"Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 1092 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 762 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;

      2) конкурс – заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру мақсатында мерзiмдi баспа басылымдарын айқындау тәсiлi;

      3) конкурстық комиссия – конкурсқа ұсынылған құжаттарды олардың конкурстың шарттарына сәйкестiгiн белгілеу және тиiстi шешiм қабылдау мақсатында қарау үшiн конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

      4) конкурсқа қатысушы – конкурсқа қатысуға өтiнiм берген мерзiмдi баспа басылымы;

      5) Конституциялық Соттың қорытынды шешімдері – Конституциялық Соттың нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданатын шешімдері;

      6) конкурсты ұйымдастырушы – бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;

      7) мерзiмдi баспа басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және үш айда бір реттен сиретпей шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын орналастырылады.

      Хабарландыруда мынадай мәлiметтер қамтылады:

      конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;

      конкурс өткiзу уақыты, күні және орны;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) қабылдау, конкурс туралы қосымша ақпарат беру мерзімдері мен орны, сондай-ақ өтiнiмдерi бар конверттерді ашу орны, күнi және уақыты;

      тираж бен мерзімділік бойынша конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар;

      өтiнiмдi жасау тiлiне қойылатын талаптар.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Конкурстық комиссия өтiнiмдер салынған конверттердi конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген күнi, уақытта және орында конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.

      Конверттердi ашқан кезде конкурстық комиссия мүшелерi алынған құжаттардың әрбір парағын дәйектеуді жүзеге асырады.

      Конкурстық комиссия хабарландыруда көрсетілген конкурс талаптарына сәйкес келетін мерзімді баспа басылымдарын айқындау мақсатында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімді сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.

      Өтінім осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда конкурстық комиссия өтінімді сәйкес келтіру мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға немесе олардың өкілдеріне конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтару туралы жазбаша дәлелді жауапты оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың өтінімдерде көрсетілген электрондық мекенжайларына жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Конкурстық комиссия мүшелерінің өтінімдерді бағалауы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

      Әрбір өлшемшарт бойынша 1 (бір) баллдан 5 (бес) баллға дейін қойылады.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің өтінімдерді бағалау нәтижелері бойынша ең жоғары баллдары бар мерзімді баспа басылымдарын конкурстық комиссия заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымдары ретінде айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Конкурс қорытындыларының хаттамасы негізінде мерзімді баспа басылымына заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығы бір жыл мерзімге беріледі.

      Мерзімді баспа басылымына бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын беру туралы хабарлама-хат жіберіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Конкурстық комиссия мүшелерінің құрамын және санын конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы ақпаратты ескере отырып бекітеді.

      Конкурстық комиссияның мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі (мүдделер қақтығысы) болса, өтінімдерді қарауға қатыспайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.

      Конкурстық комиссияның мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы белгілі болған кезден бастап конкурсты ұйымдастырушыны жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды (үштен жетіге дейін) құрайды.

      Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшадағы жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімді баспа басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу қағидаларына 1-қосымша";

      көрсетілген Қағидалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1092 қаулысына
  қосымша
  Мерзімді баспа
басылымдарының заңнамалық актiлердi және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға арналған конкурс өткiзу қағидаларына
  2-қосымша

Заңнамалық актілерді және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға мерзімді баспа басылымдарын айқындауға арналған баллдық бағалау

Р/с №

Өлшемшарт

Бағалау

1.

Мерзімді баспа басылымының таралымы

1000-нан 3000 данаға дейін – 1

3001-ден 10000 данаға дейін – 2

10001-ден 20000 данаға дейін – 3

20001-ден 30000 данаға дейін – 4

30001 дана және одан жоғары – 5

2.

Мерзімді баспа басылымының шығу мерзімділігі

аптасына 1 рет – 1

аптасына 2 рет – 2

аптасына 3 рет – 3

аптасына 4 рет – 4

аптасына 5 және одан да көп – 5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады