Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.
1. "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алушы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған және уәкілетті органға өтініш берген Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;
3) өмір бойғы ай сайынғы қамтылым – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына төленетін ай сайынғы төлем;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Конституциялық Сот судьясының жеке зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |