Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.10.2023 № 916 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, Шымкент қалалық және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттары мақұлдаған Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 сәуірдегі № 446 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 1134 қаулысымен бекiтiлген |
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының бас жоспары
Негізгі мақсаттары:
Бас жоспарда қаланы аумақтық дамытудың және аумақты адамзаттың өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы орта жасауға бағытталған сәулеттік-жоспарлы ұйымдастырудың негізгі бағыттары айқындалады.
Бас жоспарды әзірлеудің негізгі міндеттері:
1) Шымкент қаласын әлеуметтік-экономикалық және қала құрылыстық дамытудың негізгі бағыттарын, ауқымы мен қарқынын айқындау;
2) қаланы аумақтық дамытудың және оның сәулеттік-жоспарлы ұйымдастырылуын қалыптастырудың ұзақ мерзімді перспективасын айқындау;
3) есепті мерзімге қаланың жобалық шекарасына қосуға жататын аумақтарды (негізінен иеліктен шығарылатын және сатып алынатын жерлер), болжамды келешектегі кезеңде қаланы дамытудың резервтік аумақтарын айқындау;
4) аумақты функционалды-қала құрылыстық аймақтарға бөлуді қалыптастыру және оларды пайдалану регламенттерін айқындау;
5) тұрғын, қоғамдық құрылыс салу және өнеркәсіптік-өндірістік құрылыс салу көзделген аумақтарды, жалпы пайдаланымдағы жасыл екпелерді, орман-саябақтарды және де басқа құрылыс салынбаған аумақтарды қамтитын рекреациялық аймақтарды ұйымдастыруды айқындау;
6) қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру және жалпы қалалық маңызы бар объектілерді орналастыру жөніндегі қағидаттың шешімдері;
7) көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инженерлік инфрақұрылымды және аумақтың инженерлік қорғалуын дамыту;
8) экологиялық ахуалды жақсарту, аумақты қауіпті табиғи және техногендік құбылыстар мен процестерден қорғау бойынша қала құрылысы іс-шараларын жүргізу.
Қаланың бас жоспарында мынадай жобалық кезеңдер қабылданған:
1) бастапқы жыл 2011 жылғы 1 қаңтарға
2) бірінші кезек 2015 жыл
3) есепті мерзім 2025 жыл
1. Қаланы қала құрылыстық дамытудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
Әлеуметтік-экономикалық саясат стратегиясы табиғи-шикізат ресурстарын барынша пайдалана отырып, өндірістік саланы әртараптандыру мен жаңғырту жолымен қаланы дамытуға бағытталған.
Перспективада Шымкент қаласы ірі өндірістік-инновациялық және көліктік-логистикалық, білім беру және ғылыми, мәдени әрі туристік орталық ретінде қаралады.
Шымкент қаласы жақын маңдағы қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамытуды қамтитын ірі агломерация орталығы ретінде дамытылатын болады, ал жоғары жылдамдықты автомагистральдар іске қосылған соң Тараз, Түркістан, Ташкент сияқты ірі қалалармен байланыс айтарлықтай жандана түседі.
Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жаңа технологияларды игеру, сапаның халықаралық стандарттарына көшу және жаңа өткізу нарықтарына шығу арқылы экономиканың барлық салаларын кешенді дамытуды көздейді.
Шымкент қаласының өндірістік әлеуетін одан әрі дәйекті дамыту, оның бәсекелі позицияларын нығайту үшін Бас жоспарда өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы өнеркәсіптік ірі және орта кәсіпорындар базасында бірқатар кластерлік өндірістер құру көзделеді.
Оңтүстік өңірдің сервистік орталығы ретінде Шымкент қаласы өзін мынадай тұрғыдан көрсете алады:
1) өңірлік дистрибуция орталығы, бұл қалада Орталық Азия нарығына бағдарланған ірі тауарлық-логистикалық тораптар құруды және өңірде өз өнімдерін өткізу үшін әлемдік тауар өндірушілерге қолайлы жағдай жасауды көздейді;
2) транзиттік-логистикалық орталық, бұл көліктік-логистикалық тораптар қалыптастыра отырып, қалада Еуропа, Қытай, Таяу Шығыс пен Орта Азия арасында жолаушылар мен жүк транзиті үшін ыңғайлы және тиімді жағдай жасауды көздейді;
3) таяу маңдағы өңірлерге қызмет көрсету мақсатында халықаралық сыныптағы қаржы қызметтерін көрсетуге бағдарланған өңірлік қаржы орталығы;
4) ақпараттық-коммуникациялық орталық, бұл әрқилы тұрпаттағы ақпараттық және мультимедиялық қызметтерді, оның ішінде, жерсеріктік байланыс арналары мен жерсеріктіктерден алынған ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді;
5) Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи және мәдени байлығы мол туристік орталық;
6) оқу ақысы қол жетімді деңгейде болғанда өңір жастарына халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім беруге бағдарланған білім беру орталығы;
7) өңір азаматтарына жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге және медицина кадрларын оқыту мен олардың біліктілігін жоғарылатуға қабілетті медицина орталығы.
Бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатуды кластерлік даму тетіктерін енгізу және ішкі ресурстарды жұмылдыру арқылы жүзеге асыру болжанып отыр.
Бас жоспарда коммерциялық-іскерлік саланы одан әрі дамыту көзделеді, ол қаланың халықаралық бизнес, сауда және іскерлік қарым-қатынас орталығы ретіндегі өңірлік функцияларын кеңейтуді қамтиды.
2. Демографиялық ахуал
Оңтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасының деректері бойынша 2011 жылғы 1 қаңтарға Шымкент қаласы тұрғындарының саны 628,0 мың адамды құрады.
Перспективадағы тұрғындар саны әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық салаларында еңбекке қабілетті жастағы тұрғындарды оңтайлы пайдалануды ескере отырып айқындалған және:
1) 2015 жылға бірінші кезекке 1000,0 мың адамды;
2) 2025 жылға есепті мерзімге 1200,0 мың адамды құрайды.
3. Әлеуметтік инфрақұрылым
Тұрғын үй құрылысы
2015 жылға қарай іргелес аумақтарды қоса отырып, қала шекарасын өзгерту межеленіп отыр. Қала аумағының жобаланып отырған ауданы 117 000 га құрайды. 2015 жылға қарай қаланың жобалық шекарасына тұрғындарының саны 108,0 мың 27 елді мекен қосылмақ.
2011 жылғы 1 қаңтарға Шымкент қаласының тұрғын үй қоры 12735,0 мың шаршы м. құрап, бір тұрғын орта есеппен жалпы 20,3 шаршы м. алаңмен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй құрылысының қажеттілігі есепті мерзімге бір адамға арналған жалпы алаңы 25 шаршы метрмен қамтамасыз етудің орташа нормасына негізделе отырып айқындалған. Бұл ретте тұрғын үймен есептік қамтамасыз ету табыс деңгейі жағынан әрқилы топтарға қарай жақын тұратын тұрғындар арасында сараланған.
Бас жоспарда жаңа тұрғын үй қорының қабаттары бойынша мынадай құрылыстық аймақтарға бөлу қабылданған: 19,3 %-ы – 1000,0 шаршы м. жер учаскелері бар усадьбалық үлгідегі үй-жайлар, 19,1 %-ын үй жанында алаңы 350-400 шаршы м. учаскелері бар 2-3 қабатты оқшауланған үйлер құрайды, 61,6 %-ы – көппәтерлі көп қабатты үйлер (5-10 қабатты және жоғары).
2011–2025 жылдар кезеңінде жаңа тұрғын үйлер құрылысының көлемінің жалпы алаңы 16257,0 мың шаршы м. құрайды, оның ішінде үй жанында учаскелері бар үйлер – 3132,6 мың шаршы м., 2-3-қабатты үйлер – 3097,2 мың шаршы м., 4-5 қабатты үйлер – 9215,6 мың шаршы м. және 6 қабатты және одан жоғары үйлердің жалпы алаңы – 812,5 мың шаршы м.
Қаралып отырған кезеңде ескі және құны арзан қолданыстағы тұрғын үй қорының кемуінің жалпы алаңы 1132,5 мың шаршы м. құрайды. Үйлер бұзылған соң босайтын аумақ 1430 га құрайды, оның шамамен 83 %-ы қаланың Орталық жоспарлау аймағында орналасқан. Бас жоспарда бұл аумақтарда көп қабатты (5-14 қабатты) тұрғын үйлер мен қалалық және аудандық деңгейдегі әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілер салу, көше-жол желісі мен жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер жүйесін қалыптастыру көзделіп отыр.
Қызмет көрсету саласын дамыту
Қызмет көрсету саласындағы мекемелерге деген қажеттілікті есептеу әрбір жоспарлау ауданы бойынша ұсынылатын түрлік құрамға, белгіленген нормаларға және тұрғын халықтың санына сәйкес орындалған.
Есепті мерзімнің соңына дейін 102,16 мың орынға арналған мектепке дейінгі балалар мекемелерін, 136,45 мың оқушыға арналған жалпы білім беретін оқу орындарын салу көзделіп отыр.
Денсаулық сақтау саласында көпбейінді стационарлар мен амбулаториялық-емханалық ұйымдар салу жоспарланып отыр, олардың қуатын денсаулық сақтау органдары жобалаудың келесі кезеңдерінде айқындайтын болады.
Есепті мерзімге дейін спорт және дене шынықтыру-сауықтыру мақсатындағы объектілерді орналастыруға 913,7 га жер бөлініп, онда көп функционалды пайдалануға арналған жабық спорт құрылыстары, ашық спорт алаңдары салынады.
Әрбір жоспарлау аймағында сауда-ойын-сауық, спорт, мәдениет және көп функционалды объектілерді қамтитын кешенді қоғамдық орталықтар ұйымдастыру көзделген.
Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды дамыту еңбекті қажет ететін жаңа орындарды құруға, қаланың коммерциялық тиімділігін, инвестициялық және туристік тартымдылығын жоғарылатуға, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
4. Аумақты сәулеттік-жоспарлы ұйымдастыру
1. Аумақтық даму және жоспарлау құрылымы
Табиғи-климаттық, инженерлік-геологиялық жағдайларды, қалыптасқан жоспарлау құрылымын және тұрғындардың перспективадағы санын ескере отырып, жобалау кезеңінде Шымкент қаласы аумақтық тұрғыдан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және батыс бағыттарда дамытылатын болады.
Қаланы солтүстік бағытта дамыту қала шегінде аумақтық резервтердің болуымен, қалыптасқан көше-жол желілері мен инженерлік инфрақұрылымның болуымен негізделген. Қолданыстағы Алматы – Шымкент автожолының солтүстігіне қарай өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансқұрлықтық көлік дәлізінің салынуы мен пайдалануға берілуі қаланы осы бағытта дамытуға айтарлықтай түрткі болмақ. Бас жоспарда "Шымкент – 2" жүк-сұрыптау станциясы мен жолаушылар терминалын ұйымдастырып, қаланың солтүстік жағынан екінші айналма теміржол торабын төсеу үшін аумақ резервке қойылады.
Қала аумағы шартты түрде 7 жоспарлау аймағына бөлінген: орталық, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, батыс.
Жоспарлау тұрғысынан қала аумағын ұйымдастырудың радиусты-айналма құрылымы қабылданған.
Өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық-қоймалық кәсіпорындарды қаланың шығыс және батыс бөлігінде орналасқан жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік аудандардың аумақтарында дамыту көзделіп отыр, сондай-ақ қаланың солтүстік бөлігінде жаңа өнеркәсіптік-инвестициялық аймақтар ұйымдастыру ұйғарылып отыр.
Қолданыстағы жалпы қала орталығы одан әрі дамытылады.
Батыс бағыттағы Темірлан тас жолы, солтүстік бағытта – Бәйдібек би даңғылы, солтүстік-шығыс бағытта – Жібек жолы даңғылы, шығыс бағытта Тәуке хан даңғылы мен оның перспективада ұзартылуы, оңтүстік бағытта – Республика даңғылы мен оның Ташкент трассасына шығуы негізгі жоспарлау өзектері болып табылады. Бадам өзені құрылым түзуші табиғи өзек болып табылады.
Бас жоспарда "Ескі қала" ауданының шегінде қалыптасқан тарихи жоспарлау құрылымын сақтау және қамалды (цитадельді) қалпына келтіріп, тарихи-саяжай аймақ құру ұсынылады.
2. Функционалды аймақтарға бөлу
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Бас жоспарда қаланың бүкіл аумағы мынадай функционалдық аймақтарға бөлінеді:
1) тұрғын үй аймағы (Т) негізінен тұрғын үй құрылыстары, мұнда орналастырылуы мен қызметі қоршаған ортаға әсер етпейтiн және санитариялық қорғау аймақтарын орнатуды талап етпейтін қонақ үйлердi, жер бетiндегi және жер астындағы көлікжайларды, шағын сауда кәсіпорындарын, сондай-ақ өндірістік цехтарды орналастыруға рұқсат етiледi;
2) қоғамдық-іскерлік аймақ (Қ) әкiмшiлiк, қоғамдық мекемелердi, қонақ үй кешендерiн, iскерлiк және қаржылық белсенділiк, тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарын орналастыруға арналады; учаскелерінің ауданы аймақ ауданының 25 %-ынан аспайтын тұрғын үй ғимараттарын да осы аймаққа қосуға болады;
3) рекреациялық аймақ (Р) тұрғындар демалатын орындарды ұйымдастыруға арналған және бақтарды, орманды саябақтарды, саябақтар мен гүлзарларды, хайуанаттар бақтарын, дендробақтарды, су тоғандарын, жағажайларды, аквапарктердi, ландшафтық сәулет объектiлерiн, бос уақытты өткізу және сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстарды қамтиды;
4) инженерлік және көліктік инфрақұрылым аймағы (И) коммуникацияларды және көлік пен байланыс құрылыстарын, магистральдық құбыржолдарды, инженерлiк қамтамасыз ету желiлерiн, инженерлiк жабдықтарды орналастыруға және олардың жұмыс iстеуiне арналады;
5) өнеркәсіптік-өндірістік аймақ (Ө) өнеркәсіп кәсіпорындары мен олардың кешендерін, басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін орналастыруға арналады;
6) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақ (АШ) қала шекарасының шегінде ауыл шаруашылығын жүргiзуге арналады және қаланың бекiтiлген Бас жоспары мен құрылыс салу қағидаларына сәйкес оларды пайдалану түрі өзгерген кезге дейiн пайдаланылуы мүмкiн;
7) арнаулы мақсаттағы аймақ (А) зираттарды, крематорийлерді, өлген малды көметін ұраларды, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын, қоқысты бастапқы өңдеу жөніндегі кәсiпорындарды, тазарту құрылыстарын және жұмыс істеуі қаланың басқа аймақтарының жұмыс iстеуiмен үйлеспейтін басқа объектілерді орналастыруға арналған;
8) режимдік аумақтар аймағы (РА) әскери және оларға қатысты ерекше режим белгiленетiн басқа объектiлердi орналастыру үшiн көзделеді;
9) санитарлық-қорғау аймағы (СҚ) мұнда тұрғын ғимараттарды, білім беру, денсаулық сақтау және демалу мекемелерін, спорттық-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға жол берілмейді;
10) резервтегі аймақ (РА) қаланы дамытуға арналған қала құрылысының ресурсы болып табылады және резервке қойылуға тиіс және қаланың дамуына қарай тек өзінің мақсатына сәйкес пайдаланылады.
3. Аумақтарды пайдалану
Бастапқы жылы қала аумағы 39797 га құрады, оның ішінде, 11251 га тұрғын үй құрылысын, 1696,7 га өнеркәсіптік-өндірістік құрылысты, 83,4 га басқа аумақтарды қоса алғанда құрылыс салынған аумақ – 14127,7 га.
Есепті мерзімге жобалау шекарасындағы аумақтың ауданы 117000 га құрайды, оның ішінде, 31236 га тұрғын үй салынған, 38706,9 га өнеркәсіптік-өндірістік, 90,0 га басқа да аумақтарды қоса алғанда, құрылыс салынған аумақ - 38706,9 га құрайды.
Бас жоспарда Ордабасы, Сайрам және Төле би аудандарының қалаға іргелес жатқан жерлерін иеліктен шығарып, 36 елді мекенді қала шекарасына қосу есебінен қала аумағын 77203 гектарға кеңейту көзделіп отыр.
5. Тарихи-мәдени мұраға жататын ескерткіштердің қорғауын ұйымдастыру
Ұлы Жібек жолы бойында пайда болған қала ретінде Шымкент қаласының тарихи құндылығы өте жоғары әрі ол Қазақстан Республикасының тарихи қалаларының қатарына жатады. Жібек жолының түркілік бөлігінің магистралдық маңызы болған, бұл Шымкент қаласының және Жібек жолының қамымен тіршілік еткен басқа қалалардың, сауда-кәсіпшілік мекендерінің, керуен-сарайлардың пайда болуы мен кейіннен экономикалық өркендеуіне ықпал етті.
Қазіргі уақытта қаланың аумағында 4 археология ескерткiшi бар: біздің дәуірімізге дейінгі II ғ. – XIX ғ. Шымкент қалашығы (қаланың оңтүстiк бөлігінде), біздің дәуірімізге дейінгі Y – IY ғғ. патшалық үлгісіндегі қорған (қаланың солтүстік бөлігінде), бұл X – XII ғғ. күзет қызметін атқару үшiн ғимарат құрылысының іргетасы ретiнде қолданылған, "Қайтпас 1" шағын ауданындағы I – IY ғ. мекен, қаланың солтүстік шетiндегі жоталарда салынған біздің дәуірімізге дейінгі III ғ. – біздің дәуіріміздің I ғ. топты қорғандар, IX – XIX ғғ. ежелгi жоспарлау мен құрылыс қалдықтары, мұнда "Ескi қала" ауданының қазiргi құрылысы жүргізіліп жатыр.
Шымкент қаласының бас жоспары бойынша Сайрам ауылы мен оған іргелес жатқан жерлер Шымкент қаласының шекарасына кіретін болады.
Сайрам ауылы Қазақстандағы тарихтың, мәдениеттің материалдық ескерткіштері сақталып қалған және қала салудың баға жетпес мұрасы бар санаулы қалалардың, яғни дамудың, қаланы жоспарлау құрылымының тарихи кезеңдері, оларды ежелгі жоспарлау негіздері, тірек ансамбльдер мен кешендер, өзіне тән сипаты бар қатардағы фондық құрылыс салу, олардың негізгі ескерткіштермен ауқымды сабақтастығы сақталып қалған қалалардың қатарына жатады.
Сайрам ауылында Сайрам (VI – VIII ғ.ғ. Испиджаб, Исфиджаб) ежелгі қалашығы, Абдул-Әзиз баб кесенесі (ІХ ғ.), Ибраһим ата кесенесі (Х – ХІ ғ.ғ.), Кози Байзовий кесенесі (ІХ – ХVІІІ ғ.ғ.), Қарашаш-ана кесенесі (ХVІІ ғ.), Мірәлі баба кесенесі (Х ғ.), Қожа Талығ кесенесі (ХІХ ғ.), Қызыр Пайғамбар мұнарасы (ІХ – ХVІІІ ғ.ғ.), қорым (Х – ХVІІ ғ.ғ.), Ұлықтөбе қонысы (VІ – ХІІ ғ.ғ.) орналасқан.
6. Рекреациялық қызметті ұйымдастыру
Рекреациялық қызмет жүйесін ұйымдастыру қала үшін өзекті мәселе болып табылады және қолданыстағы саябақтарды, гүлзарларды, дендробақты, хайуанаттар бағы мен қаланы перспективалы дамыту аумақтарында жаңа саябақ аумақтары мен гүлбақтарды ұйымдастыруды қамтиды.
Бадам өзенінің жағалау аймағын демалысты ұйымдастыру үшін пайдалану көзделіп отыр, онда жабық спорт кешендері және ашық спорт алаңдары, балалар демалатын объектілер, жағажайлар, тынығып демалу аймақтары, мәдени-ойын-сауық объектілері орналастырылады.
Қысқа мерзімді демалысты жоспарланып отырған демалыс саябақтарының, гүлзарлардың, гүлбақтардың, Бадам өзенінің жағалауы бойындағы серуендеу аллеяларының базасында ұйымдастыру ұсынылып отыр.
7. Көгалдандыру
Бас жоспарда қазіргі табиғи ландшафтардың барлығын, қолданыстағы саябақтарды, гүлзарларды перспективада барынша сақтап қалу және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыратын жалпы пайдаланымдағы жасыл екпелердің жаңа алқаптарын, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған орман-саябақтар, жасыл санитариялық-қорғау аймақтарын құру көзделіп отыр. Нормативтік ұсынымдарға сәйкес жасыл желек отырғызылатын аумақтарды ұлғайту және көшет түрлерінің құрамын кеңейту межеленіп отыр. Жалпы пайдаланымдағы жасыл желектердің ауданы бір адамға 10 шаршы м. есебінен 1200 га дейін ұлғайтылады.
Шымкент қаласының перспективалық шекарасына кіретін шет аумақтар қаланың жасыл аймағын қалыптастырады.
Жасыл аймақта ауыл шаруашылығы мақсатындағы аймақтарды, қаланы дамытуға, қалалық кешеннің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті инженерлік-техникалық құрылыстарды орналастыру мен салуға арналған резервтік жерлерді (аумақтарды), рекреациялық аймақтарды, ұжымдық бау-бақша қоғамдарын ұйымдастыруға, орман-саябақтарды қалыптастыруға арналған аумақтарды бөле отырып, аумақтарды аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.
Есептегі мерзімнің соңына қарай орманды-саябақты жасыл аймақтың жалпы алаңы 40,0 мың гектарды құрайды.
8. Көше-жол желісі және көлікті ұйымдастыру
Өткізу қабілеті бөлігінде қаланың қазіргі көше-жол желісі көлік құралдары паркінің өсуінен және тиісінше магистральдық көшелердің көліктік жүктелуінен артта қалып отыр.
Магистральдық көшелер мен қала жолдарының перспективадағы жүйесі мынаны көздейді:
1) "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" транзиттік трансқұрлықтық көлік дәлізінің өтуі; бұл трасса қаланың солтүстік жағынан өтеді;
2) "Батыс Еуропа – Таяу Шығыс" транзиттік трансқұрлықтық көлік дәлізінің өтуі; бұл трасса оңтүстік бағытта өтеді және қаланы батыс жағынан айналып өтеді;
3) автокөліктің селитебті құрылысты айналып өтіп қозғалуына арналған қала шығысындағы автомобильдік сыртқы жартылай айналма жолын ұйымдастыру;
4) қаланың құрылыс салынған бөлігінен өтетін және қаланың солтүстік және оңтүстік бөліктерінің шет аудандарының барлығын дерлік бір-бірімен байланыстыратын қалалық үлкен айналма жол салу (Алматы трассасы, оны әуежайдың шығысына қарай, оңтүстік бағытта төсеу, оңтүстік-батыс бөлікте Шымкент – Ташкент автожолына дейін, одан әрі оңтүстік-шығыс бағытта шина зауытының ауданындағы өнеркәсіптік аймаққа дейін жаңа трасса салу);
5) көлік қозғалысының жүктемесін азайту үшін қаланың орталық өзегінің айналасынан қалыптастырылатын ішкі шағын айналма жол салу (Темірлан трактіне дейін Ақназар хан, Сайрам, Рысқұлов көшелері, одан әрі Аяз би және Гагарин көшелері).
Қаланың көше-жол желісін дамыту және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар перспективалы құрылыс салу аудандарында жалпықалалық және аудандық маңызы бар жаңа магистральдық көшелер салуды және қолданыстағы көшелерді қайта жаңартып, Бадам өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірлерін салуды болжайды. Магистральдық көшелердің жалпы ұзындығы 793 км құрайды, оның ішінде жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелердің ұзындығы – 150 км.
Жалпы Шымкент қаласының перспективалы көше-жол желісінің геометриялық сызбасы магистральдық көшелердің орташа тығыздығы 1 шаршы км аумаққа 2,1 – 2,4 км шегінде болатын радиусты-айналма схема болып табылады.
9. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту
Сумен жабдықтау
Бас жоспарда қала тұрғындары мен кәсіпорындарына қызмет көрсететін орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су және өндірістік-өртке қарсы су құбырының қағидаттық жүйесі сақталады.
Бастапқы жылға су тұтыну 118 мың текше м/тәул. құрайды, есептегі мерзімге 453,8 мың текше м/тәул. құрайды. Жерасты суларының бекітілген қоры 522,4 мың текше м/тәул. құрайды.
Су бұру
Перспективада кәріздендірудің қолданыстағы толық емес бөлшектелген схемасы сақталады, ол бойынша тұрғындар мен өнеркәсіп кәсіпорындарынан шығарылатын ағынды суды бірыңғай жүйе тазарту құрылыстарына жібереді. Бұл ретте тұрмыстық ағынды сумен бірге шығарылуға және тазартылуға жататын өндірістік ағынды су оларды шаруашылық-тұрмыстық кәрізге қабылдау талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту құрылыстарының (КТҚ) батысына қарай 8 км қашықтықта, сондай-ақ қаланың оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батыс бөліктерінде ағынды суды толық биологиялық тазартатын жаңа кәріз құрылыстарын салып, кейіннен тазартылған суды қала айналасындағы жасыл аймақтағы жасыл желектерді суаруға ағызу көзделеді.
Жылумен жабдықтау
Қаланың жылу жүктемелерн қамтамасыз ету үшін есептегі мерзімде Бас жоспарда:
1) ірі қазандықтарды, жылу-энергетикалық орталықты (ЖЭО) қайта жабдықтау;
2) қаланың батыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жоспарлау аймақтарында табиғи газбен жұміс істейтін аудандық жаңа қазандықтар салу көзделіп отыр. Магистральды жылу желілерінен қашықта орналасқан кейбір ірі объектілер жылумен дербес қазандықтардан қамтамасыз етілетін болады. Орталықтандырылған көздердің жиынтық қуаты 5751,4 МВт құрайды.
Электрмен жабдықтау
Бастапқы жылға электр қуатын жиынтық тұтыну 706 млн. кВт сағ/жыл құрайды. Есептегі мерзімге – 3348 млн. кВт сағ/жыл. құрайды. ЖЭО пен қуаты 0,41 млн. кВт біріктірілген энергожелі жүктемелерді жабу көздері болып айқындалған. Қосымша ұзындығы 26 км болатын электр беру желілері мен төмендеткіш қосалқы электр станциялары салынады.
10. Шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Межеленіп отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыс істеп тұрған және ұсынылған өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамыту мен қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды ескере отырып, бастапқы жылдың басына қолда бар мониторингтік материалдар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, шекті жол берілген шығарындылар (ШЖШ) нормативтерінің жобалары бойынша жүргізілді.
Шымкент қаласында шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау нәтижелері 1-3-кестелерде келтірілген.
1-кесте
Қалалық ортаның селитебті бөлігіне әсері
Қызмет түрі | Әсері | Бағалау | Түсініктеме |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Тұрғын үй қорын салу | Бос аумақтарды игеру | Оң | Жаңа жерлер игеріліп, құрылыс салынған аумақтар неғұрлым оңтайлы пайдаланылады |
2. Кәсіпорындардағы экономикалық қызмет | Қаланы тұрақты дамыту, антропогенді әсердің өсуі | М | Халықтың әл-ауқаты жақсарады Селитебті аумақтардан қажетті санитарлық арақашықтық сақтала отырып, өнеркәсіптік аймақтардың аумақтары тығыздалады |
3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және қызмет көрсету кәсіпорындарын салу, рекреациялық аймақтарды ұйымдастыру | Тұрғын ортаға әсері | Оң | Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту, ауруды емдеу және алдын алу |
4. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру | Тұрғын ортаға әсері | Оң | Қолайсыз сыртқы ортадан қорғау, тұрғын құрылыс аумағының микроклиматын жақсарту |
5. Көлік жүйесін дамыту | а. Шу, атмосфераның, топырақтың ластануы | а. О және одан жоғары | Аумақтардың шектеулі учаскелерінде тұрғын орта сапасының төмендеуі (ірі автомагистральдар, т/ж магистральдарына жақын аудандарды, әуежай ауданында) |
б. Қол жетерлік радиусты ұлғайту | б. Оң | Тұрмыстық жағдайлар мен психологиялық климаттың жақсаруы | |
6. Өндірістік қалдықтар көмінділерін (ӨҚК) кеңейту | Тұрғын ортаға әсері | Оң | Аумақтың санитарлық жағдайының жақсаруы, өзендерді ағынды сулармен ластанудан қорғау |
7. Жылумен-энергиямен жабдықтау объектілерін дамыту (ЖЭО-3 жылу-энергия орталығының қуатын ұлғайту) | а. Атмосфераның, топырақтың ластануы | а. Н | Газ түріндегі отынды пайдаланып жұмыс істегенде тұрғын ортаға әсері мардымсыз |
б. Қала аумағын абаттандыру | б. Оң | Жайлы тұрғын ортаның қалыптасуына, кәсіпорындар мен тұрғын үй қорының энергия ресурстарыпмен қамтамасыз етілуіне әсері | |
8. Тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) мен өнеркәсіптік-техникалық қалдықтарды (ӨТҚ) жинау және кәдеге жарату үшін объектілер салу | Қала аумағының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына тігізетін әсері | Оң | Өнеркәсіптік және селитебті аумақтардың санитарлық жағдайының жақсаруы ТҚҚ полигонын жетілдіру, қоқыстарды іріктеу зауытын салу, қалдықтарды қайта өндеп, қайта өңделген ресурстарды өндірісте пайдаға асыру, шлам жинақтағыштарды қопсыту |
9. Экологиялық мониторинг, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу | Экологиялық тепе-теңдікті сақтау | Оң | Төтенше экологиялық жағдайларды болдырмау, табиғи ортаны жақсарту |
2-кесте
Табиғи ортаға әсер етуі
Құрауыштары | Әсері | Бағалау | Түсініктеме |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Атмосфера | Атмосфералық ауаның ластануы | М | Атмосфераға ластаушы заттарды тастауды қысқарту бойынша шаралар көзделеді (кәсіпорындарды жаңғырту, тазарту құрылыстарын орнату, қазіргі заманғы технологияларды ендіру) |
2. Жер үсті сулары (Бадам, Сайрамсу, Қошқар ата өзендері) | Жер үсті суларының ластануы | М | Кәріздік тазарту құрылыстарына (КТҚ) ағатын ағындарды тазарту, өнеркәсіптік ағындарды тазарту бойынша, өзендерден суды қорғау аймақтары мен алаптарын, су қабылдағыштарды ұйымдастыру және басқа шаралар көзделеді |
3. Жер асты сулары | Судың ластануы | О | Кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) және жер асты суларын әлеуетті ластандыру көздерін қайта жаңарту бойынша шаралар көзделеді |
4. Топырақ | Топырақтың ластануы | М | Жаңа технологияларды қолдану атмосфераның, сондай-ақ топырақтың ластану деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Қоқыстарды іріктеу зауытын салу және қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонын жетілдіру, сондай-ақ шлам жинақтағыштар мен күл-қож үйінділерін қопсыту қала аумағының санитарлық жағдайын жақсартады. |
5. Бұзылған аумақтар | Стихиялық қоқыс тастайтын жерлер, күл-қож үйінділері, шлам жинақтағыштар, кеніштер, сайлар | Оң | Бұзылған аумақтарды қопсыту қалпына келтірілген жерлерді шаруашылық қызметінде пайдалануға мүмкіндік береді |
6. Флора және фауна | Мекендеу жағдайларын өзгерту | Оң | Аумақты көгалдандыру (ағаш отырғызу), табиғи кешендері қорғау флора және фаунаның тіршілік жағдайларын жақсартады |
7. Қорғалатын табиғи аумақтар | Антропогендік жүктеменің ұлғаюы | М | Жер үсті суларын (Бадам, Сайрамсу, Қошқар ата өзендері), қорғалатын аумақтарды қорғау бойынша бағдарлама әзірлеу және рекреациялық-туристік демалыс бағдарларын әзірлеу осы аумақтарға түсетін антропогендік жүктемелерді төмендетеді. |
Ескертпе: О – мағынасы бойынша жағымсыз әсер етуі орташа
М – мардымсыз әсер етуі
Оң – оң әсер етуі
3-кесте
Қоршаған орта жағдайының ықтимал қалдық бұзылуы
Қоршаған ортаның құрауыштары | Қалдық бұзылу | Оларды жою бойынша қосымша шаралар |
1 | 2 | 3 |
1. Жер үсті сулары | Бадам, Сайрамсу, Қошқар ата өзендері суларының ластануы | Кеңейтілген құрауыштар тізімі бойынша өзен суының сапасын тұрақты мониторингтеу; ластау көздерін уақытылы әшкерелеу; өнеркәсіптік және тұрмыстық-шаруашылық ағынды суларды тазарту бойынша қазіргі заманғы әдістерді пайдалану |
2. Атмосфера | Өнеркәсіптік алаңдарға іргелес қаланың бөлек аумақтарында атмосфералық ауаның жоғары ластануы орын алатын болады | Кеңейтілген құрауыштар тізімі бойынша атмосфералық ауаның сапасын тұрақты мониторингтеу. Қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту және ең жаңа технологияларды қолданып және қазіргі заманғы аса тиімді тазарту қондырғылары бар жаңаларын салу |
3. Табиғи кешен | Антропогенді жүктеменің өсуіне байланысты бөлек табиғи құрауыштардың өзгеруі ықтимал | Табиғи ортаға техногенді қысымның шектелуі, табиғи ресурстардың қайта өндірісін орнын толтыруға қабілетті қорық аймақтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бөлу. |
4. Топырақ: қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ), өндірістік-техникалық қатты қалдықтарды (ӨТҚҚ) тастайтын жерлер | Санитарлық нормаларды бұзумен көмілген зиянды заттардың жергілікті жиналуы | Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) және өндірістік-техникалық қатты қалдықтар (ӨТҚҚ), стихиялық қоқыс тастайтын жерлер полигондарының қоршаған орта жағдайына әсерін мониторингтеу |
5. Тұрғындар | Жұқпалы, созылмалы, тұқымқуалаушы ауру түрлері, аса қауіпті инфекциялар | Денсаулық сақтау ұйымдарын салу, тұрғындарды емдеу үшін жаңа дәрілік заттарды және қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтарды қолдану, аса қауіпті инфекциялар ошақтарының пайда болуын болдырмау бойынша профилактикалық шараларды жүргізу |
4-кесте
11. Шымкент қаласының бас жоспары жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Бастапқы жыл | Бірінші кезек | Есептік мерзім |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Аумақ | ||||
1.1 | Қала шекарасының шегіндегі жерлердің ауданы, барлығы | га | 39797 | 117 000 | 117 000 |
оның ішінде: | |||||
А. Селитебті аумақтар | га | 16582,8 | 41373,1 | 51286 | |
1.1.1 | тұрғын және қоғамдық құрылыстар | га | 11 251 | 24 891,1 | 31 236 |
оның ішінде: | |||||
1.1.1.1 | үй жанында жер учаскесі бар үй-жай құрылысы | га | 9 930 | 19 922,5 | 23 091 |
1.1.1.2 | аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы | га | 76 | 671 | 1 696 |
1.1.1.3 | орта қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы | га | 570 | 2 586,6 | 4 163,1 |
1.1.1.4 | көп қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы | га | 4 | 20 | 255,9 |
1.1.1.5 | қоғамдық құрылыс | га | 671 | 1 691 | 2 030 |
1.1.2 | ортақ пайдаланылатын жас көшеттер | га | 228 | 1013 | 2800 |
1.1.3 | магистральдық көшелер, алаңдар, автокөлік тұрақтары | га | 2400 | 5300 | 8800 |
1.1.4 | басқа аумақтар | га | 259,2 | 169 | 50 |
1.1.5 | селитебті аумақтардың қоры | га | - | 8400 | 8400 |
1.1.6 | қазіргі шекарадағы бос аумақтар | га | 2444,6 | 1600 | - |
Б. Селитебтіден тыс аумақтар | га | 23214,2 | 75626,9 | 65714 | |
1.2 | өнеркәсіптік-өндірістік, коммуналдық-қоймалық аумақтар | га | 1699,6 | 3438,7 | 3797 |
1.3 | темір жолға бөлінген жерлерді қоса алғанда, санитарлық-қорғау аймақтары | га | 601 | 4617 | 5237 |
1.4 | зираттар | га | 151,3 | 201,3 | 288 |
1.5 | инженерлік-көліктік құрылыстар | га | 1096,7 | 1412,7 | 3493,9 |
1.6 | басқа аумақтар | га | 19665,6 | 65957,2 | 52898,1 |
оның ішінде | |||||
1.6.1 | орман қорының жерлері | га | 439 | 1439 | 1439 |
1.6.2 | су қорғау жолақтарын қоса алғанда, су қоймалары мен акваториялар, жайылма аумақтары | га | 621 | 1700 | 1700 |
1.6.3 | ауыл шаруашылығы пайдалануындағы | га | 14 650 | 24 850 | 15 700 |
1.6.4 | режимдік аумақтар | га | 83,4 | 93,4 | 90 |
1.6.5 | арнайы қор жерлері | га | 1245 | 1245 | 1245 |
1.6.6 | рекреациялық және басқа аймақтарды ұйымдастыруға арналған аумақтар | га | - | 32724,1 | 32724,1 |
1.6.7 | бос аумақтар | 2627,2 | 3905,7 | - | |
2 | Тұрғындар | ||||
2.1 | Қала халқының саны | мың адам | 628,0 | 1000,0 | 1200,0 |
2.2 | Халықтың тығыздығы | ||||
2.2.1 | селитебті аумақ шегінде | адам/га | 55,8 | 35,4 | 23,3 |
2.2.2 | қалалық құрылыс аумағының шегінде | адам/га | - | 8,5 | 10,3 |
2.3 | Халықтың жас құрылымы: | мың адам % | 628,0 100,0 | 1000,0 100,0 | 1200,0 100,0 |
2.3.1 | 15 жасқа дейінгі балалар | мың адам % | 185,9 29,6 | 300,0 30,0 | 372,0 31,0 |
2.3.2 | еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар (16-62 жастағы ер адамдар, 16-57 жастағы әйелдер) | мың адам % | 388,8 61,9 | 613,0 61,3 | 720,0 60,0 |
2.3.3 | еңбек ету жасынан асқан халық | мың адам % | 53,3 8,5 | 87,0 8,7 | 108,0 9,0 |
2.4 | Еңбек ресурстары | ||||
2.4.1 | экономикалық белсенді халық, барлығы | мың адам % | 263,9 42,1 | 427,0 42,7 | 522,0 43,5 |
оның ішінде: | |||||
2.4.1.1 | экономика саласында жұмыспен қамтылғандар | мың адам % | 239,6 38,2 | 392,0 39,2 | 486,0 40,5 |
олардан: | |||||
- экономикалық қызметпен қамтылғандар | мың адам % | 172,7 27,5 | 294,0 29,4 | 374,4 31,2 | |
- өздігінен еңбекпен қамтылған халық | мың адам % | 66,9 10,7 | 98,0 9,8 | 111,6 9,3 | |
2.4.1.2 | жұмыссыздар | мың адам % | 24,3 3,9 | 35,0 3,5 | 36,0 3,0 |
2.4.2 | экономикалық белсенді емес халық | мың адам % | 188,9 30,0 | 291,0 29,1 | 328,8 27,4 |
оның ішінде: | |||||
2.4.2.1 | өндірістен қол үзе отырып оқытылатын 15 жастағы және одан жоғары оқушылар | мың адам % | 89,7 14,3 | 155,0 15,5 | 204,0 17,0 |
2.4.2.2 | экономикалық қызметтен және оқудан бос халық | мың адам % | 99,2 15,7 | 136,0 13,6 | 124,8 10,4 |
3 | Тұрғын үй құрылысы | ||||
3.1 | Тұрғын үй қоры, барлығы | жалпы алаңның мың ш.м. | 12735,0 | 22000,0 | 30000,0 |
3.2 | Жалпы қордан: | жалпы алаңның мың ш.м. | 12735,0 | 22000,0 | 30000,0 |
3.2.1 | көппәтерлі үйлерде | жалпы алаңның мың ш.м. | 3559,0 | 9532,1 | 16684,3 |
3.2.2 | үй-жай түріндегі үйлерде | жалпы алаңның мың ш.м. | 9176,0 | 12467,9 | 13315,7 |
3.3 | Тозуы 60%-дан астам тұрғын үй қоры, барлығы | жалпы алаңның мың ш.м. | 838,8 | ||
3.4 | Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы | жалпы алаңның мың ш.м. | 12735,0 | 14874,6 | 13742,1 |
3.5 | Тұрғын үй қорының қабаттылығы бойынша бөлінуі: | жалпы алаңның мың ш.м. | 12735,0 | 22000,0 | 30000,0 |
оның ішінде: | |||||
3.5.1 | аз қабатты | жалпы алаңның мың ш.м. | 9475,8 | 13814,9 | 16712,7 |
олардан құрылыста: | |||||
3.5.1.1 | үй жанында жер учаскесі бар үй-жайлық (коттедж түріндегі) | жалпы алаңның мың ш.м. | 9176,0 | 12467,9 | 13315,7 |
3.5.1.2 | жері учаскесі жоқ 2-3 қабатты | жалпы алаңның мың ш.м. | 299,8 | 1347,0 | 3397,0 |
3.5.2 | орта қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі | жалпы алаңның мың ш.м. | 3172,6 | 8052,7 | 12388,2 |
3.5.3 | көпқабатты көппәтерлі | жалпы алаңның мың ш.м. | 86,6 | 132,4 | 899,1 |
3.6 | Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы | жалпы алаңның мың ш.м. | - | - | 1132,5 |
оның ішінде: | |||||
3.6.1 | қайта жаңарту бойынша | жалпы алаңның мың ш.м. | - | - | 1132,5 |
3.6.2 | мыналарға қатысты тұрғын үй қорының кемуі: | ||||
3.6.2.1 | қазіргі тұрғын үй қорына | % | - | - | 8,9 |
3.6.2.2 | жаңа құрылысқа | % | - | - | 7,0 |
3.7 | Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы | жалпы алаңның мың ш.м. | - | 7125,4 | 16257,9 |
3.8 | Жаңа тұрғын үй құрылысының қабаттылығы бойынша құрылымы: | жалпы алаңның мың ш.м. | - | 7125,4 | 16257,9 |
оның ішінде: | |||||
3.8.1 | үй жанында жер учаскесі бар үй-жайлық (коттедж түріндегі) | жалпы алаңның мың ш.м. | - | 1152,3 | 3132,6 |
3.8.2 | жері учаскесі жоқ 2-3 қабатты | жалпы алаңның мың ш.м. | - | 1047,2 | 3097,2 |
3.8.3 | орта қабатты (4-5 қабатты) көппәтерлі | жалпы алаңның мың ш.м. | - | 4880,1 | 9215,6 |
3.8.4 | көпқабатты көппәтерлі | жалпы алаңның мың ш.м. | - | 45,8 | 812,5 |
3.9 | Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен: | жалпы алаңның мың ш.м. | - | 7125,4 | 16257,9 |
3.9.1 | бос аумақтарда орналасатыны | жалпы алаңның мың ш.м. | - | 7125,4 | 13859,2 |
3.9.2 | қолданыстағы құрылысты қайта жаңарту есебінен орналасатыны | жалпы алаңның мың ш.м. | - | - | 2398,7 |
3.10 | Бір жылда орташа алғанда жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданын енгізу | мың ш.м. | - | 1425,1 | 1083,9 |
3.11 | Халықтың жалпы алаңмен орташа қамтамасыз етілуі | адам ш.м. | 20,3 | 22,0 | 25,0 |
4 | Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері | ||||
4.1 | Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы/1000 адамға | орын | 7940 12,6 | 40760 40,8 | 111000 92,5 |
4.1.1 | жаңа құрылыс | орын | - | 31920 | 70240 |
4.2 | Жалпы білім беру мекемелері, барлығы/1000 адамға | орын | 68755 109,5 | 144911 144,9 | 218400 182,0 |
4.2.1 | жаңа құрылыс | орын | - | 64343 | 73489 |
4.3 | Ауруханалар, барлығы/1000 адамға | төсек | 6176 9,8 | Қуаттылығын денсаулық сақтау органдары белгілейді | |
4.4 | Емханалар, барлығы/1000 адамға | ауысым ішінде келу | 5805 9,2 | ||
4.5 | Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері | ||||
4.5.1 | қарттарға арналған интернат-үйлері, барлығы/1000 адамға | орын | 280 0,45 | 780 0,8 | 3025 2,5 |
4.5.2 | физикалық бұзылулары бар ересек мүгедектерге арналған интернат–үйлер, барлығы/1000 адамға | орын | - | 1000 1,0 | 21900 18,2 |
4.5.3 | балалар интернат-үйлері, барлығы/1000 адамға | орын | 690 1,1 | 690 0,7 | 948 0,8 |
4.6 | Дене шынықтыру-спорттық-құрылыстар, барлығы/1000 адамға | га | 43,2 0,07 | 99,3 0,1 | 960,0 0,8 |
4.7 | Ойын-сауық-мәдени мекемелер: | ||||
4.7.1 | театрлар | орын | 2050 3,3 | 3000 3,0 | 7200 6,0 |
4.7.2 | мәдениет үйлері, клубтар | орын | 3475 5,5 | 14805 14,8 | 72000 60,0 |
4.7.3 | киноқондырғылары бар әмбебап залдар | орын | 1650 2,6 | 4500 4,5 | 30000 25,0 |
4.7.4 | мұражайлар | объект | 3 | 4 | 4 |
4.8 | Сауда кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | сауда алаңының ш.м. | 183935 292,9 | 267985 268,0 | 336000 280,0 |
4.9 | Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | отырғызу орны | 95320 151,8 | 97120 97,1 | 98289 81,9 |
4.10 | Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы /1000 адамға | жұмыс орындары | 3897 6,2 | 6098 6,1 | 10800 9,0 |
4.11 | Өрт сөндіру депосы, барлығы | Өрт сөндіру депосы автокөлік саны | 6 28 | 10+7 10х8+30 | 38 4х2+22х6+10х8+2х4 |
4.12 | Қонақ үйлер, барлығы 1000 адамға | орын | 1400 2,2 | 3100 3,1 | 7200 6,0 |
5 | Көлікпен қамтамасыз ету | ||||
5.1 | Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзынды, барлығы | км | - | 250 | 793 |
Оның ішінде: | |||||
5.1.2 | Жалпықалалық маңызы бар үздіксіз қозғалыстағы магистарльдар | км | - | 25 | 75 |
5.1.3 | Жалпықалалық маңызы бар магистральдар | км | - | 35 | 150 |
5.1.4 | Аудандық маңызы бар магистральдар | км | - | 190 | 568 |
5.2 | Сыртқы көлік | ||||
5.2.1 | темір жол, оның ішінде: | ||||
жолаушылар | жылына мың жолаушы | 442,02 | 550,00 | 800,00 | |
жүктер | жылына мың тонна | 94463,4 | 65385,3 | 69267,1 | |
5.2.2 | әуе, оның ішінде: | ||||
жолаушылар | жылына мың жолаушы | 160,04 | 192,08 | 857,50 | |
жүктер | жылына мың тонна | 3,88 | 4,66 | 5,59 | |
5.2.3 | автокөлік, оның ішінде: | ||||
жолаушылар | жылына мың жолаушы | 3550,47 | 7536,10 | 14448,00 | |
5.2.4 | құбыржол, оның ішінде: | ||||
жүктер | жылына мың тонна | 8,50 | 12,00 | 19,57 | |
5.3 | Көше-жол желісінің тығыздығы | ||||
5.3.1 | қала құрылысы шегінде | км/ш. км | - | 2.2 | 2.4 |
оның ішінде: шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына | мың м3/тәул | 69,1 | 276,3 | ||
өндірістік мұқтаждарға | мың м3/тәул | 48,8 | 82 | ||
су құбырының бас құрылыстарының қуаты | мың м3/тәул | 117 | 480 | ||
қолданылатын сумен қамтамасыз ету көздері | |||||
жер асты су қабылдағыштары | мың м3/тәул | 378,6 | 443,6 | ||
бекітілген жерасты суларының қоры (бекітілген күні, есептеу мерзімі) | мың м3/тәул | 522,4 2006-2031жж. | 522,4 2006-2031жж. | ||
6. | Инженерлік жабдықтар | ||||
6.1.1 | Су тұтыну, жиынтық тұтыну, барлығы | мың м3/тәул | 115,6 | 358,3 | 453,5 |
6.1.2 | оның ішінде: шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына | мың м3/тәул | 66,8 | 276,3 | 350,8 |
6.1.3 | өндірістік мұқтаждарына | мың м3/тәул | 48,8 | 82 | 103 |
6.1.4 | орташа алғанда тәулігіне 1 адамға үлесті суды тұтыну | л/тәул. | 171 | 358,3 | 377,9 |
6.1.5 | Жер асты су қабылдағыштары | мың м3/тәул | 378,6 | 443,6 | 522,4 |
6.1.6 | бекітілген жерасты суларының қоры (бекітілген күні, есептеу мерзімі) | мың м3/тәул | 522,4 2006-2031 жж. | 522,4 2006-2031жж. | 522,4 2006-2031жж. |
Желілердің ұзындығы | км | 1811 | 3000 | 5200 | |
6.2 | Кәріз | ||||
6.2.1 | ағынды сулардың жалпы түсуі | мың м3/тәул | 68,4 | 231,1 | 296,1 |
6.2.2 | оның ішінде: тұрмыстық кәріз | мың м3/тәул | 52,5 | 206,3 | 266,8 |
6.2.3 | өндірістік кәріз | мың м3/тәул | 15,9 | 24,8 | 29,3 |
6.2.4 | кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі | мың м3/тәул | 90 | 250 | 320 |
6.2.5 | желілердің ұзындығы | км | 427,4 | 979,3 | 2386 |
6.3 | Электрмен қамтамасыз ету | ||||
6 3.1 | Электр энергиясын жиынтықты тұтыну оның ішінде: | млн. кВт сағ/жыл | 706 | 1587 | 3348 |
6.3.2 | коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарына | млн. кВт сағ/жыл | 272 | 1067 | 2532 |
6.3.3 | өндірістік мұқтаждарына | млн. кВт сағ/жыл | 434 | 520 | 816 |
6.3.4 | орташа алғанда жылына 1 адамға элекетр энергиясын тұтыну | млн. кВт сағ | 1124 | 1587 | 2790 |
6.3.5 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарына | кВт. сағ | 433 | 1067 | 2110 |
6.3.6 | жүктемелерді жабу көздері | млн. кВт | 0,18 | 0,26 | 0,41 |
6.3.7 | оның ішінде: жылу энергия орталығы, мемлекеттік аудандық электр станциясы (ЖЭО, МАЭС) | млн. кВт | 0,13 | 0,13 | 0,23 |
6.3.8 | біріктірілген энергия желісі | млн. кВт | 0,05 | 0,13 | 0,18 |
6.3.9 | желілердің ұзындығы | км | 55 | 68 | 81 |
6.4 | Жылумен жабдықтау | ||||
6.4.1 | орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы | МВт | 2747,2 | 4322,8 | 5771,4 |
6.4.2 | оның ішінде: жылу энергия орталығы (ЖЭО) | МВт | 209,3 | 1302,1 | 1697,4 |
6.4.3 | аудандық қазандықтар | МВт | 79,1 | 580,8 | 941,7 |
6.4.4 | жергілікті көздердің жиынтық қуаты | МВт | 2458,9 | 2439,8 | 3132,3 |
6.4.5 | жылытуға тұтынулар, барлығы | МВт | 2748,4 | 3976,9 | 5286 |
6.4.6 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарға | МВт | 2218,2 | 3279,3 | 4472,2 |
6.4.7 | өндірістік мұқтаждарға | МВт | 530,1 | 697,6 | 813,8 |
6.4.8 | Ыстық сумен жабдықтауды тұтыну, барлығы | МВт | 1,2 | 345,9 | 485,4 |
6.4.9 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарына | МВт | 1,2 | 261 | 386,6 |
6.4.10 | өндірістік мұқтаждарға | МВт | - | 84,9 | 98,8 |
6.4.11 | жылумен қамтамасыз етудің жергілікті көздерінің өнімділігі | МВт | 2458,9 | 2439,8 | 3132,3 |
6.4.12 | желілердің ұзындығы | км | 266,0 | 310,0 | 340,5 |
6.5 | Газбен қамтамасыз ету | ||||
6.5.1 | Табиғи газды тұтыну, барлығы | млн. м3/жыл | 950,0 | 1070,7 | 1607,4 |
6.5.2 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарына | млн. м3/жыл | 350,0 | 427,5 | 457,0 |
6.5.3 | өндірістік мұқтаждарға | млн. м3/жыл | 600,0 | 643,2 | 1150,0 |
6.5.4 | өндірістік мұқтаждарға сұйытылған газды тұтыну | тонна/жыл | 130,0 | 250,0 | 500,0 |
6.5.5 | коммуналық-тұрмыстық мұқтаждарына | тонна/жыл | 30,0 | - | - |
6.5.6 | өндірістік мұқтаждарға | тонна/жыл | 100,0 | 250,0 | 500,0 |
6.5.7 | табиғи газды беру көздері | млн. м3/жыл | 1596,0 | 1605,0 | 1630,0 |
6.5.8 | қаланың, басқа елді мекеннің жанармайлық балансындағы газдың үлес салмағы | % | 80,0 | 90,0 | 100,0 |
6.5.9 | желілердің ұзындығы | км | 1596,0 | 1605,0 | 1630,0 |
6.6 | телефондандыру | ||||
6.6.1 | орнатылған телефон аппараттарының саны | мың дана | 78,1 | 118,7 | 190,2 |
7 | Аумақты инженерлік дайындау | ||||
7.1 | Нөсерлік кәріздің жалпы ұзындығы | км | - | - | 246,3 |
7.2 | Жағалаулардағы бекіністер | км | - | 110,3 | 131,2 |
8 | Халыққа жерлеу қызметтерін көрсету | ||||
8.1 | Зираттардың жалпы саны | га | 151,3 | 201,3 | 288 |
8.2 | Қаралы әдет-ғұрып үйлері | 0,5-1,0 млн.ад.қалаға объект | 1 | 2 | 2 |
9 | Аумақтарды санитарлық тазалау | ||||
9.1. | Тұрмыстық қалдықтар көлемі | мың тонна/жыл | 298,4 | 458,7 | 583,1 |
9.2 | Қоқыс өндеу зауыттары | Бірлік/мың тонна/жыл | 1/200 | 1/200 | 1/200 |
9.3 | Жетілдірілген қоқыс тастайтын жерлер (полигондар) | Бірлік/га | 1/45 | 1/34 | 1/34 |
9.4 | Қоқыс тастайтын жерлердің жалпы алаңы | га | 45 | 34 | 34 |
10. | Жобалық шешімдерді іске асыру бойынша бағдарланған инвестициялар көлемі | ||||
10.1 | I. Өндірістік құрылыс - барлығы, | млрд. теңге | - | 313,0 | 3141,8 |
оның ішінде: | - | ||||
10.1.1 | өнеркәсіп | млрд. теңге | - | 68,2 | 2400,0 |
10.1.2 | инженерлік жабдықтар мен аумақтың инженерлік дайындығы - барлығы, | млрд. теңге | - | 169,4 | 384,2 |
оның ішінде: | |||||
- сумен жабдықтау | млрд. теңге | - | 10,0 | 30,0 | |
- кәріз | млрд. теңге | - | 25,0 | 60,0 | |
- аумақты санитарлық тазалау | млрд. теңге | - | 0,8 | 1,0 | |
- электрмен жабдықтау | млрд. теңге | - | 7,6 | 38,7 | |
- жылумен жабдықтау | млрд. теңге | - | 100,0 | 200,0 | |
- газбен жабдықтау | млрд. теңге | - | 4,0 | 5,0 | |
- телефондандыру | млрд. теңге | - | 2,0 | 4,5 | |
- аумақтың инженерлік дайындығы және тігінен жоспарлануы | млрд. теңге | - | 20,0 | 45,0 | |
10.1.3 | көлік (жылжымалы құрамды сатып алмай) | млрд. теңге | - | 75,4 | 357,6 |
10.2 | II. Өндірістік емес құрылыс, барлығы | млрд. теңге | - | 1570,1 | 2052,9 |
оның ішінде: | - | ||||
10.2.1 | тұрғын үй құрылысы | млрд. теңге | - | 712,5 | 913,3 |
10.2.2 | тұрғын үй қоры бойынша жөндеу-қайта жаңарту іс-шаралары | млрд. теңге | - | 38,3 | 89,3 |
10.2.3 | мәдени-тұрмыстық және қоймалық құрылыс | млрд. теңге | - | 570,0 | 730,6 |
10.2.4 | көгалдандыру | млрд. теңге | - | 106,8 | 137,0 |
10.2.5 | демалыс және туризм | млрд. теңге | - | 142,5 | 182,7 |
Жиыны (I + II) | млрд. теңге | - | 1883,1 | 5194,7 | |
Есептеу мерзіміне 10% қор | млрд. теңге | - | - | 519,5 | |
Қала бойынша барлығы | млрд. теңге | - | 1883,1 | 5714,2 |
5-кесте
12. Құрылыстың бірінші кезегіне инвестициялар құрылымы
млрд. теңге
Инвестициялар құрылымы | Барлығы | оның ішінде: | ||||
2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | 2015 жыл* | ||
Республикалық бюджет | 99,12 | 19,27 | 13,66 | 3,088 | 4,65 | 58,46 |
Облыстық бюджет | 24,19 | 5,46 | 8,26 | 1,35 | 1,37 | 7,75 |
Қалалық бюджет | 18,6 | 1,71 | 0,81 | 6,62 | 9,1 | 0,36 |
Кәсіпорынның қаражаты | 87,03 | 21,45 | 7,43 | 6,71 | 7,92 | 43,52 |
Шетелдік инвестициялар | 200,85 | 7,35 | 13,50 | - | - | 180,00 |
Жеке меншік инвестициялар және басқа да көздер | 1 453,31 | 180,16 | 187,59 | 247,06 | 343,53 | 494,97 |
ЖИЫНЫ | 1883,1 | 235,4 | 231,25 | 264,82 | 366,57 | 785,06 |
Ескертпе:
* республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыратын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру (нақтылау) кезінде нақтыланатын болады.