"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 1044 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында:

      4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қорғаныстық тапсырысты алушылар (бұдан әрі – алушылар) тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттаманы) (бұдан әрі – техникалық тапсырма) ұлттық стандарттарға сәйкес қалыптастырады.

      Техникалық тапсырманы қалыптастыру кезінде сатып алынатын қорғаныстық тапсырыс өнімін жиынтықтау бойынша қосымша талаптарды қосуға жол беріледі.

      Алушылар ұлттық стандарттар болмаған кезде қару-жарақты, әскери техниканы біріздендіру, стандарттау, жедел үйлестіру және олардың жаңа (тәжірибелік) үлгісін сатып алу мақсатында талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын көрсетіп, сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы тауарға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмысқа және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өніміне) техникалық тапсырманы дербес қалыптастырады.

      Ұлттық стандарттар болмаған кезде тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, патентті, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, тауарды шығарған елдің атауын және өндірушінің атауын көрсетуге жол беріледі.

      Алушы заттай мүлік бойынша техникалық тапсырманы жасау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған заттай мүлікті қоспағанда, кемінде 30 % шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талапты көздейді.

      5. Алушылар қаржы жылының алдындағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей, қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделгенде (бұдан әрі – қаражат уәкілетті органда болғанда) уәкілетті органға сатып алуға жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (көлемі) және жеткізу орны туралы мәліметтер көрсетілген тиісті жоспарлы кезеңге арналған қажетті қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген техникалық тапсырманы қағаз және электрондық түрде қоса беріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді. Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңге дейін екі жыл қаржы жылының алдындағы кезең болып табылады.

      6. Уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімде техникалық тапсырманы қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарды (өнімді) отандық өндірушілердің және әскери мақсаттағы жұмыс пен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметті отандық берушілердің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген отандық тауар өндірушілерге, отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.

      Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңнің алдындағы жыл ағымдағы қаржы жылы болып табылады.

      7. Алушылар ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты алушылардың бюджетінде көзделгенде (бұдан әрі – қаражат алушыларда болғанда) техникалық тапсырманы қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға өзі жібереді.";

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер және уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде уәкілетті органға немесе қаражат алушыда болғанда алушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес жоспарлы калькуляцияны ұсынады.

      10. Уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде алушыға қаражат уәкілетті органда болғанда жоспарлы калькуляциясы ұсынылмаған іс-шаралар тізбесін, сондай-ақ тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер және уәкілетті ұйым ұсынған қорғаныстық тапсырыс өніміне ең төмен баға ұсыныстарын жібереді.

      Жоспарлы калькуляция ұсынылмаған іс-шаралар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес сатып алынады.

      11. Алушы ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейінгі мерзімде қаражат уәкілетті органда болғанда ұсынылған бағаға сәйкес уәкілетті органның атына бұрын тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыста бекітілген сома шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімге енгізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақтыланған өтінімді ұсынады.";

      13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру мақсатында техникалық тапсырманы қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.

      14. Алушылар ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру мақсатында қаражат алушыларда болғанда техникалық тапсырманы қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.

      15. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер және уәкілетті ұйым алушыларға ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейінгі мерзімде орындаушыны таңдау мақсатында уәкілетті органның немесе қаражат алушыларда болғанда Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляцияны ұсынады.

      Тізілімге енгізілген, заттай және арнаулы мүлік, жеке қорғану құралдарын өндірісінде маманданған отандық тауар өндірушілер, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің отандық берушілері алушыларға ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейінгі мерзімде пайдаланылатын шикізат сапасын растайтын құжаттарды қоса берген өнімнің техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін мәлімделетін өнімнің үлгілерін ұсынады.

      Мәлімделетін өнім үлгілері осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.

      Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілердің, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілердің жоспарлы калькуляцияны ұсынуы олардың келіскенін және техникалық тапсырмада көзделген шарттарды сақтап, қорғаныстық тапсырыс өнімін жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігін растау болып табылады.

      Жоспарлы калькуляцияны ұсыну кезінде баламалы техникалық тапсырманы беруге тыйым салынады.

      16. Қаражат уәкілетті органда болғанда орындаушыны таңдау мақсатында уәкілетті орган комиссиясы (комиссиялары) (бұдан әрі – орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия) құрылады.

      Орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссияға қызмет бағыты бойынша арнайы танымы бар алушының өкілдері (мамандары) енгізіледі.

      Заттай және арнайы мүлік, жеке қорғану құралдары үлгілерін бекіту және олардың техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында алушының өкілдері қатарынан комиссия құрылады.

      Заттай және арнайы мүлік, жеке қорғану құралдары үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия (комиссиялар) құрамын және жұмыс тәртібін алушы айқындайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия (комиссиялар) құрамын және жұмыс тәртібін уәкілетті орган айқындайды, ал оның қызметі бейне және аудиотіркеуді қолданып, жабық режимде жүзеге асырылады.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Заттай және арнайы мүлік, жеке қорғану құралдары үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейінгі мерзімде заттай және арнайы мүлік, жеке қорғану құралдары үлгілерін бекітеді және олардың техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Алушы комиссия заттай және арнайы мүлік үлгілерінің, жеке қорғану құралдарының техникалық тапсырма талаптарына сәйкес келмеуін анықтаған кезде ұйымды анықталған сәйкес келмеуді жою қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      Ұйым хабардар етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алушыны үлгілерді қоса беріп, анықталған кемшіліктерді жою туралы жазбаша хабардар етеді. Комиссия қарау үшін белгіленген мерзімде пысықталған үлгілерді ұсынбаған кезде ұйымның ұсынылған жоспарлы калькуляциясы ашылмайды.

      Алушы ағымдағы қаржы жылының 20 тамызына дейінгі мерзімде қаражат уәкілетті органда болғанда уәкілетті органға үлгілерді бекіту туралы актіні жібереді.

      21. Уәкілетті орган және алушы ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесінен бастап 25 қыркүйегі аралығында қаражат алушыда болғанда орындаушыларды таңдау бойынша рәсім жүргізеді.";

      23, 24, 25, 26, 27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Орындаушыны таңдау кезінде орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия ең төмен бағаны ұсынған ұйымға қатысты шешім қабылдайды.

      24. Егер орындаушыны таңдау кезінде бөлінген лимиттен аспайтын бір жоспарлы калькуляция ұсынылса, орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия осы ұйымды қорғаныстық тапсырысты орындаушы ретінде таңдауға қатысты шешім қабылдайды.

      25. Егер екі және одан да көп ұйымның қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляциясы бірдей болған жағдайда осы қорғаныстық тапсырыс өнімі бойынша орындаушы қайта таңдалады.

      Бұл ретте мәлімделген құнның төмендеуін ескеріп, жоспарлы калькуляция уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Осы іс-шара қорғаныстық тапсырыстың орындаушысы айқындалғанға дейін мәлімделген құнын төмендету арқылы жүргізіледі.

      26. Жоспарлы калькуляция конвертте беріледі, ол орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен ашылады.

      Ұсынылған жоспарлы калькуляция осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.

      27. Қорғаныстық тапсырысты орындаушы болып танылған кәсіпорын шарт жасаудан және/немесе ұсынылған техникалық тапсырманы орындаудан бас тартқан кезде орындаушыларды таңдауға қатысқан және ең төмен баға ұсынған келесі ұйым орындаушы болып саналады.

      28. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер арасында орындаушыны таңдау жасалмағанда қорғаныстық тапсырыстың осы өнімі бойынша орындаушы қайта таңдалады.

      Бұл ретте жоспарлы калькуляция уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Егер орындаушыны қайта таңдау кезінде тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер арасында орындаушы анықталмаған жағдайда іс-шара уәкілетті ұйымның орындауына беріледі.

      29. Орындаушыны таңдау нәтижесі туралы орындаушылар таңдаған ұйымдар қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде электрондық түрде хабардар етіледі.

      Хабарламада таратылуы шектелген мәліметтер болған кезде хабарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтап, қағаз түрінде жіберіледі.";

      32, 33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Айрықша жағдайда кенеттен қатер төнген, төтенше жағдай болған, төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Республикалық жедел штабтың міндеттерін шешу, мемлекетте қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етумен байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жауынгерлік әзірлікте ұстаған кезде міндеттерді шешу мақсатында уәкілетті орган қаражат уәкілетті органда болғанда және алушылар қаражат алушыларда болғанда қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін қажеттілігіне қарай жүргізеді.

      Орындаушыны таңдау рәсімін жүргізу туралы шешімді комиссия қабылдайды.

      Бұл ретте жоспарлы калькуляция уәкілетті органның немесе алушының тиісті сұрау салуын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      33. Алушы қаражат алушыда болғанда ағымдағы қаржы жылының 1 қазанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      34. Қорғаныстық тапсырыс жобасы алушылардың өтінімі бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Заңға, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, орталық атқарушы органдардың даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес қалыптастырылады.

      Алушылардың өтінімін бірінші басшы немесе өтінімге қол қоюға уәкілетті адам бекітеді және уәкілетті органға жіберіледі.

      Алушы уақтылы және/немесе сапала ұсынылмаған өтінім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

      35. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілген қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысының жобасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.

      Қорғаныстық тапсырысты нақтылау республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген жағдайда жүргізіледі.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты уақтылы және/немесе сапалы қалыптастырмағаны үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Алушылар тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне және/немесе республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

      "40-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыс өніміне бюджеттік өтінімді енгізеді.";

      41-тармақ алып тасталсын;

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Арнаулы мемлекеттік органдар тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру мақсатында ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарынан кешіктірмей техникалық тапсырманы отандық тауар өндірушілерге, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және/немесе уәкілетті ұйымға Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляцияны ұсыну үшін жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Арнаулы мемлекеттік органдар ұлттық стандарттарға сәйкес техникалық тапсырманы қалыптастырады.

      Техникалық тапсырманы қалыптастыру кезінде сатып алынатын қорғаныстық тапсырыстың өнімін жиынтықтау бойынша қосымша талаптарды енгізуге жол беріледі.

      Алушылар ұлттық стандарттар болмаған кезде қару-жарақты, әскери техниканы біріздендіру, стандарттау, жедел үйлестіру және олардың жаңа (тәжірибелік) үлгілерін сатып алу мақсатында талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын көрсетіп, сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы қорғаныстық тапсырыс өніміне техникалық тапсырманы өзі қалыптастырады.

      Ұлттық стандарттар болмаған кезде тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, патентті, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауарды шығарған елдің атауын және өндірушінің атауын көрсетуге жол беріледі.

      Арнаулы мемлекеттік органдар заттай мүлік бойынша техникалық тапсырманы жасау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған заттай мүлікті қоспағанда, кемінде 30 % шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талапты көздейді.";

      45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер және/немесе уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде Баға белгілеу қағидаларына сәйкес арнаулы мемлекеттік органға жоспарлы калькуляцияны ұсынады.

      46. Арнаулы мемлекеттік органдар орындаушыларды таңдау мақсатында ағымдағы қаржы жылының 1 маусымынан кешіктірмей отандық тауар өндірушілерге және/немесе жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және/немесе уәкілетті ұйымға қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алуға ниеті туралы сұрау салу жібереді.

      Республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде өтінім республикалық бюджет комиссиясы отырысының хаттамасы бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      47-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде үлгілерді ұсыну қажеттілігі туралы талап.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Отандық тауар өндірушілердің, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілердің арнаулы мемлекеттік органдарға сұрау салуына жауап беруі ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі не бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсетілген мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтама көшірмесін;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия және/немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталынан лицензия көшірмесін;

      3) мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, мәліметтері мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді қоспағанда, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестікті міндетті растау рәсіміне жататын өнім өндірушілер үшін – өнімнің техникалық регламентте, стандарт ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификатын немесе сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік туралы декларациясын;

      4) ғылыми зерттеуді жүзеге асыру бөлігінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, білікті мамандардың, сондай-ақ меншік құқығындағы технологиялық жабдықтың болуы туралы куәландыратын құжатты;

      5) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарнасы және әлеуметтік аударым бойынша берешектің болмауы туралы куәландыратын құжатты;

      6) қаржылық аудитті.

      Қаржылық аудитке Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген өткен жылғы аудиторлық жылдық есеп жатады;

      7) Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляцияны;

      8) техникалық тапсырманы қоса беріп жүзеге асырылады.

      Заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде үлгілер ұсынылады.

      Мәлімделетін өнім үлгілері осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.

      Республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде арнаулы мемлекеттік органдарға отандық тауар өндірушілерден, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық жеткізушілерден сұрау салуға жауап сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      Арнаулы мемлекеттік органдарға тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерден, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерден сұрау салуға жауап ұсыну ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде мынадай құжаттарды:

      1) Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляцияны;

      2) техникалық тапсырманы қоса беріп жүзеге асырылады.

      49. Қажет болған кезде отандық тауар өндіруші, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық беруші тактикалық-техникалық (техникалық) сипаттамасы сұрау салуда көрсетілгеннен де жақсы өнімді ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1. Орындаушыны таңдау мақсатында орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия (комиссиялар) (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған кезде орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.

      Комиссия (комиссиялар) құрамы арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының бұйрығымен немесе бұйрықты шығаруға уәкілетті адам айқындайды.

      Комиссияға қызмет бағыты бойынша арнайы танымы бар алушының мамандары енгізіледі.";

      50-тармақ алып тасталсын;

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Орындаушыларды таңдау ең төмен баға және арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қорғаныстық тапсырыс өнімін ұсынған отандық тауар өндірушілер, әскери мақсаттағы жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер қатарынан жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6, 51-7 және 51-8-тармақтармен толықтырылсын:

      "51-1. Осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген құжаттар комиссия мүшелерінің қатысуымен ашылатын конвертте ұсынылады.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.

      51-2. Егер орындаушыны таңдау кезінде комиссия бөлінген лимиттен аспайтын бір жоспарлы калькуляция ұсынылса, орындаушының осы ұйымды таңдауына қатысты шешім қабылдайды.

      51-3. Егер екі және одан да көп ұйымның қорғаныстық тапсырыс өніміне жоспарлы калькуляция бірдей болған жағдайда осы қорғаныстық тапсырыс өнімі бойынша орындаушы қайта таңдалады.

      Бұл ретте мәлімделген құнның төмендеуін ескеріп, жоспарлы калькуляция арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті сұрау салуын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Осы іс-шара қорғаныстық тапсырыстың орындаушысы анықталғанға дейін мәлімделген құнын төмендету арқылы жүргізіледі.

      51-4. Орындаушыны таңдау өтпей қалса, орындаушы қайта таңдалады.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілері арнаулы мемлекеттік органның тиісті сұрау салуын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      51-5. Қайта таңдау өтпей қалса, өнімді сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      51-6. Орындаушыны, ұйымды таңдау нәтижесі туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтап, орындаушыларды таңдау хаттамасына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қағаз түрінде хабарланады.

      Орындаушыны таңдау хаттамасы осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      51-7. Орындаушы таныған ұйым шарт жасасудан бас тартқан кезде қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      51-8. Айрықша жағдайда арнаулы мемлекеттік органдар кенеттен қатер төнген, төтенше жағдай болған, төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Республикалық жедел штабтың міндеттерін шешу, мемлекетте қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді шешу мақсатында қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін қажеттілігіне қарай жүргізеді.

      Орындаушыны таңдау рәсімін жүргізу туралы шешімді комиссия қабылдайды.

      Бұл ретте тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоспарлы калькуляция ғана ұсынылады.";

      53, 54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер қорғаныстық тапсырысты орындау мүмкін болмаған жағдайда олардың арнаулы мемлекеттік органдарға сұрау салуға жауап беруі ағымдағы қаржы жылының 20 маусымына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде жауап сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

      54. Уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 10 шілдесіне дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырыстың тиісті өнімін жеткізу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы жауапты, сондай-ақ оның болжамды бағасын ұсынады.

      Республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде жауап сұрау салу алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

      55. Егер уәкілетті ұйым көрсетілген мерзімде арнаулы мемлекеттік органдарға жауап бермеген не жауап сұрау салу талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйымды қорғаныстық тапсырысты орындаушы ретінде таңдау мүмкін емес деп танылады.

      Мұндай жағдайда қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:

      "55-1. Арнаулы мемлекеттік органдар ағымдағы қаржы жылының 25 қыркүйегіне дейін отандық тауар өндірушілер, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер және/немесе уәкілетті ұйым арасында қорғаныстық тапсырыс орындаушысын (бұдан әрі – орындаушы) таңдау жөніндегі рәсімді жүргізеді.

      Бұл ретте ағымдағы қаржы жылы жоспарлы кезеңнің алдындағы жыл болып табылады.

      Республикалық бюджетті нақтылау және/немесе түзету кезінде қорғаныстық тапсырыс орындаушысын таңдау хаттамасы арнаулы мемлекеттік органдардың отандық тауар өндірушілерден, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық жеткізушілерден және/немесе уәкілетті ұйымнан сұрау салуға жауап алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ресімделеді.";

      56 және 57-тармақтар алып тасталсын;

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Арнаулы мемлекеттік органдар ағымдағы қаржы жылының 1 қазаннан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      Арнаулы мемлекеттік органдар уәкілетті органға республикалық бюджет нақтыланған және/немесе түзетілген кезде тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне және/немесе республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.

      Арнаулы мемлекеттік органдар уақтылы және/немесе сапалы ұсынылмаған өтінім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Өтінімді отандық тауар өндірушілер мен жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілер уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылы ішінде қызметтің тиісті бағыттары бойынша жыл сайын береді.";

      67-тармақ алып тасталсын;

      68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Өтінімге мынадай құжаттар:

      1) заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі көшірмесі не бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсетілген мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтама көшірмесі;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия және/немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталынан лицензия көшірмесі;

      3) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестікті міндетті растау рәсіміне жататын өнім өндірушілер үшін өнімнің техникалық регламентте, стандарт ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификатын немесе сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік туралы декларациясы;

      4) ғылыми зерттеуді жүзеге асыру бөлігінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, білікті мамандардың, сондай-ақ меншік құқығындағы технологиялық жабдықтың болуы туралы куәландыратын құжат;

      5) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы туралы куәландыратын құжат;

      6) қаржылық аудит.

      Қаржылық аудитке Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген өткен жылғы аудиторлық жылдық есеп жатады;

      7) қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуге, өндіруге және жаңғыртуға арналған техникалық құжаттама қоса беріледі.

      69. Отандық тауар өндірушіде, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық жеткізушіде өндірістік қуаттың болуы индустриялық сертификатпен және/немесе аккредиттелген ұйымның қорытындысымен расталады.

      Ұйымдарда әскери өкілдік болған жағдайда өндірістік қуаттың болуы әскери өкілдіктің қорытындысымен расталады.";

      72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамына уәкілетті органның лауазымды адамдары мен алушылар енгізіледі.

      73. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия ұйымдарды тізілімге енгізу, ұйымдарды тізілімнен шығару немесе тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша отырысты тоқсанына екі реттен жиі емес өткізеді.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Ұйымдар:

      1) қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті меншік құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, меншік немесе жалдау құқығындағы технологиялық жабдықтың, білікті мамандардың болуы туралы ұйым ұсынған деректердің дұрыс еместігі анықталған, сондай-ақ осы деректер асыра көрсетілген;

      2) тізілімнен алып тастау туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған;

      3) орындаушы өзі орындаушы болып анықталған іс-шара бойынша шарт жасасудан бас тартқан;

      4) шарт міндеттемелерінде айқындалған форс-мажорлық себептерді қоспағанда, қорғаныстық тапсырыс орындалмаған (қорғаныстық тапсырысты орындау шарты бұзылған);

      5) орындаушының кінәсі анықталған кезде наразылықта көрсетілген ақауды жоюдан бас тартқан;

      6) егер бұл қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта көзделмесе, қорғаныстық тапсырысты орындауды өзге ұйымға толық беру анықталған;

      7) құпия іс жүргізу режимі бұзылған жағдайда тізілімнен алынуға тиіс.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мән-жай, егер сот шешімінде өзгеше көрсетілмесе, ұйымды сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл мерзімге тізілімнен алуға әкеледі.

      Осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтар ұйымды Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия шешкен күннен бастап бір жыл мерзімге тізілімнен алуға әкеледі.

      Қорғаныс тапсырысы өнімінің жалғыз өндірушісі болып табылатын ұйымдарды тізілімнен алу туралы шешімді тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссия анықталған бұзушылықтардың (екі және одан да көп) жүйелі, еңсерілмейтін күш мән-жайының болуын және қорғаныс тапсырысын алушылардың оларды тізілімнен шығарудың орындылығы туралы қорытындысын ескеріп қабылдайды.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Уәкілетті орган тізілім бекітілген, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ұйымдарға қатысты бөлікте олардың мекенжайына, сондай-ақ мүдделі алушыларға тізілімге енгізу не енгізуден бас тарту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама жібереді. Бұл ретте отандық тауар өндіруші, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық беруші хабарламаны алған күн электрондық пошта арқылы жіберілген күннен кейінгі күн саналады.";

      84 және 85-тармақтар алып тасталсын;

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Тізілімді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Уәкілетті орган немесе алушы қорғаныстық тапсырысты орындаушыға қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті актісі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жібереді.

      Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа қорғаныстық тапсырысты орындаушы ол түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қол қояды.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Алушымен немесе уәкілетті органмен қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасасқаннан кейін уәкілетті ұйым шетелдік өндірушілер арасында қорғаныстық тапсырысты орналастыру жөніндегі рәсімді бастайды.";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Уәкілетті ұйым мен баға ұсынысына сұрау салу арқылы айқындалған орындаушылар арасында келісімшарт жасасу жөніндегі рәсім уәкілетті органмен немесе қорғаныстық тапсырысты алушымен шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 147-1-тармақпен толықтырылсын:

      "147-1. Егер қорғаныстық тапсырысты орындау нәтижесі бойынша қорғаныстық тапсырыс өнімінің нақты құны қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта белгіленгеннен төмен болса, уәкілетті ұйым немесе алушы мен уәкілетті орган қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа бағаны төмендету бөлігінде өзгерістер енгізеді.

      Уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа қорғаныстық тапсырыс өнімінің бағасын төмендету бөлігінде өзгерістер енгізу және баға айырмасын қайтару мүмкін болмаса, үнемделген қаражатты республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей қайтарады.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Алушы қорғаныстық тапсырыс өнімінің жұмысқа қабілетсіздігінің және/немесе жарамсыздығының себептерін анықтау мақсатында алушының, орындаушының өкілдері мен әскери өкілдер (бар болса) қатысатын бірлескен комиссия (бұдан әрі – рекламация жөніндегі комиссия) құрады.";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Қорғаныстық тапсырыс өнімін қарап-тексеру нәтижесі бойынша өнімнің орындаушының кінәсінен істен шыққандығы және/немесе жарамсыз екендігі анықталған жағдайда, сондай-ақ рекламацияны алушының аумағында қанағаттандыру мүмкін болған жағдайда немесе ақауды жою (өнімді жөндеу) үшін қорғаныстық тапсырыс өнімін алушы аумағының шегінен тыс жерге әкету қажет болғанда не ақаулы тапсырыстың орнына қорғаныстық тапсырыстың жаңа өнімін тиеп жөнелту қажет болған жағдайда орындаушы рекламация жөніндегі комиссияның қорытындысына қол қойылған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде ақауды зауыттық жағдайда жояды (өнімді жөндейді) немесе қорғаныстық тапсырыстың жаңа өнімін тиеп жөнелтеді.";

      осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-1 және 1-2-қосымшалармен толықтырылсын;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 27 қарашадағы
№ 1044 қаулысына
1-қосымша
  Мемлекеттік қорғаныстық
тапсырысты қалыптастыру,
орналастыру және орындау
қағидаларына
1-1-қосымша

______________________________________________________
(орган және бөлімше атауы)
Заттай және арнайы мүлік, жеке қорғану құралдары үлгілерін қабылдау журналы

Р/с №

Ұйым атауы

Үлгіні тапсыру күні мен уақыты

Үлгілер атауы

Дана саны

Өнім беруші/өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы

Қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және қолы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

































































































      ________________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 27 қарашадағы
№ 1044 қаулысына
3-қосымша
  Мемлекеттік қорғаныстық
тапсырысты қалыптастыру,
орналастыру және орындау
қағидаларына
1-2-қосымша

_____________________________________________________________________________
(органның және бөлімшенің атауы)
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауға жоспарлы калькуляцияны және/немесе құжаттарды қабылдау журналы

Р/с

Ұйымның толық атауы

Іс-шара атауы

Құжаттаманы тапсырған ұйым өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Күні мен уақыты

Құжаттаманы тапсырған ұйымнан өкілдің қолы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7





















































































      ________________________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 27 қарашадағы
№ 1044 қаулысына
3-қосымша
  Мемлекеттік қорғаныстық
тапсырысты қалыптастыру,
орналастыру және орындау
қағидаларына
2-1-қосымша

Орындаушыны таңдау хаттамасы

      ______________________ қ. 202__ жылғы "___" ________

      Мына құрамдағы комиссия: ______ жылғы ___ №___ бұйрықпен тағайындалған

      ___________________________ __________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы көрсетіледі)

      _____________________________ орындаушыны таңдады.

      Күн тәртібі:

      1) ___________________ мұқтажы үшін ___________________ жеткізу бойынша әлеуетті орындаушылардың (бұдан әрі – әлеуетті орындаушы) өтінімдерін қарау;

      2) _________________ жеткізу бойынша болжамды орындаушыны айқындау.

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес __________________ жеткізу жөніндегі мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өтінімін қалыптастыру үшін мынадай әлеуетті орындаушыларға:

Р/с

Әлеуетті орындаушының атауы

Әлеуетті орындаушының мекенжайы







      202__ жылғы "___" _______№_________ хат (сұрау салу) жіберілді.

      2. ________________ жеткізу бойынша құжаттар мен үлгілерді (заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде) белгіленген мерзімде мынадай әлеуетті орындаушылар ұсынады:

Р/с

Әлеуетті орындаушының атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(жеке сәйкестендіру нөмірі)

Деректемелер

Құжат нөмірі

Үлгілерді алу күні мен уақыты



















      _______________________ сұрау салуға жауап белгіленген мерзімде ұсынылған жоқ.

      (әлеуетті орындаушы (орындаушылар) атауы)

      3. Әлеуетті орындаушылар тауардың мынадай құжаттары мен үлгілерін (заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде) ұсынды:


Р/с №

Әлеуетті орындаушының атауы

Қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы

Ұсынылған құжаттар тізбесі

заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі не бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы анықтама көшірмесі

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті түрде лицензиялауға жататын қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия және/немесе www.​eli​cens​e.​kz "Е-лицензиялау" веб-порталынан лицензия көшірмесі

мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, мәліметтері мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді қоспағанда, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестікті міндетті растау рәсіміне жататын өнім өндірушілер үшін – өнімнің техникалық регламентте, стандарт ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаты немесе сериялық шығарылатын өнімге сәйкестік туралы декларация

ғылыми зерттеуді жүзеге асыру бөлігінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, қорғаныстық тапсырыс өнімін өндіру үшін қажетті меншік немесе жалдау құқығындағы өндірістік үй-жайлардың, білікті мамандардың, сондай-ақ меншік құқығындағы технологиялық жабдықтың болуы туралы куәландыратын құжат

салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы туралы куәландыратын құжат

қаржылық аудит

Баға белгілеу қағидаларына сәйкес жоспарлы калькуляция

техникалық тапсырма

үлгілер (заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын)





































      4. ____________________________________________ өтінімдері қабылданбады.

      (әлеуетті орындаушы (орындаушылар) атауы)

      5. Сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қорғаныстық тапсырыс өнімін ұсынған ______________________________________________ өтінім қарауға жіберілді.

      (әлеуетті орындаушы (орындаушылар) атауы)

      6. Қарауға жіберілген әлеуетті орындаушылар бағасы:

Р/с №

Мүлік атауы

Болжамды баға
(теңге)

Әлеуетті орындаушылар ұсынған баға (теңге)

___________________

___________________

________________













      Мынадай шешім қабылданды:

      1. Қағидалардың _____-тармағына сәйкес сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қорғаныстық тапсырыс өнімін ұсынған ______________________________ жеткізу бойынша болжамды орындаушы болып айқындалсын.

      2. ____________________________________ мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға, орналастыруға және орындауға өтінім дайындасын.

      Осы шешімге дауыс берді:

      Жақтап –_ _ _ _ _ _ _ _ _ дауыс;

      Қарсы – _ _ _ _ _ _ _ дауыс.

      Қосымша:

      Осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес үлгілерді қабылдауды есепке алу журналы (заттай және арнайы мүлікті, жеке қорғану құралдарын сатып алу кезінде) _______, ____ парақта.

      Комиссия құрамы:

      ______________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      ______________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады