"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 1089 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      74) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 87-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "87-1) сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 102-1), 102-2), 102-3), 102-4) және 102-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "102-1) мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште қамтылған мәліметтердің негізінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды шығарады және осындай қорытындыны белгіленіп отырған қызметтің бастамашысына жіберіп, оның көшірмелерін ресми интернет-ресурста орналастырады;

      102-2) ықтимал әсер туралы есептің көшірмесіне жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      102-3) белгіленіп отырған қызметті іске асыруға жол берілетіні немесе жол берілмейтіні туралы тұжырыммен қоса қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды береді;

      102-4) тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      102-5) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытынды не қоршаған ортаға әсерге міндетті бағалау жүргізудің қажеті жоқ екені туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне жүргізілген скринингтің нәтижелері туралы қорытынды;";

      114) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 375-1), 375-2) және 375-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "375-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      375-2) Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі объектілері жоқ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      375-3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерін әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 411-1), 411-2), 411-3) және 411-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "411-1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін кешенді экологиялық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін келіседі;

      411-2) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік орган бекітетін Семей ядролық қауіпсіздік аймағында атмосфералық ауаның, жерасты және жерүсті суларының, топырақ пен өсімдіктердің радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу, сондай-ақ радионуклидтердің таралу параметрлерін айқындау қағидаларын келіседі;

      411-3) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен аудандарын белгілеуді және оларды өзгертуді негіздейтін кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді;

      411-4) Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, оның жер учаскелерінің шекаралары мен аудандарын белгілеу немесе өзгерту, сондай-ақ босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру туралы жобаларды келіседі;".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады