Энергия тиімділігінің және газды үнемді тұтынудың 2023 – 2025 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 924 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Энергия тиімділігінің және газды үнемді тұтынудың 2023 – 2025 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Жоспардың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 19 қазандағы
№ 924 қаулысымен
бекітілген

Энергия тиімділігінің және газды үнемді тұтынудың 2023 – 2025 жылдарға арналған жоспары


Р/с

Іс-шара атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі


1

2

3

4

5

I кезең. Энергия тиімділігі

1

Газбен жабдықтаудың технологиялық объектілерінде, газ ысырабының (ауаға ұшып кетуі) сипаттамасын және мөлшерін анықтау бойынша ревизия жүргізу, оның ішінде:

тұтыну есептері

Қор (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша), КМГ (келісу бойынша)
ИОА (келісу бойынша),
БШГҚ (келісу бойынша),
АГҚ (келісу бойынша), ҚТГА (келісу бойынша), басқа ГТҰ

жыл сайын

1.1

магистральдық газ құбырларының объектілерінде

1.2

газ тарату жүйелерінде

2

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, газ тасымалдау және газ тарату жүйелерін цифрландыру, оның ішінде:

газ тасымалдау жүйесінің барлық тізбегінде газды бірыңғай есепке алу жүйесі

Қор (келісу бойынша)
QazaqGaz (келісу бойынша),
ИОА (келісу бойынша),
БШГҚ (келісу бойынша),
АГҚ (келісу бойынша), ҚТГА (келісу бойынша), басқа ГТҰ (келісу бойынша)

2024 жылғы
4-тоқсан

2.1

магистральдық және тарату газ құбырларының объектілерінде

2.2

өнеркәсіптік тұтынушыларды газды есепке алудың механикалық аспаптарының орнына телеметрия функциясы бар газды есепке алу аспаптарына ауыстыру

өнеркәсіптік тұтынушылардың телеметриялық функциясы бар газдың есепке алу аспаптарын кезең-кезеңімен орнату

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдіктері, ӨҚМ, ЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша),
ҚТГА (келісу бойынша)

2025 жылғы желтоқсанға дейін

2.3

талдамалық биллингтік жүйені әзірлеу

халықтың газды тұтынуын анықтау бойынша талдамалық жүйені енгізу

ҚТГА (келісу бойынша),
QazaqGaz (келісу бойынша)

1-кезең (биллингтік жүйе) – 2024 жылғы мамырға дейін

2-кезең (талдамалық жүйе) – 2025 жылғы қаңтарға дейін

3

Жылу және электр энергиясын өндіретін ірі объектілердің пайдалы әсер коэффициентін арттыру

реконструкциялау, жаңғырту, жаңаларын салу және тиімсіз объектілерді пайдаланудан шығару арқылы станциялардың ПӘК-ін көтеру жөніндегі жол карталарын бекіту

ЭМ, Қор (келісу бойынша), KEGOC (келісу бойынша),
Самұрық-Энерго (келісу бойынша)

2024 жылдың 1-жартыжылдығы

4

Тұрмыстық тұтыну (есепке алу аспаптары бар) үшін әр облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға климаттық жағдайлар мен жылыту кезеңінің ұзақтығын ескере отырып, тауарлық газды тұтынудың нормаларын белгілеу

НҚА-ларға өзгерістер енгізу

ЭМ, ҰЭМ, ОЭК АТО (келісу бойынша), QazaqGaz (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдіктері

2024 жылғы
1-жартыжылдық

5

Энергияның тиімді құрылыс материалдарын қолдану бойынша ынталандыру шараларын енгізу

НТҚ/НҚА-ларға өзгерістер енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

ӨҚМ

2023 жыл

6

Энергияны үнемдеу жобаларын қолдану бойынша қатысатын компаниялар үшін салық жеңілдіктері мен мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар бойынша "қарсы міндеттемелер" тетігін енгізу

Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларына/өзге де НҚА-ларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ӨҚМ, ҰЭМ, ҚМ, ҚДБ (келісу бойынша)

2024 жыл

II кезең. Баға саясаты

7

Өңірлер арасындағы баға сәйкессіздігін кезең-кезеңімен жою мақсатында және одан әрі баға белгілеуді жетілдіру үшін тауарлық газ бағасына талдау жүргізу

талдау туралы есеп

ҰЭМ, ЭМ, QazaqGaz (келісу бойынша),
ҚТГА (келісу бойынша)

2024 жыл

8

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар туралы мәртебелерді беру бойынша интеграциялық өзара іс-қимылды іске асыру

сәтті тестілеу туралы акт

QazaqGaz (келісу бойынша),
ҚТГА (келісу бойынша), Еңбекмині, ЦДИАӨМ

2023 жылғы
4-тоқсан

IІІ кезең. Ақпараттық блок

9

Халықтың хабардар болу деңгейін көтеру үшін газды ұтымды тұтыну бойынша тұтынушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу

брифингтер, халықпен кездесулер, БАҚ арқылы хабарлау, әлеуметтік желілер, тақырыпты түсіндіру бойынша өңірлерге шығу

ЭМ, ҰЭМ, МАМ, Астана, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдіктері, QazaqGaz (келісу бойынша),
ҚТГА (келісу бойынша)

2023–2025 жылдар тоқсанына бір рет

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АГҚ – "Азиялық газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      БШГҚ – "Бейнеу – Шымкент" газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      ГТҰ – газ тарату ұйымы;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ИОА – "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамы;

      ҚДБ – "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамы;

      ҚМ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      ҚМГ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      Қор – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы;

      ҚТГА – "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамы;

      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      НҚА – нормативтік-құқықтық актілер;

      НТҚ – нормативтік-техникалық құжат;

      ОЭК АТО – Қазақстан Республикасы Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық талдамалық орталығы;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      Самұрық-Энерго – "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;

      QazaqGaz – "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады