"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына, "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры оған "Astana Hub" IT-стартаптардың халықаралық технопаркі" корпоративтік қорын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |