шешуге бағытталған басқада шаралар.
Жаңа бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің бір міндеті есептік мерзім шегінде қаланы дамыту кезеңдерін бөліп көрсете отырып, перспективада дамыту моделін әзірлеу болып табылады.
Шымкенттің қала құрылысын дамытудың негізгі бағыттары:
1) тұрғын үй-азаматтық құрылысты орналастыру үшін жаңа алаңдарды игере отырып, қолданыстағы шекараларда аумақты ықтимал бағыттарда дамыту;
2) қазіргі бос аумақтарды барынша игеру және құндылығы төмен тұрғын үй қоры орамдарын реконструкциялау;
3) қоныстану аумақтарын көп қабатты құрылысы бар орталықтан бастап аз қабатты құрылысы бар периферияға қарай шоғырланған аймақтарға бөлу;
4) меншікжайлы құрылысты көппәтерлі құрылысқа ауыстыру арқылы негізгі қалалық магистральдар бойындағы қалалық аудандар мен магистральдық аумақтарды дәйекті түрде өзгерту;
5) қаланың орталық бөлігіне тікелей іргелесе орналасқан аумақтарды реконструкциялау;
6) қаланың болжамды өсу бағытымен байланыстыра отырып, жалпықалалық орталық жүйе қалыптастыру;
7) өзінің әкімшілік, мәдени және сауда-ойын-сауық функциялары, спорт ғимараттары, саябақтары, скверлер мен бульварлары бар жергілікті көп функциялы ірі орталықтар құру арқылы өзін-өзі қамтамасыз ететін бес қалалық әкімшілік ауданды қалыптастыру;
8) қала құрылысы мен технологиялық талаптарды ескере отырып, қалыптасқан жоспарлау құрылымы жағдайында өнеркәсіптік аумақтарды ұтымды пайдалану;
9) қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбау мақсатында өнеркәсіп орындарын технологиялық жаңғырту;
10) қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қалпына келтіру;
11) табиғи кешен аумақтарын сақтау және дамыту;
12) жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер жүйесін дамыту.
Аумақты сәулет-жоспарлау тұрғысынан ұйымдастыру және резервтік аумақтар. Қала аумағын сәулет-жоспарлау тұрғысынан жобалық ұйымдастыру қаланың қалыптасқан функционалдық-жоспарлау құрылымы ескеріле отырып орындалған және аумақты кешенді бағалау мен қалыптасқан көлік-жоспарлау қаңқасы негізінде әзірленген.
Жобалық шекарадағы қала аумағының жалпы ауданы бастапқы жылдың қазіргі – 116,28 мың га деңгейінде қалып отыр.
Бастапқы жылғы қаланың құрылыс салынған аумағының ауданы 29,6 мың га (25,4%), оның ішінде тұрғын үй және қоғамдық құрылыс 22,93 мың га (19,7%), салынбаған аумақтар 86,68 мың га (74,6%), оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 59,18 мың га (50,8%) құрады.
2035 жылға дейінгі есептік мерзімге аумақты пайдаланудың осындай көрсеткіштері: қаланың салынған құрылыс аумағының ауданы 54,42 мың га (46,8%), оның ішінде тұрғын үй және қоғамдық құрылыс 41,79 мың га (35,9%), салынбаған аумақтар 61,86 мың га (53,2%), оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тиісінше 30,00 мың га (25,7%) құрайды.
Қаланы перспективалы әлеуметтік-экономикалық, аумақтық дамыту және аумақтарды сәулет-кеңістіктік ұйымдастыруға арналған резервтік аумақтар қазіргі қаланың солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде негізінен ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға қолайсыз жерлердің есебінен көзделген.
Резервтік аумақтардың ауданы бастапқы жылы – 0,73 га (0,6%), ал 2035 жылға дейінгі есептік кезеңде резервтік аумақтардың шамасы 6,42 мың га (5,5%) деңгейінде, оның ішінде қоныстану аумақтарын (тұрғын үй және қоғамдық құрылыс) дамытуға 4,42 мың га (3,8%) және өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамытуға 2,00 мың га (1,7%) жоспарланған.
5-тарау. Көлік инфрақұрылымы
Көлік инфрақұрылымы демография және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің болжамды өсуі, халықтың ұтқырлығы, жолаушылар және жүк тасымалы көлемдерінің өзгеруі, көліктің жаңа баламалы түрлерін шиеленіссіз енгізу, экологиялық талаптарды қатаңдату жағдайында қала аумақтарының жайлы қолжетімділігін, қала ішіндегі, қала маңындағы және сыртқы көлік байланыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл міндеттер қозғалыстың моторсыз тәсілдерінің (жаяу және велосипед қозғалысы), қоғамдық және жеке көліктің, қалалық, қала маңындағы және сыртқы көлік жүйелерінің өзара іс-қимылы мен толықтырылуын қамтамасыз ететін қаланың бірыңғай көлік жүйесін дамытуды, сондай-ақ тұтынушыларға көліктік қызмет көрсету түрлерін баламалы таңдауға мүмкіндік беруді талап етеді.
Сыртқы және қалалық көлік жүйелерін дамыту мыналарды көздейді:
транзиттік құрамдардың қаланы айналып өтуі үшін айналма теміржол тармағын салу;
өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың жолаушы болатын жаңа теміржол вокзалын салу;
жолаушыларды көліктің бір түрінен екінші түріне ауыстырып отырғызуға қызмет көрсету бойынша қосуға және жүктерді қайта тиеу жөніндегі әртүрлі көлік жүйелері мен қалалық көлік үшін ыңғайлы қолжетімділікті көздейтін заманауи терминалдық және логистикалық кешендер құру;
жылдамдық режимінде жұмыс істейтін үш айналма жол салу:
Шымкент айналма автожолы (ШымААЖ);
үздіксіз қозғалыста болатын жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелер – ортаңғы айналма жол (ОА) және ішкі кіші айналма жол (КА);
жылдамдық режимінде жұмыс істейтін және сыртқы магистральдарға шығатын іркіліссіз қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерінің радиалды желісін қалыптастыру;
меридиандық және ендік бағытта екі LRT желісін және бес BRT желісін салу.
6-тарау. Инженерлік инфрақұрылым
1-параграф. Сумен жабдықтау
Бас жоспарда су құбырының қолданыстағы аймақтық жүйесін сақтау және дамыту, құрылыстың бірінші кезегінде (2027 жыл) өнімділігін тәулігіне 326,79 мың м3 дейін, есептік мерзімге (2035 жыл) – тәулігіне 451,35 мың м3 дейін ұлғайту көзделген.
Сумен жабдықтау үшін жаңа су құбырлары мен желілерін салу және қолданыстағыларын реконструкциялау қажет.
Қалалық су құбырының қолданыстағы өнімділігі оның өнімділік резервін қамтамасыз ете отырып, ауыз су сапасының есептік қажеттілігіне сәйкес келеді. Жобаның есептік мерзімінің соңында қала тұтынушыларын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен 100 % қамту көзделген.
2-параграф. Су бұру
Кәріз жүйесін дамыту бөлігінде Бас жоспарда кәріз жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін құрылыстың бірінші кезегінде (2027 жыл) жалпы қуатын тәулігіне 304,17 мың м3 дейін; есептік мерзімге (2035 жыл) тәулігіне 404,54 мың м3 дейін арттыру көзделген.
Жобада қолданыстағы кәріз тазарту құрылыстарының (бұдан әрі – КТҚ) өнімділігін тәулігіне 200 мың м3 дейін ұлғайту (жұмыс жобасы әзірленді) және құрылыстың бірінші кезегінде (2027 жыл) өнімділігі тәулігіне 104,17 мың м3 қолданыстағы кәріз тазарту құрылыстары алаңынан солтүстік-батыс бағытта есептік мерзімге өнімділігін тәулігіне 204,54 мың м3 дейін (2035 жыл) ұлғайта отырып, қалалық аумақтың шетінде жаңа кәріз тазарту құрылыстарын орналастыру көзделген.
Су бұру үшін жаңа кәріз коллекторларын салу және қолданыстағы кәріз коллекторларын реконструкциялау қажет.
3-параграф. Жылумен жабдықтау
Қазіргі уақытта "3-Энергоорталық" акционерлік қоғамының ЖЭО-3-те қолда бар жылу қуатының шамамен 100 Гкал/сағ резерві бар және станция тиісінше дамитын болса, ЖЭО-ның жылу қуаты 2035 жылға дейінгі кезеңде аймақтың қазіргі шекараларында көпқабатты тұрғын үй мен қоғамдық құрылыстың жылу жүктемелер өсімін жылумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады.
Жаңа құрылыс аудандарына аудандық және топтық жаңа қазандықтардан жылу беру үшін тұрғын үй мен қоғамдық құрылыстың жылыту жүктемесін уақтылы қамтамасыз ету мақсатында жаңа жылу желілерін озыңқы салу қажет болады.
Жобада көпқабатты құрылыстың ауқымды құрылысының әрбір нүктесі үшін аудандық немесе топтық бір қазандық салу нұсқасы қарастырылады, сонымен бірге Бас жоспар жобасының ұзақ мерзімде іске асырылатынын ескере отырып (2035 жылға дейін), жобаланған тұрғын үй құрылысын бірнеше қазандықтар арқылы жылумен жабдықтау шешілуі мүмкін (аумақтар игерілуіне қарай).
Жаңа қазандықтар мәселесі тиімділігі жоғары негізгі және қосалқы заманауи жабдықтарды пайдалана отырып салынуы тиіс. Топтық ірі қазандықтарды салудың экономикалық тиімділік дәрежесі жаңа құрылысты салу қарқынына байланысты: бұл қарқындар неғұрлым жоғары болса, қазандықтар соғұрлым тезірек қалыпты пайдалану жағдайына шығады.
Орталықтандырылмаған жылумен жабдықтау аймақтарында енгізілетін көпқабатты жаңа тұрғын үй мен қоғамдық құрылыс жылумен жабдықтауды құрылыстың тығыздығы мен жылу жүктемесінің шоғырлануы ескеріле отырып, тұтынушыға тікелей жақын орналасқан жергілікті газ жылыту көздерінен жүзеге асырылуы тиіс.
4-параграф. Электрмен жабдықтау
Даму перспективасында қалада электрмен жабдықтаудың қолданыстағы қағидаттық схемасы сақталады. Қаладағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау трансформаторлардың реконструкциялануы немесе үлкен қуатқа ауыстырылуы (қажет болған жағдайда) ескеріле отырып, жұмыс істеп тұрған трансформаторлық қосалқы станциялардан қолданыстағы электр желілері арқылы жүзеге асыру болжанып отыр.
Қала аумағындағы жобалық құрылысты электрмен жабдықтау үшін қосымша трансформаторлық қосалқы станциялар мен 35-220 кВ электр беру желісін салу қажет.
5-параграф. Газбен жабдықтау
Даму перспективасында Шымкент қаласының тұтыну көлемін есептік нормативтік көрсеткіштерге дейін жеткізе отырып, табиғи газды пайдалану негізінде қаланы қамтамасыз етудің қолданыстағы схемасы сақталады.
Құрылыстың бірінші кезегінде табиғи газды тұтыну (2027 жыл) жылына 317,7 млн м3, есептік мерзімге (2035 жыл) жылына 353,7 млн м³ құрайды.
Қала аумағында жобалық құрылысты газбен жабдықтау үшін жоғары және орта қысымды жаңа газбен жабдықтау желілерін салу және қолданыстағы желілерін реконструкциялау қажет.
6-параграф. Телекоммуникация
Бірінші кезекте (2027 жылы) қала халқының саны болжанғандай 1450 мың адам және телефон тығыздығы осы жобада қабылданғандай (100 адамға 20 нөмір) болса, желінің есептік нөмірлік сыйымдылығы 290 000 нөмірді құрайды. Есептік мерзімге (2035 жыл) халықтың болжамды саны 1850 мың адам және телефон тығыздығы 100 адамға 20 нөмір болса, кезде желінің есептік нөмірлік сыйымдылығы 370 000 нөмірді құрайды.
Желінің есептік абоненттік сыйымдылығымен қамтамасыз етуді сегменттік интеграция арқылы және кейіннен Next Generation Network (NGN) технологиясын пайдалануға толық көшу қаланың телекоммуникациялық желілерін кеңейту және жаңғырту арқылы жүргізу болжанып отыр.
NGN желісі дамыған кезде қолданыстағы қосылымдар мен абоненттік желі сақталады. Ескі жүйенің байланыс желісін келесі буын жүйесінің желісімен қамтамасыз ету Softswitch бағдарламалық коммутаторын пайдалану есебінен жүзеге асырылады.
7-тарау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Шымкент қаласының қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарына мыналар жатады:
1) тұрақты экологиялық қолайсыздық аймақтарында, ең алдымен қаланың орталық бөлігінде, оңтүстік-шығыс, шығыс және солтүстік секторларында тіршілік ету ортасын түбегейлі сауықтыру;
2) табиғи кешеннің қолданыстағы аумақтарын қолайсыз антропогендік әсерлерден қорғау, шаруашылық қызмет нәтижесінде жоғалған табиғи аумақтарды оңалту және қайта құру, сондай-ақ ұзындығы 7,5 км-ден 10 км-ге дейін және ені 100-175 м болатын қала шегіндегі қоныстану аймағы мен жыра-сай желісі аумақтарында жаңа жасыл алқапты қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру;
3) қолданыстағы өнеркәсіптік аймақтардың аумақтарын оңалту;
4) қаланың тұрғын және қоғамдық аймақтарындағы тыныс-тіршілік ету ортасының жайлылығын, оның ішінде аумақты көгалдандыру, мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайларды жақсарту арқылы арттыру.
Қаланың қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарын орындауға қажетті шарттары:
1) халық денсаулығы қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретін экологиялық тәуекел аймақтарын жою;
2) қаланың Бадам, Қошқарата, Қарасу және Сайрамсу өзендерінің су қорғау белдеулері мен аймақтарының жобаларын әзірлеу және оларды экологиялық заңнаманың талаптарына жоспарлы түрде сәйкестендіру жөніндегі кешенді бағдарламалық шараларды іске асыру;
3) қолайлы микроклиматтық жағдайлар жасайтын және іргелес аумақтардың ауа айналымын жақсартуға ықпал ететін қаланың төрт негізгі су артериясы мен тұрақты су ағынын ұйымдастыру;
4) ауыр техногендік жүктемеге ұшыраған аумақтарды санациялау, оңалту, қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру (рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің аумақтары, магистральдық аумақтар маңындағы газдану және шуыл ыңғайсыздығы аймақтары және т.с.с.);
5) жаңа экологиялық таза технологияларды енгізу нәтижесінде стационарлық және жылжымалы эмиссия көздерінен зиянды заттардың жалпы шығарындыларын азайту;
6) қаланың кәсіпорындарында кәсіпорындар мен автокөлік құралдарының шығарындыларына және т.б. өндірістік мониторинг жүйесін дамыту;
7) қалдығы аз және қалдықсыз экологиялық таза технологияларды, өндірістердің ағынсыз циклдерін енгізу, өнеркәсіп, энергетика, қалалық шаруашылық объектілерін ПӘК жоғары заманауи газ тазарту, шаң тұту және су тазарту жабдықтарымен жарақтандыру;
8) сапа стандарттары Еуро-4 және одан артық жанармаймен жұмыс істейтін автомобильдер санын ұлғайту есебінен пайдаланылатын моторлы отын түрлерінің құрылымын өзгерту;
9) ауыз су сапасы мен өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық сарқынды сулар мен жер үсті ағындарын тазарту стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
10) қала автокөлігінің неғұрлым таза отын түрлеріне көшуі және қоғамдық көлікті оңтайлы дамыту есебінен қаланың көлік жүйесін жетілдіру;
11) қаладағы көшелердің көлік ағындары неғұрлым көп аймақтардағы экологиялық жағдайды сауықтыру үшін көше желісін дамытудың қалалық жүйесін жетілдіру;
12) негізінен жүк көлігі жүретін және көліктер аралас жүретін айналма автомагистральдар салу.
Бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қазіргі жай-күйі 01.01.2021 ж. | Бірінші кезең – 01.01.2028 ж. | Есептік мерзім – 01.01.2036 ж. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Аумағы | ||||
1.1 | Елді мекеннің қала, кент және ауылдық елді мекен шегіндегі жерінің ауданы, барлығы | мың га | 116,28 | 116,28 | 116,28 |
оның ішінде: | |||||
1.1.1 | тұрғын үй және қоғамдық құрылыс | мың га | 22,93 | 28,2 | 41,79 |
олардың арасында: | |||||
1.1.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжайлы құрылыс | мың га | 20,7 | 22,5 | 33,07 |
1.1.1.2 | оқшау құрылыс | 0,02 | 0,2 | 0,4 | |
1.1.1.3 | аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы | мың га | 0,06 | 0,10 | 0,2 |
1.1.1.4. | орташа қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы | мың га | 0,69 | 1,2 | 1,42 |
1.1.1.5 | көп қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы | мың га | 0,16 | 1,9 | 2,70 |
1.1.1.6 | қоғамдық құрылыс | мың га | 1,3 | 2,3 | 4,0 |
1.1.2 | өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық құрылыс | мың га | 3,65 | 6,86 | 9,0 |
оның ішінде: | |||||
1.1.2.1 | өнеркәсіптік құрылыс | мың га | 2,34 | 5,51 | 7,5 |
1.1.2.2 | коммуналдық-қоймалық құрылыс | мың га | 1,31 | 1,35 | 1,50 |
1.1.3 | көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар, оның ішінде: сыртқы көлік (теміржол, автомобиль, әуе және құбыржол) | мың га | 0,62 | 0,84 | 5,44 |
1.1.3.1 | магистральдық инженерлік желілер мен құрылыстар | -//- | - | - | - |
1.1.3.2 | байланыс құрылыстары | -//- | - | - | - |
1.1.4 | ерекше қорғалатын табиғи аумақтар | -//- | 6,0 | 6,0 | 6,00 |
оның ішінде: | |||||
1.1.4.1 | қорықтар | -//- | - | - | - |
1.1.4.2 | қаумалдар | - | - | - | |
1.1.4.3 | табиғат ескерткіштері | - | - | - | |
1.1.4.4 | ормандар мен орман бақтары | -//- | 6,0 | 6,0 | 6,0 |
1.1.5 | су айдындары мен акваториялар | мың га | 2,2 | 2,2 | 2,2 |
оның ішінде: | |||||
1.1.5.1 | өзендер, табиғи және жасанды су айдындары | -//- | 0,8 | 0,8 | 0,8 |
1.1.5.2 | су қорғау аймақтары | -//- | 1,4 | 1,4 | 1,4 |
1.1.5.3 | гидротехникалық құрылыстар | -//- | - | - | - |
1.1.5.4 | су шаруашылығы құрылыстары | -//- | - | - | - |
1.1.6 | ауыл шаруашылығында пайдаланылатын | мың га | 59,18 | 55,00 | 30,0 |
оның ішінде: | |||||
1.1.6.1 | егістік жерлер | -//- | - | - | - |
1.1.6.2 | бақтар мен жүзімдіктер | -//- | - | - | - |
1.1.6.3 | шабындықтар, жайылымдар | -//- | - | - | - |
1.1.7 | жалпы пайдаланымда | мың га | 4,24 | 8,32 | 15,39 |
оның ішінде: | |||||
1.1.7.1 | көшелер, жолдар, өтпелер, | мың га | 3,02 | 3,56 | 3,63 |
1.1.7.2 | су айдындары, жағажайлар, жағалаулар | мың га | 0,36 | 0,50 | 2,5 |
1.1.7.3 | саябақтар, скверлер, гүлзарлар | мың га | 0,20 | 3,60 | 7,3 |
1.1.7.4 | режимдік аумақтар | мың га | 0,43 | 0,51 | 0,64 |
1.1.7.5 | зираттар | -//- | 0,35 | 0,35 | 1,19 |
1.1.7.6 | ҚТҚ сақтау және қайта өңдеу аумақтары | -//- | 0,20 | 0,20 | 0,13 |
1.1.8 | резервтік | мың га | 0,73 | 0,73 | 6,42 |
оның ішінде: | |||||
1.1.8.1 | қоныстану аумақтарын дамытуға арналғандар | мың га | 0,30 | 0,30 | 4,42 |
1.1.8.2 | өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін | -//- | 0,43 | 0,43 | 2,0 |
1.1.8.3 | рекреациялық және өзге де аймақтарды ұйымдастыру үшін | -//- | - | - | - |
1.1.9 | Басқа аумақтар | -//- | 16,73 | 8,13 | 0,04 |
2 | Халық | ||||
2.1 | Бағынысты елді мекендерді ескере отырып, халық саны, барлығы | мың/адам | 1074,5 | 1450,0 | 1850,0 |
оның ішінде: | |||||
2.1.1 | қаланың өзі (кент, ауылдық елді мекен) | мың/адам | 1074,5 | 1450,0 | 1850,0 |
2.1.2 | басқа елді мекендер | -//- | 0 | 0 | 0 |
2.2 | Халықтың жылдық жалпы өсімі, барлығы |
жылына | 36,31 |
375,5 |
400,00 |
2.2.1 | Халықтың орташа жылдық табиғи қозғалысының көрсеткіштері: | мың/адам | 24,97 | 31,59 | 40,95 |
2.2.2. | өсімі | -//- | 31,71 | 38,84 | 50,20 |
2.2.3 | азаюы | -//- | 6,74 | 7,25 | 9,25 |
2.3 | Халықтың орташа жылдық көші-қон көрсеткіштері (сальдо): | мың/адам | 11,34 | 14,30 | 18,26 |
2.3.1 | өсімі | -//- | 63,69 | 74,3 | 88,26 |
2.3.2 | азаюы | -//- | 52,35 | 60,0 | 70,0 |
2.4 | Халықтың тығыздығы | ||||
2.4.1 | қоныстану аумағы шегінде | адам/га | 39,9 | 45,3 | 49,2 |
2.4.2 | қалалық, кенттік және ауылдық құрылыс салу аумағының шегінде | -//- | 9,24 | 12,5 | 15,9 |
2.5 | Халықтың жас құрылымы: | ||||
2.5.1 | 15 жасқа дейінгі балалар | мың адам/% | 385,7/35,9 | 446,2/30,8 | 504,2/27,3 |
2.5.2 | еңбекке қабілетті жастағы халық | -//- | 601,56/55,98 | 902,5/63,6 | 1231,3/67,6 |
(16-62 жастағы ерлер, 16-57 жастағы әйелдер) | -//- | ||||
2.5.3 | еңбекке қабілетті жастан асқан халық | -//- | 87,2/8,12 | 101,3/7,0 | 114,5/6,2 |
2.6 | Отбасылар мен жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы | мың бірлік | 316,0 | 426,5 | 544,1 |
оның ішінде: | |||||
2.6.1 | отбасылар саны | -//- | 316,0 | 426,5 | 544,1 |
2.6.2 | жалғызбасты тұрғындар саны | -//- | |||
2.7 | Еңбек ресурстары, барлығы | мың адам | 601,56 | 902,5 | 1231,3 |
оның ішінде: | |||||
2.7.1 | Экономикалық белсенді халық, барлығы | мың адам/% | 432,5/40,25 | 767,5/52,9 | 1076,3/58,2 |
оның ішінде: | |||||
2.7.1.1 | Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар | -//- | 410,3/38,2 | 728,4/50,0 | 1022,2/55,3 |
1) | қала түзуші топта | -//- | 64,6/6,0 | 217,5/15,0 | 337,7 /18,3 |
оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық | |||||
2) | қызмет көрсету тобында | -//- | 345,7/32,2 | 510,9/35,2 | 684,5/37,0 |
2а) | оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық | ||||
2.7.1.2 | Жұмыссыздар | -//- | 22,2/2,07 | 39,1/2,7 | 54,1/2,9 |
2.7.2 | Экономикалық белсенді емес халық | -//- | 169,06/15,73 | 155,0/10,7 | 175,0/9,5 |
оның ішінде: | |||||
2.7.2.1 | өндірістен қол үзіп оқитын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар | -//- | 130,0 | 155,0 | 175,0 |
2.7.2.2 | экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық | -//- | 39,06 | - | - |
3 | Тұрғын үй құрылысы | ||||
3.1 | Тұрғын үй қоры, барлығы | жалпы ауданы мың м²/ % / *үйлердің (пәтерлердің) бірлігі |
19844,9/ | 33053,9 | 51 454,9 |
оның ішінде: | |||||
3.1.1* | мемлекеттік қор | -//- | 155,2 | ||
3.1.2* | жеке меншікте | -//- | 19689,7 | ||
3.2 | Жалпы қордан: | -//- | |||
3.2.1 | көппәтерлі үйлерде | -//- |
5994,2/ | 15659,2 | 31225,2 |
3.2.2 | меншікжай типіндегі үйлерде | -//- |
13850,7/ | 17394,7 | 20229,7 |
3.3 | 70 %-дан астам тозған тұрғын үй қоры, барлығы | -//- | 20,3/41 | ||
оның ішінде: | |||||
3.3.1 | мемлекеттік қор | -//- | |||
3.4 | Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы | -//- |
19844,9/ | 19276,29 | 18683,98 |
3.5 | Тұрғын үй қорын қабат бойынша бөлу: | ||||
оның ішінде: | |||||
3.6.1 | аз қабатты | -//- |
13850,7/ | 13282,09 | 12690,59 |
оның ішінде құрылыста: | |||||
3.6.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар оқшауланған | -//- |
13850,7/ | 13282,09 | 12690,59 |
3.6.1.2 | пәтер жанындағы жер учаскесімен оқшауланған | -//- | - | ||
3.6.1.3 | жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты | -//- | - | ||
3.6.2 | орташа қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі | -//- |
| ||
3.6.3 | көпқабатты көппәтерлі | -//- | |||
3.7 | Тұрғын үй қорының азаюы, барлығы | -//- | - | 568,61 | 592,31 |
оның ішінде: | |||||
3.7.1 | техникалық жағдайы бойынша | -//- | |||
3.7.2 | реконструкциялау бойынша | -//- | - | 568,61 | 592,31 |
3.7.3 | басқа себептер бойынша (үй-жайларды қайта жабдықтау) | -//- | - | ||
3.7.4 | Тұрғын үй қорының азаюы мыналарға қатысты: | ||||
3.7.4.1 | қазіргі тұрғын үй қорына | % | - | 2,85 | 2,97 |
3.7.4.2 | жаңа құрылысқа | -//- | - | 4,3 | 3,2 |
3.8 | Жаңа тұрғын үй құрылысы, оның ішінде барлығы: | үйлердің (пәтерлердің) бірлігі / жалпы ауданы мың шаршы метр | - | 13209 | 18401 |
3.9 | Жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы қабатына қарай | -//- | |||
оның ішінде: | |||||
3.9.1 | аз қабатты | -//- | - | 3545 | 2835 |
оның ішінде: | |||||
3.9.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедждік үлгідегі) | -//- | - | 2880 | 1920 |
3.9.1.2 | пәтер жанындағы жер учаскесі бар оқшауланған | -//- | - | 665 | 915 |
3.9.1.3 | жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты | -//- | |||
3.9.2 | орташа қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі | -//- | |||
3.9.3 | көпқабатты көппәтерлі | -//- | - | 9665 | 15566 |
3.10 | Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналасуы: | ||||
3.10.1 | бос аумақтарда | -//- | - | 9355 | 15135 |
3.10.2 | қолданыстағы құрылыс салуды реконструкциялау есебінен | -//- | - | 3855 | 3266 |
3.11 | Жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының жылына орта есеппен енгізілуі | мың ш.м. | - | 1887 | 2300 |
3.12 | Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі: | ||||
3.12.1 | сумен құбырымен | жалпы тұрғын үй қорының % | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
3.12.2 | кәрізбен | -//- | 79,2 | 90,0 | 100,0 |
3.12.3 | электр плиталарымен | -//- | 0,01 | - | - |
3.12.4 | газ плиталарымен | -//- | 99,9 | 100,0 | 100,0 |
3.12.5 | жылумен | -//- | 28,6 | 47,8 | 60,6 |
3.12.6 | ыстық сумен | -//- | 13,2 | 47,8 | 60,6 |
3.13 | Барлық қала тұрғындарының жалпы пәтерлер ауданымен орташа есептік қамтамасыз етілуі | м²/адам | 18,5 | 22,8 | 27,8 |
4 | Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері | ||||
4.1 | Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы | орын | 58632 | 110925 | 166500 |
4.1.1 | қамтамасыз етілу деңгейі | % | 64,2 | 95,0 | 100 |
4.1.2 | 1000 тұрғынға | орын | 55 | 77 | 85 |
4.1.3 | жаңа құрылыс | -//- | - | 52293 | 55575 |
4.2 | Жалпы білім беру мекемелері, барлығы | -//- | 225774 | 319000 | 416250 |
4.2.1 | қамтамасыз етілу деңгейі | % | 95 | 100 | 100 |
4.2.2 | 1000 адамға | орын | 210 | 220 | 225 |
4.2.3 | жаңа құрылыс | -//- | - | 93226 | 97250 |
4.3 | Ауруханалар, барлығы | төсек орын | 7097 | 10745 | 14431 |
4.4 | Емханалар, барлығы/1000 адамға | ауысымда келетіндер | 6,6 | 7,4 | 7,8 |
4.5 | Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат үйлері) – барлығы | орын | 1014 | 2436 | 3885 |
4.6 | Ұзақ демалу мекемелері (демалыс үйлері, пансионаттар, оқушыларға арналған лагерьлер және т. б.), барлығы/1000 адамға | -//- | ҚР ЕЖ 3.01-101-2013 жобалау тапсырмасы бойынша | ||
4.7 | Дене шынықтыру-спорт ғимараттары барлығы | мың м² | 83,97 | 221,23 | 367,36 |
4.8 | Ойын-сауық-мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, мұражайлар, көрме залдары және т.б.), барлығы | орын | 45,72 | 340,45 | 646,92 |
4.9 | Сауда кәсіпорындары барлығы/ | сауда алаңының м² | 80550 | 805305 | 805305 |
4.10 | Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы | отыратын орын | 19219 | 43500 | 74000 |
4.11 | Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы | жұмыс орындары | 20126 | 20126 | 20350 |
4.12 | Өрт сөндіру бекеті | автомобильдер/ өрт сөндіру деполарының саны | 64/9 | 122/16 | 234/32 |
5 | Көлікпен қамтамасыз ету | ||||
5.1 | Жолаушылар қоғамдық көлігі желілерінің ұзақтығы, барлығы |
|
|
|
|
оның ішінде: | |||||
5.1.1 | электрлендірілген теміржол | қос жол км |
|
|
|
5.1.2 | метрополитен | км | - | - | - |
5.1.3 | трамвай (ЛРТ) | -//- | - | - | 69 |
5.1.4 | троллейбус | -//- | - | - | - |
5.1.5 | автобус | -//- | 800 | 1008 | 1280 |
5.2 | Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы |
|
|
|
|
оның ішінде: | |||||
5.2.1 | жоғары жылдамдықты қозғалыс жолдары | -//- | - | 14 | 84,9 |
5.2.2 | жалпы қалалық маңызы бар магистральдар |
| 240 | 274 | 406,6 |
5.2.3 | аудандық маңызы бар магистральдар | -//- | 476 | 545,6 | 1779,8 |
5.2.4 | тұрғын көшелер | -//- | 3887,9 | 4168,0 | 7380,8 |
5.2.5 | кенттік жолдар | -//- | 88,8 | 96,5 | 120,8 |
5.2.6 | өнеркәсіптік жолдар | -//- | 30,4 | 41,0 | 70,3 |
5.3 | Сыртқы көлік | ||||
оның ішінде: | |||||
5.3.1 | теміржол, | ||||
оның ішінде: | |||||
жолаушылар | мың жолаушы/жыл | 290,2 | 365,4 | 464 | |
жүк тасымалдау | мың тонн/жыл | 10267 ,6 | 12936,4 | 16427,2 | |
5.3.2 | әуе | ||||
оның ішінде: | |||||
жолаушылар | мың жолаушы/жыл | 2146,2 | 3500 | 3500 | |
жүк тасымалдау | мың тонн/жыл | 5,9 | 9617 | 9617 | |
5.3.3 | автомобиль | ||||
оның ішінде: | |||||
жолаушылар | мың жолаушы/жыл | 1078 | 1358,3 | 1746 ,4 | |
жүк тасымалдау | мың тонн/жыл | 111221,0 | 140138,5 | 180178 | |
5.3.4 | өзен | - | - | - | |
оның ішінде: | |||||
жолаушылар | мың жолаушы/жыл | - | - | - | |
жүк тасымалдау | мың тонн/жыл | - | - | - | |
5.3.5 | теңіз | ||||
оның ішінде: | |||||
жолаушылар | мың жолаушы/жыл | - | - | - | |
жүк тасымалдау | мың тонн/жыл | - | - | - | |
5.3.6 | Құбыр | мың м³/жыл | 5213,0 | 5213,0 | 5213,0 |
5.4 | Көше-жол желісінің тығыздығы | ||||
5.4.1 | қала құрылысы шегінде; | км/км² | 1,21 | 1,24 | 3,0 |
5.4.2 | қала маңы аймағының шекарасы шегінде | -//- | - | - | - |
6. | Инженерлік жабдықтар | ||||
6.1 | Сумен жабдықтау: | ||||
6.1.1 | Жалпы тұтыну, барлығы | мың м³ /тәу. | 146,68 | 326,79 | 451,35 |
оның ішінде: | |||||
6.1.1.1 | шаруашылық-ауызсу қажеттіліктеріне | -“- | - | 251,38 | 334,33 |
6.1.1.2 | өндірістік қажеттіліктерге | -“- | - | 50,28 | 66,87 |
6.1.2 | Су құбыры бас құрылыстарының қуаты | -//- | 381,0 | 326,79 | 451,35 |
6.1.3 | Пайдаланылатын сумен жабдықтау көздері: | ||||
6.1.3.1 | жерасты су жинағыштары | -//- | + | + | + |
6.1.3.2 | жерүсті көздерінен су алу | -//- | - | - | - |
6.1.3.3 | орталықтандырылмаған су көздері | -//- | - | - | - |
6.1.4 | ҚМК бекіткен жерасты суларының қорлары | мың м³ | 522,4 | 522,4 | 522,4 |
(бекітілген күні, есептік мерзімі) | - | - | - | ||
6.1.5 | Тәулігіне орта есеппен 1 адамға шаққанда су тұтыну | л/тәу. | 136,51 | 225,37 | 243,97 |
оның ішінде: | |||||
6.1.5.1 | шаруашылық-ауызсу қажеттіліктеріне | -//- | - | 173,37 | 180,72 |
6.1.6 | Суды қайталама пайдалану | % | - | - | - |
6.1.7 | Желілердің ұзындығы | км | 755,46 | 697,04 (1452,50) | 78,68 (1531,18) |
6.2 | Кәріз: | ||||
6.2.1 | Сарқынды сулардың жалпы түсімі, барлығы | мың м³ /тәу. | 74,12 | 304,17 | 404,54 |
оның ішінде: | |||||
6.2.1.1 | тұрмыстық кәріз | -“- | - | 251,38 | 334,33 |
6.2.1.2 | өндірістік кәріз | -“- | - | 40,22 | 53,49 |
6.2.2 | Кәріз тазарту құрылыстарының өнімділігі | -//- | 150,00 | 154,17 (304,17) | 100,37 (404,54) |
6.2.3 | Желілердің ұзындығы | км | 463,14 | 529,94 (993,08) | 118,49 (1111,57) |
6.3 | Электрмен жабдықтау: | ||||
6.3.1 | Электр энергиясын жалпы тұтыну | млн кВт сағ/жыл | 1833,95 | 4530,86 | 5904,50 |
оның ішінде: | |||||
6.3.1.1 | коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге | -“- | - | 3792,92 | 4976,71 |
6.3.1.2 | өндірістік қажеттіліктерге | -“- | - | 326,04 | 391,02 |
6.3.2 | Жылына орта есеппен 1 адамға шаққандағы электр тұтыну | кВт.сағ. | 1706,79 | 3124,73 | 3191,62 |
6.3.2.1 | оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге | -//- | - | 2615,80 | 2690,11 |
6.3.3 | Жүктемелерді жабу көздері | МВт | 358,0 | 788,65 | 1025,16 |
6.3.3.1 | оның ішінде: ЖЭО | -//- | 160,0 | 160,0 | 160,0 |
6.3.3.2 | су электр станциялары | -//- | - | - | - |
6.3.3.3 | біріккен электр желісі | -//- | 198,0 | 628,65 | 865,16 |
6.3.4 | Желілердің ұзындығы | км | 1535,87 | 399,94 (1935,81) | 118,55 (2054,36) |
6.4 | Жылумен жабдықтау | ||||
6.4.1. | Орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы | МВт | 1287,6 | 1727,3 | 2388,9 |
6.4.1.1 | оның ішінде: ЖЭО | -//- | 963,0 | 963,0 | 963,0 |
6.4.1.2 | аудандық қазандықтар | -//- | 220,0 | 619,0 | 1 247,5 |
6.4.1.3 | топтық қазандықтар | -//- | 104,6 | 145,3 | 178,3 |
6.4.1.4 | жергілікті көздердің жалпы қуаты | -//- | - | - | - |
6.4.2. | Жылыту үшін тұтыну, барлығы | -//- | 2176,0 | 2705,0 | 3437,0 |
6.4.2.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге | -//- | 2040,0 | 2522,0 | 3217,0 |
6.4.2.2 | өндірістік қажеттіліктерге | -//- | 136,0 | 183,0 | 220,0 |
6.4.3. | Ыстық сумен жабдықтауға тұтыну, барлығы | -//- | 285,0 | 450,0 | 581,0 |
6.4.3.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге | -//- | 278,0 | 440,0 | 570,0 |
6.4.3.2 | өндірістік қажеттіліктерге | -//- | 7,0 | 10,0 | 11,0 |
6.4.4. | Жергілікті жылумен жабдықтау көздерінің өнімділігі | -//- | 1 992,6 | 2 527,5 | 3 061,0 |
6.4.5. | Желілердің ұзындығы | км | 400,0 | 445,0 | 498,0 |
6.5 | Газбен жабдықтау | ||||
6.5.1 | Табиғи газды тұтыну, барлығы | млн м³/ жыл | 286,5 | 317,68 | 353,69 |
6.5.1.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге | -//- | - | - | - |
6.5.1.2 | өндірістік қажеттіліктерге | -//- | - | - | - |
6.5.2. | Сұйытылған газды тұтыну, барлығы | тонн/жыл | - | - | - |
6.5.2.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге | -//- | - | - | - |
6.5.2.2 | өндірістік қажеттіліктерге | -//- | - | - | - |
6.5.3 | Табиғи газ беру көздері | млн м³/жыл | 286,5 | 317,68 | 353,69 |
6.5.4 | Қаланың, басқа елді мекеннің отын балансындағы газдың үлес салмағы | % | 81% | 90% | 100% |
6.5.5 | Желілердің ұзындығы | км | 457,9 | 50,46 (508,36) | 12,36 (520,72) |
6.6 | Байланыс | ||||
6.6.1 | Халықты телевизиялық хабар таратумен қамту | халықтың % | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
6.6.2 | Телефон нөмірлерінің белгіленген саны | мың бірлік | 12,02 | 290,0 | 370,0 |
7 | Аумақты инженерлік дайындау | ||||
7.1 | Нөсер кәрізінің жалпы ұзындығы | км | 146,0 | 264,0 | 360,0 |
7.2 | Аумақты су тасқынынан қорғау: | ||||
7.2.1 | ауданы | га | 100,0 | 800,0 | 1359,0 |
7.2.2 | қорғаныш құрылыстарының ұзындығы | км | 8,0 | 12,0 | 24,0 |
7.3 | Жуу және себу, барлық көлемі мен ауданы | га | 700,0 | 1900,0 | 3490,0 |
7.4 | Жағалауды нығайту | км | 16,0 | 32,0 | 40,0 |
7.5 | Жерасты суларының деңгейін төмендету | га | 45,0 | 85,0 | 170,0 |
7.6 | Аумақты инженерлік дайындау жөніндегі басқа да арнайы іс-шаралар | тиісті бірліктер | - | - | - |
8 | Халыққа салт-жора қызметін көрсету | ||||
8.1 | Зираттардың жалпы саны | га | 350 | 350 | 1 193 |
8.2 | Крематорийлердің жалпы саны | бірлік | - | - | - |
9 | Қоршаған ортаны қорғау | ||||
9.1 | Атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындыларының көлемі | мың т/жыл | 33,2 | 25,0 | 20,0 |
9.2 | Ластанған суларды ағызудың жалпы көлемі | млн м /жыл | 0,0323 | 0,02 | 0,018 |
9.3 | Бұзылған аумақтарды қалпына келтіру | га | 52,6 |
| 124,0 |
9.4 | Шу деңгейі 65 Дб жоғары аумақтар | елді мекеннің жалпы жер көлемінің % | 0,91 | 0,8 | 0,6 |
9.5 | Экологиялық жағынан қолайсыз аумақтар (рұқсат етілген шекті концентрациядан жоғары химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроағзалармен ластанған аумақтар, рұқсат етілген шекті деңгейден жоғары мөлшерде радиоактивті заттармен ластанған аумақтар) | елді мекеннің жалпы жер көлемінің % | 10,4 % | 7 % | 5 % |
9.6 | Санитариялық-қорғау аймақтарында тұратын халық | мың адам | 15,3 |
| 6,1 |
9.7 | Санитариялық-қорғау және су қорғау аймақтарын көгалдандыру | % | 30 % |
| 75 % |
9.8 | Топырақ пен жер қойнауын қорғау | -//- | |||
9.9 | Аумақтарды санитариялық тазалау | -//- | |||
9.9.1 | Тұрмыстық қалдықтардың көлемі | мың т/жыл | 233,18 | 456,76 | 582,74 |
9.9.2 | Қоқыс өңдеу зауыттары | бірл./мың.т. жыл | 1/52,5 | 2/169 | 2/332 |
9.9.3 | Қоқысты өртейтін зауыттар | бірлік | - | - | - |
9.9.4 | Қоқысты қайта тасымалдау станциялары | -"- | - | - | - |
9.9.5 | Жетілдірілген қоқыс үйінділері (полигондар) | бірлік /га | 34 | 34 | 34 |
9.9.6 | Қоқыс үйінділерінің жалпы ауданы | га | 34 | 34 | 34 |
9.9.7 | оның ішінде стихиялық | -//- | - | - | - |
9.10 | Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі өзге де іс-шаралар | тиісті бірліктер | - | - | - |
10 | Жобалық шешімдерді іске асырудың I кезеңі бойынша инвестициялардың болжамды көлемі, барлығы | млн теңге | 5336315,9 | ||
оның ішінде: | |||||
10.1. | Әлеуметтік инфрақұрылым | -//- | 1086006 | ||
10.2 | Тұрғын үй құрылысы | -//- | 3871946 | ||
10.3. | Көлік инфрақұрылымы | -//- | 59513 | ||
10.4. | Инженерлік инфрақұрылым | -//- | 318850 | ||
* Ұсынымдық сипаттағы көрсеткіштер |
Шымкент қаласының бас жоспарына қосымша (негізгі ережелерді қоса алғанда) |